Пән атауы: Психология Күні


Ғылыми зерттеу әдісі дегеніміз не?



бет9/15
Дата07.02.2022
өлшемі50,2 Kb.
#94394
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
ппп

4.Ғылыми зерттеу әдісі дегеніміз не?
Әдіснама дегеніміз әдістер туралы ілім, оларды зертттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет. Таным процесіндегі әдіске антикалық философияда-ақ үлкен мән берген, онда алғаш рет зерттеу нәтижесі мен ғылыми таным әдісі арасындағы өзара қатынас айқындалған болатын. Қазіргі уақытта таным әдістері, олардың қалыптасуы мен даму процесі зерттеу объектісін тану мен өлшеудің анық ғылыми нәтиже бере алатын нақты әдістерін талап ететін деңгейге жақындап келеді. Сондықтан ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерінің дамуы мен жетілдіру процесі тұтас педагогикалық ғылымның дамуының ең басты құрамды бөлігі болып табылады.
Ғылыми зерттеудегі әр түрлі әдістердің өзара байланысы мәселесі көкейкесті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе аспектілерінің бірі ғылыми танымдағы философиялық әдістердің орны туралы мәселе болып отыр. Зерттеушінің теориялы? ойлауының негізінде материалистік диалектика әдісі жатыр, ол ізденушіні ғылыми фактілерді жинастыру мен түсіндірудегі субъективті көзқарастан, олардың біржа?тылығынан босатып, зерттеушіні зерттеу мәселесіне тарихи анализ жасауға , оның дамуының тенденциясы мен заңдылықтарын табуға, таным мен болмысты қарама-қайшылықтарды шешудің тәслдерін ашуға шақырады. Бұл объективті заңдылықтармен анықталатын білім мен ақиқаттың әр түрлі формаларының өзара байланысын анықтауға, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының ілгері дамуына икемделген ойлаудың басқа да диалектикалық әдістерін тереңірек түсінуге көмектеседі.
Тарихи материализм әдісі барлық қоғамдық ғылымдар үшін жарамды және ол әлеуметтік, педагогикалық және басқа да заңдылықтар мен олардың дамуының ерекшеліктерін танудың негізі болып табылады. Ғылыми танымның осы әдістері шешуші мәнге ие, зерттеудің бағыты мен оның тағдырын анықтайды, ал оның таным объектісін зерттеудегі принциптік ыңғайы зерттеу нәтижелері мен олардың әдістемелік құндылықтары бағасының дүниетанымдық көрсеткіштері болып табылады.
Таным процесінде белгілі бір, нақты ғылымдарды (физика, математика, химия, тіл білімі) зерттеудің жекелеген, арнайы әдістері бар. Нақты ғылымдардың әдістерімен қатар жалпы ғылыми сипаттағы әдістер де кездеседі, олар барлық дерлік ғылымдарда қолданылады: байқап-бақылау, теңеу, талдау және жинақтау, дәріптеушілік, өлшеу, эксперимент, абстрактіден нақтыға қарай өрлеу, индукция мен дедукция; бұлардың әрқайсысы жеке ғылымдарда нақтылана түседі. Сонымен қатар, ғылыми әдістер ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық әдістері болып екіге бөлінеді.
Сонымен, зерттеу әдісі дегеніміз күрделі танымдық әдістемелер, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады.
Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық ғылым мен тұтас педагогикалық білімнің дамуы педагогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланысты. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпаратарды алудың жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол – жаңа білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу объектісі, заттары мен құбылыстарының мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекетінің бір түрі.

5.Зерттеудің эксперименталды-эмпирикалық әдістер тобының мазмұнын ашыңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет