Сабақтың әдісі : Түсіндіру, әңгімелесу, талдау-жинақтау, сұрақ-жауап, сөйлем құрастыру



Дата25.12.2016
өлшемі236,66 Kb.
#4893
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Р р дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Р р дыбысымен таныстыру, р дыбысының орнын анықтау, сауатты оқуға және жазуға дағдыландыру, сөздерге дыбыстық және буындық талдау жасай білуге және ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Дамытушылық: Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, ой-өрісін, қиялын ұшқырлау, сөздік қорын молайту, өз ойын жеткізе алуына дағдыландыру.

Тәрбиелік: Әдемі, таза жазуға баулу, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелесу, талдау-жинақтау, сұрақ-жауап, сөйлем құрастыру.

Көрнекілігі: Кеспе әріптер қалтасы, Р р дыбысы мен әрпінің баспа және жазба түрі, текшелер мен буындар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

  • Оқушыларды түгендеу, құрал – жабдықтарын жинақтау.

  • Амандасу.

Психологиялық дайындық:

Орнымыздан тұрайық,

Амандасып алайық.

Ұқыпты тыңдап сабақты,

Жақсы баға алайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен әріптерді қайталау арқылы сол өткен әріптерден сөз ойлап айтып, сол сөзге сөйлем құрау. Мысалы: Алма, тарақ, нан, ғарышкер. Енді осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.



ІІІ. Жаңа сабақ.

Кіріспе әңгіме арқылы басталады. Балалар күнде бізге қай ата жедел хат тастап кетуші еді?



  • Балалар Дыбыс ата.

  • Иә, дұрыс айтасыңдар. Дыбыс атаның мына үйшікте кімі бар еді балалар?

  • Екі немересі – біреуі қызыл, біреуі көк. Қызыл немересі кім? Көк немересі кім?

  • Балалар: қызыл немересі дауысты дыбыстар, ал көк немересі дауыссыз дыбыстар.

Иә, балалар, бүгін  атамызға қонаққа қай қай немересі келетіні белгісіз. Бізге атасына арнап жедел хат тастап кетіпті. Кәне, бәріміз бірге жедел хатты ашайық. Балалар, мына жедел хатта  сендерге арналып жасырылған жұмбақ бар екен. Кәне бәріміз бірге шешіп көрейік.

Атам сүйіп тыңдайды,

Әкем сүйіп тыңдайды

Отбасы болып жиналып,

Ән мен жырды тыңдайды    (Радио)

Дұрыс айтасыңдар бұл жұмбақтың шешуі радио екен. Енді осы радио сөзі қандай әріптен басталып тұр, құлақтарыңа қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?



«Р»-ға тілің келе ме?

Қырларды құр- деші.

Жайылып жүр - деші,

Біреуді қарауыл,

Қарайлап тұр-деші.

Ал енді өзің-ақ

Р-р-р-р, -деші. (Б.Тәжімбетов)

Р р дыбысы. Бүгін біз сендермен осы Р р дыбысы және әрпімен танысамыз. Яғни бұл дыбыс атамызға қай немересі қонаққа келіпті. Көк түсті дауыссыз немересі. Иә, балалар, р дыбысы дауыссыз дыбыс екен.



ІV. Дәптер және тақтамен жұмыс.

  • Енді балалар мен тақтаға жаңбыр, қар, таразы, сиыр, радио, трактор суретін ілдім. Осы суреттерге қарап сөйлем құрайық. Дыбыстық және буындық талдау жасайық.

  • Р дыбысын тақтаға жаздырып көрсету. Оқушылар жазу дәптеріндегі үлгіге қарап, әріпті жазып жаттығады.

  • Ауада жазу, дәптерге бастыра жазу, жаттығу және дыбыстық талдау жасау.

V. Сергіту сәті

Солға, солға түзу тұр,

Оңға, оңға түзу тұр.

Артқа қарай бір адым,

Алға қарай бір адым.

Жоғары – төмен қарайық,

Орнымызды табайық

VІ. Сабақты бекіту.

1. Суреттерді қолданып, сөйлем құрастыру.

2. «Сөз ойла, тез ойла» ойыны

Р-радио, раушан, райхан. Ғ – ғалым, ғарыш, ғылым. П – пияз, парта, парақ. Т – таға, тал, тарақ. Н – нан, нар, науа. А – ата, аққу, апа

VІІ. Сабақты қорытындылау.

Радио, ракета, ара сөздерінен сөйлем құра.



VІІІ. Бағалау.

Оқушыларды мадақтау, бағалау.



Сабақтың тақырыбы: «Қ» дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға дыбыстық, буындық талдау жасату. «Қ» дыбысының дауыссыз екенін аңғарту. «Қ» әрпінің баспа, жазба әріптерімен таныстыру.

Түзете – дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ой - өрісін, сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелік: Сауаттылыққа, байқампаздыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың түр: жаңа сабақ.

Көрнекіліктер: плакат, сюжеттік суреттер, кеспелер, Ққ дыбысының баспа және жазба түрі.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

  • Оқушыларды түгендеу, құрал – жабдықтарын жинақтау.

  • Амандасу.

Психологиялық дайындық:

Орнымыздан тұрайық,

Амандасып алайық.

Ұқыпты тыңдап сабақты,

Жақсы баға алайық.

  • Ал, енді балалар мына сұрақтарға жауап беріңдер:

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз мезгілінде ауа райы қандай болады?

  • Күздің қай айы?

  • Аптаның қай күні?

  • Күздің қандай ерекшелігін білесіңдер?


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Кк әрпінің жазылуын тексеру.

  • Суреттік кеспелермен жұмыс.

  • Балалар «К» дыбысы қандай дыбыс?

  • К – дауыссыз дыбыс.

  • «К» дыбысынан басталатын тұрмыстық заттарды атаңдаршы.

  • Кітап, кілт, кебеже, кілем, күрек .....

  • «К» дыбысынан басталатын жылдың қай мезгілі?

  • Күз.

  • Жарайсыңдар балалар.


ІІІ. Жаңа сабақ.

«Құлағы ұзын, көзі қыли, өзі қорқақ» - бұл қандай аң? (қоян)



  • Дұрыс, балалар. Мына қоян, аш екен. Сәбізіне барар жолда адасып қалыпты. Енді, бізден көмек сұрай келіпті. Біз көмектесіп жіберейік. Әр жолында бізге сендерге арналған тапсырмасы бар екен, бірігіп орындайық.

Жұмбақты шеш:

Қарда бар,

Нарда жоқ.

Қалада бар,

Далада жоқ. (Қ)


  • Жарайсыңдар, балалар. (Қ – дыбысын тақтаға іліп, бүгінгі жаңа сабақты түсіндіру)

  • Қ – дауыссыз дыбыс.

ІV. Сергіту сәті

Жаңбыр жауар себелеп,

Гүлге қонар көбелек.

Аспан шайдай ашылды,

Жаңбыр жауып басылды.
V. Оқулықпен жұмыс.

«Қолшатыр» ойыны.

Қар – лы – ғаш, Қар – ға, Қа – лам (буынға бөліп оқыту)
VІ. Дәптермен жұмыс.

Ққ – дыбысын дәптерге жазғызу.
VІІ. Сабақты бекіту.

Сюжеттік суреттер «Қыс», «Қала», «Қасқыр» (суреттерге қарап сөйлем құрайды)



  • Бүгін біз қандай дыбыс өттік?

  • Дауыссыз

  • Қандай әрпті?

  • Ққ.


VІІІ. Сабақты қорытындылау.

  • Жарайсыңдар, балалар. Қоян еш кедергісіз сәбізіне жетіп, сендерге алғысын айтып жатыр.

  • Үйге тапсырма.


ІХ. Бағалау. Қоянның берген сәбіздерімен баға қою, мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: «Р» дыбысын дұрыс айту
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Дыбыстар мен әріптерді ажырату, құрамында «Р» дыбысы бар буындарды, сөздерді атау, оқу

Түзете – дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ой - өрісін, сөйлеу тілін дамыту

Тәрбиелік: Сауаттылыққа, байқампаздыққа, зейінділікке тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру

Сабақтың түр: жаңа сабақ

Көрнекіліктер: жеке айналар, дұрыс тыныс алуға және қол моторикасын дамытуға арналған ойыншықтар, суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

1. Дұрыс тыныс алуға арналған жаттығулар

«Көбелек» ойыны

«Диірмен» ойыны


2. Артикуляциялық массаж

«Кесе»


«Күрекше»

«Амандасу»

«Жылан»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.

«Р» дыбысын буында дұрыс айту.

А) «-рыс», «-рыз» буындарын қосып, сөз құрау

Ба-рыс Па-рыз

Ты-рыс Қа-рыз

Ы-рыс Жа-рыс


Ә) «Р» дыбысының орнын тап

Жаңбыр, қар, таразы, сиыр, радио, тарктор


Б) «Р» дыбысын сөзде дұрыс айту

«Сөз құрайық» ойыны

Сұ

Құ ра - қ



Шы

Па
ІV. Сергіту сәті



Тербеледі ағаштар,

Алдынан жел еседі.

Кіп – кішкентай ағаштар,

Үп – үлкен боп өседі.
V. Дәптермен және оқулықпен жұмыс.

1. Суреттерді қолданып, сөйлемді толтыр.

Өрістен (сиыр) қайытты.

Жер жыртуға (трактор) шықты.

Байқоңырдан (ракета) ұшты.
2. Сөз ойла, тез ойла

«Р» дыбысы келетін жеміс – жидектер .............................................

«Р» дыбысы келетін көкөністер .............................................

«Р» дыбысы келетін киім-кешектер .............................................


VІ. Сабақты бекіту.

Радио, ракета, ара сөздерінен сөйлем құра.
VІІ. Сабақты қорытындылау.

  • Үйге тапсырма.


ІХ. Бағалау.

Оқушыларды мадақтау, бағалау.



Сабақтың тақырыбы: О о дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:

О әріпі мен балаларды таныстыру; О дыбысын дұрыс дыбыстатып, оның таңбасын – ірпін таныту.



Дамытушылығы:

О дыбысы бар сөз, сөйлем ойлату. Балалардың ойлау қабілетін дамыту.



Тәрбиелілігі:

Еңбекке, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.



Әдісі: Сұрақ-жауп, жұмбақ, қайталау.

Көрнекілігі: О әрпі, мазмұнды сурет, қима әріптер.

Сабақ барысы
Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері.

- Балалар, бүгін біз «әріптер бағына» саяхатқа шығамыз. Әріптер бағына «қандай көлікпен барсақ екен?»

- Ал, балалар, ол баққа меен «Білім» көлігімен барғым келіп отыр. Ал сендер осы көлікке отыруға дайынсыңдар ма?

Өткен дыбыстарды еске түсірейік.

Ойын «Қай әріпті жоғалттым?».

...й, ... ... й ... ..., ... й ... ... .

- Бүгінгі сабақ бойынша барлық тапсырманы орындап, «Әріптер бағына» келдік Енді жұмбақтың шешуін табайық.

Оюда бармын,

Допта бармын,

Күнде жоқпын.

Мен сонда қандай дыбыспые? (О)

Пәнаралық байланыс. «О» дыбысы бар сан ойла.

Тоғыз, тоқсан, он екі.
Сәйкестендір.

Он ай


Тоқсан саусақ

Он екі сөз



  • Балалар, алдымен аю шықты. Ол біздің қайда баратынымызды сұрады. Аюдың тапсырмасын орындайық.

«О» дыбысын үш рет хормен қайталап айтқызу.

- Одан әрі жүріп келе жатқанда, алдымыздан қоян кездесті. Қоянның тапсырмалары.

Оқулықтағы үзік сызықтарды қосуымыз керек.

Сергіту сәті.

Ормандағы аю, қонжық,

Ұялардан бал іздейді

Мойындарын солға бұрды.

Ағаштарды шайқап көрді

Қуанғаннан билей берді.



Қорытындылау. Біз бүгін қандай дыбысты өттік?

Үй тапсырмасын беру. О дыбысын дәптерге жазып келу.

Бағалау. Оқушыларды мадақтап, баға қою.
Сабақтың тақырыбы: С – т дыбысын дұрыс айту.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Баланың ойлау, есте сақтау, есту қабілеттерін дамыту, көріп – есту арқылы берілген сөздерді ажырата білу және тани білу.

Түзете – дамытушылық: Дауыс екпінін, ырғағын сақтап айта білу, сөздерді бір тыныста бөлмей, сөзбай бірқалыпты айту, сандарды ажырату.

Тәрбиелік: Баланың сөздік қорын молайту.
Сабақтың түрі: Жеке сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: дыбысты айту, суреттеу, санау.
Сабақтың көрнекіліктері: кеспе сөздер (положи, убери), суреттер, сандар, ойыншықтар (самолет, қуыршақ), тыныс алу жаттығуы (көбелек)
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Қабылдағышты ки - Мен қабылдағышты кидім

- Аппаратты қос - Мен аппаратты қостым

- Сен естисің бе? - Мен естимін

- Амандас - Сәлеметсіз бе

- Сен кімсің? - Гульзат, Ангелина, Алиби


ІІ. Дауыспен жұмыс

  1. Артикуляциялық жаттығулар (күрекше, сағат, доп, тәтті тосап, ат шауып келеді)

2. Дауыстың биіктігі

ПА ПА ПА

ПА па ПА

ПО ПО ПО

ПУ ПУ ПУ

3. Дауыстың күші

а

о

у



е

э
4. Тыныс алу жаттығуы: көбеклекті немесе қарды үрлеу.


ІІІ. Үй тапсырмасына шолу

Өткен әріптерді қайталау.

Фонетикалық ырғақ:

Мама там, папа тут.

Мама и папа тут и там
IV. Жаңа сабақ


  1. С – Т әріптерін айтқызу

  2. С – Т әріптерінің буындарын оқыту

Са – са – са та – та – та

Су – су – су ту – ту – ту

Со – со – со то – то – то

3. Ерін арқылы оқу: Я ем суп. Я не люблю суп. Фу ...


V. Есту қабілетін дамыту

1. 1 – ден 6 – ға дейін санау: 1, 2, 3, 4, 5, 6

2. Дыбысты санап, есту арқылы анықтау:

Па – 1


Па па – 2

Па па па – 3

Па па па па – 4

Па па па па па – 5

Па па па па па па - 6

3. Сандарды ажырату: 2, 1, 5, 4, 3, 6


Тапсырманы орындау «Положи, Убери»

  • Кукла

  • Где кукла?

  • «Убери» куклу

  • «Положи» куклу

  • Самолет

  • Где самолет?

  • «Убери» самолет

  • «Положи» самолет


VІ. Сабақты бағалау және қорыту.

  • Сен сабақта не істедің?

  • Мен оқыдым, сөйледім, тыңдадым, санадым.

  • Сау бол.

  • Сау болыңыз.


Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Жалқау мысық» ертегісі.
Бағдарлама мазмұны, мақсаты:

  • Білімділік: балаларды жалқау мысық ертегісімен айта отырып, балалардың тілін дамыту.

  • Дамытушылық: тілдерін дамыта отырып не түсінгендіктерін сұрау.

  • Тәрбиелік: жақсы мен жаманды ажырата білуге тәрбилеу.


Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, сергіту сәті т.б.
Билингвалды сыңары: мысық – кошка, тышқан – мышь
Көрнекіліктер: ертегі байланысты суреттер, мысықтың, тышқанның, сауысқанның суреттері.





Парктикантканың іс - әрекеті

Балардың іс - әрекеттері

Ұйымдастыру кезеңі

Рефлекстік коррекция

Қорытынды




Қайырлы таң балалар,

Қайырлы таң достарым.

Біз әдепті баламыз,

Біз тәртіпті боламыз


  • Артикуляциялық жаттығулар жасау (күрекше, ине, сағат т.б)

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?

  • Қыстың қай айы?

  • Аптаның қай күні?

  • Қыстың қандай ерекшелігін білесіңдер?

Балаларға сұрақ қою арқылы мысық қандай жануар екенін сұрау;



  • Сендердің үйлеріңде мысық бар ма?

  • Жарайсыңдар балалар, олай болса, біз бүгін «Жалқау мысық» ертегісімен танысамыз. Балаларға жалқау мысық ертегісін айтып береміз.



  • Сергіту сәті

Мысығым менің тыңдайды,

Айтқанымнан шықпайды.

Мен кеткенде сағынып,

Есікті тырмалайды.




  • Саусақ жаттығулары

«саусақтар сәлемдеселі» - бас бармақпен және саусақтарын кезектесіп тигізу (оң қол, сол қол екеуін бірге)

Тіл ұстарту тапсырмалары:

Ас – ас – ас аман болсын,

Су – су – су арықтан ақсын.



  • «Жалқау мысық» ол қандай мысық?

Балаларға сұрақ қою арқылы олардың ойлау және сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, сабақты қорытындылау.

  • Жарайсыңдар.


Барлығы бірге

Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді

Балалар өздерінің үй жануарлары туралы айтады.

Бәрі бірге тұрып, қимыл – іс – әрекетпен жасайды

Бірге саусақ жаттығуларын жасайды

Мысықтың қандай екенін суреттеп айтады.





Жалқау мысық.
Бір үйдің мысығы бейқам өмір сүріпті. Қарны тоқ болғандықтан, қимылдауға ерініпті. Жалқауланғаны сонша, тіпті тұмсығының астынан жорғалап өтіп бара жатқан тышқанды ұстауға да құлқы болмайды.

Ақыры тышқан оны:



  • Біздің маубас, - деп мазақтайтын болыпты.

Бір күні қожасы екі – үш қап бидайды үйіне кіргізіп, өзі сыртқа шығып кетеді. Сол кезде қап толы астыққа тышқандар тұс – тұстан лап қояды. Көзді ашып - жұмғанша қаптың тас – талқанын шығарады. Жылы жерде пырылдап ұйықтап жатқан мысық тынымсыз сытырлаған мазасыз тықырдан оянып кетеді. Сонда қаптың жібін бытырлата қырқып, дәнді күтірлете күйсеп жүрген тышқандарды көреді. Оларға ажырая қарап қойып:

  • Ә, тамақ жеп жүрсіңдер ме? – деп қозғалмайды. Орнынан тұрып, тышқандарды қуып жіберуге ерінеді.

  • Әй, қойшы, жей берсін! – деп жата береді.

Бір кезде үйге кіріп келген қожасы тесілген қапты, шашылып жатқан дәнді көреді де, манаурап жатқан мысыққа жетіп барады.

  • Мен үйде сен бар ғой деп сеніп жүрсем, тіпті үйге кірген ұры тышқандарды да ұстай алмайды екенсің ғой. Сені несіне бағамын. Одан да тоғайға апарып құтылайын, - деп сақылдаған сары аязда тоғайға апарып тастайды.

Осы кезде ақ қарға оранған тоғай ішінде бүрісіп тұрған мысықты көрген сауысқан:

  • Жылы үйде жатып, дайын асқа семірдің. Тышқан аулауға да еріндің. Енді қайтер екенсің? Қане, мынау қар басқан тоғайдан тамақ тауып жей қойшы, - деп сықылықтап күліпті.


Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Төрт түлік мал.
Бағдарлама мазмұны, мақсаты:

  • Білімділік: балаларға төрт түлік мал жайында айта отырып,

балалардың тілін дамыту.

  • Дамытушылық: тілдерін дамыта отырып не түсінгендіктерін сұрау.

  • Тәрбиелік: төл түрлерін және қалай шақыру керектігін білуге

тәрбилеу.
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, сергіту сәті т.б.
Билингвалды сыңары: жылқы – лошадь, қой – баран, сиыр - корова
Көрнекіліктер: тақырыпқа байланысты суреттер, өлең шумақтар,

төрт түлікті шақыруға арналған тақпақтар





Парктикантканың іс - әрекеті

Балардың іс - әрекеттері

Ұйымдастыру кезеңі

Рефлекстік коррекция

Қорытынды




Қайырлы таң балалар,

Қайырлы таң достарым.

Біз әдепті баламыз,

Біз тәртіпті боламыз


  • Артикуляциялық жаттығулар жасау (күрекше, күркетауық, бақа, балдай тәтті тосап, ине)

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктем мезгілінде ауа райы қандай болады?

  • Көктемнің қай айы?

  • Аптаның қай күні?

  • Көктемнің қандай ерекшелігін білесіңдер?


Төрт түлік мал: кисең – киім, ішсең – сусын, жесең – тамақ, мінсең – көлік.

Ал, қанекей балалар төрт түлік жануарларын атап беріңдерші (суретті көрсету арқылы ). Қазір енді балалар «төрт түлік мал» ойынын ойнаймыз.

Ал, балалар үй жануарларын қалай шақырамыз:


  • Жылқыны – «құрау - құрау»

  • Түйені – «көс - көс»

  • Сиырды – «аухау - аухау»

  • Ешкіні – «шөре - шөре»

Жарайсыңдар балалар.

  • Сергіту сәті

Ботақаным – бөбегім,

Қара көзің мөлдіреп,

Қызықтырмай қоймайды,

Жібек жүнің үлбіреп,

Қарасам, көзім тоймайды.


  • Саусақ жаттығулары

«саусақтар сәлемдеседі» - бас бармақпен және саусақтарын кезектесіп тигізу (оң қол, сол қол екеуін бірге)

Тіл ұстарту тапсырмалары:

Шөре – шөре –ре – Шөре

Көс – өс – Көс

Пұшайт – пұшай – т-т


  • «Төрт түлік» мал жайлы не білдік?

Балаларға сұрақ қою арқылы олардың ойлау және сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, сабақты қорытындылау.

  • Жарайсыңдар балалар.

Сабаққа белсенді қатысқан балаларды бағалау


Барлығы бірге


Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді


Балалар өздерінің үй жануарлары туралы айтады.

Бәрі бірге тұрып, қимыл – іс – әрекетпен жасайды

Бірге саусақ жаттығуларын жасайды

Сұраққа жауап айтады.




Құлыншағым - құндызым,

Құлдырайды, шабады.

Жалтылдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

Ж. Сымақов


Айналайын қозым,

Малдан жуас бозым,

Ұзап шықта үйден,

Оттығуды үйрен.

Көтерілсең бетке,

Тойынасың көкке.
Әукім – әукім, әукешім,

Қасиыншы әукесін.

Енең әне келеді,

Ақ мамасын береді


Ботақаным – бөбегім,

Қара көзің мөлдіреп,

Қызықтырмай қоймайды,

Жібек жүнің үлбіреп,

Қарасам, көзім тоймайды

Халық өлеңі

Шөре – шөре лағым,

Тентек болма шырағым,

Секеңдеме деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

Халық өлеңі




Т – дауыссыз дыбыс
Дауыстың қатысына қарай – қатаң

Жасалу орнына қарай – тіл алды

Айтылу жолына қарай – шұғыл
Оқы, айт:

Т – т


Та то ту ти

Та да та да – та да та на, та на тана

Ата ото уту
Оқы, көрсет:

Ата


Терезе

Тиін


Алмұрт

Ит

Түлкі




С – дауыссыз дыбыс
Дауыстың қатысына қарай – қатаң

Жасалу орнына қарай – тіс дауыссыз

Айтылу жолына қарай – ызың
Оқы, айт:

С – с


са со су си

а – с, о – с, у – с

аса осо усу
Оқы, көрсет:

Сауысқан


Мысық

Сағат


Қасық

Сөмке


Самолет



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет