ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ ҚЕАҚ
«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР»КАФЕДРАСЫ
«ТАРИХТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ»пәні бойынша
БӨЖ-2
Тақырыбы «Оқушыларда тарихи білім мен дағдылардың қалыптасуы»
Өткізу нысаны:Баяндама
Орындады: Рахматулла Б
Топ:И(о)-18к
Тексерді: Кусаинов О.Ж
Петропавл қ.
2021ж.
Жоспар
1)Тарихи білім құрылымы.
2)Тарихи түсінік түрлері және оның қалыптасу әдістемесі.
3)Тарихи елес. Оның қалыптасу жолдары.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Тарихи білім құрылымы
Тарихты мектепте оқыту – күрелі, сан қырлы, қарама-қайшылыққа толы педагогикалық құбылыс. Оның заңдылықтары оқушыға білім беру, оны дамыту мен тәрбиелеу арасындағы объективті байланыс негізінде анықталады. Ал үдерісінің (процесінің) негізі – оқушыларды оқыту. Әдістеме оқушылардың білім алу қызметін оқытудың мақсат-міндеттеріне орай, оқу материалын меңгеруге басшылық жасаудың әдістерін, тарихты оқыту барысының негізгі бөліктері арасындағы объективті, тұрақты қайталанатын байланыстарын оқып, зерттейді және оқытудың мақсаты мен мазмұнын айқындап көрсетіп береді. Мақсат пен мазмұнға сәйкес оқыту мен білім берудің ыңғайлы түрі таңдалып алынады. Тарихты оқыту үдерісін ұйымдастырудың тиімділігі орта мектп оқушыларының тарихи білімді меңгеруде жақсы нәтижеге қол жеткізуінің тұрақтылығымен анықталады.
Оқытудың мақсатын дәл айқындау оның тиімділігін арттырудың бір жағы. Мақсаттарды анықтау оқытудың жалпы міндеттерін ғана емес, сондай-ақ, оқушылардың дамуын, білімін, іскерлігін, оқу барысын қажетті материалдармен қамтамасыз етуді де қарастыруы керек. Мұғалім сабаққа қойған мақсатқа әрқашан қол жеткізе алатындай деңгейде болуы тиіс. Мазмұн – тарихты оқытудың міндетті бөлшегі. Тарих ғылымының және оның методологиясының, педагогиканың және психологияның, әдістеменің дамуы оқытудың мазмұны мен көлеміне үлкен ықпал жасайды. Сондай-ақ, заман өзгерісі, жаңа уақыттың жаңаша өмір талабы мектептегі тарих пәнінің мазмұнына өзгерістер енгізеді.
Тарихты оқытуды ұйымдастырудың педагогикалық тиімділігі оның оқытудың мазмұны мен мақсатына, оқушылардың жас ерекшелігі және даярлық деңгейіне сәйкестігі арқылы анықталады. Тарихты оқыту әдістемесі оқытудың әртүрлі бөліктері арасындағы объективті түрде қалыптасқан өзара тәуелділікті зерттей отырып, оқыту барысында білім беру, тәрбиелеу, дамытуды біртұтас жүйе, сондай-ақ, оқушының санасына, сезіміне және тәртібіне ықпал етуді тұтас дүние түрінде қарастырады. Гуманистік, ұлттық патриоттық, сонымен қатар, неғұрлым объективті дүниетаным қалыптастыру мақсаты – ой-сезім, ерік күшінің бірлігін туындатуы қажет.
Әдістеме ғылым ретінде:
Не үшін оқыту, яғни, оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып және мектеп курсының нақты мүмкіндіктеріне сәйкес қандай мақсаттарды қою мүмкін және қажет?
Нені оқыту, яғни оқытудың мақсатын неғұрлым табысты жүзеге асыру үшін оқытудың ыңғайлы мазмұны мен оның құрылымын қалай таңдау керек?
Қалай оқыту керек, яғни, оқу әрекетін қандай тәсілдермен неғұрлым тиімді жүзеге асыру, оқушыларға білім беруде, тәрбиелеуде және дамытуда жоғары нәтижеге қалай қол жеткізуге болады? - деген сауалдарға жауап береді.
Әдістеме оқытудың саналуан әдістері мен тәсілдерін ұсынады, сипаты мен мазмұны жағынан әртүрлі материалда мен олардың оқу әрекетін ұйымдастыру арасындағы байланыстардың мағынасчын ашады. Бұл байланыстарды білу мұғалім қызметіне жәрдем жасайды.
Жаңа дәуірде тарихты оқытудың әдістемесі пәнінің басты методологиялық негізі – гуманистік көзқарас болып табылады. Тарихты оқыту барысын зерттеген кезде әдістеме оқушылардың жас және танымдық ерекшеліктерін ескереді, педагогиканың жалпы теориясын басшылыққа алады. Тарих ғылымы оқу пәнінің негізі болғанымен, алайда, оның кішірейтілген үлгісі болып табылмайды. Мектеп пәні ретіндегі тарихтың құрамына тарихнама пәні енгізілмейді және жекелеген даулы мәселелер қосылмайды.
Оқыту әдістемесінің өзінің ерекшелігі – ол арнайы тарих ғылымы тәріздес тарихтың заңдылықтарын зерттемейді. Оның
өзінің арнайы, күрделі міндеттері бар: мектепке қойылатын талапқа сәйкес тарих ғылымының негізгі деректерін таңдау, тарихты оқытуды жас жеткіншектер тарих мазмұнын неғұрлым толық, әрі саналы меңгеріп, осылар арқылы азамат ретіндегі көзқарасы мен ұстанымы гуманистік бағытта қалыптасқан тұлға ретінде сомдалуы жүзеге асатындай етіп құру.
Тарихи үдерісті мектепте оқытудың түрі, тәсілі, құралдары ғылыми зерттеу тәсілдерінен өзгеше, алайда, жоғарғы сыныпта пайдаланылатын саналуан «зерттеу» тәсілдері жасөспірімдердің ғылыми зерттеу жұмысының алғашқы үлгілерімен танысуға мүмкіндік жасайды. Егер тарих ғылымы тарих сабағының пәні ретіндегі мазмұнын анықтаса, педагогика ғылымы берілген тарихи білімдердің абстракциялану көлемі мен деңгейін айқындап берді. Сондықтан, тарихты оқытуда табысқа жету үшін сабақ беру іс-тәжірибесінде, нені және қалай оқыту керек деген проблеманы шешуде, әдістемелік зерттеулерде педагогиканың жетістіктерін ескеріп отыру керек.
Тарихты оқыту әдістемесі психологиямен де тығыз байланысты. Психология курсынан бізге оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастырған кезде мұғалім нақты фактілерді талдай отырып, жалпылау және түсінік қалыптастыруға өтетіні белгілі. Бұл индуктивті әдіс деп аталады. Сонымен қоса, қазіргі заманғы психология балалардың тарихи материалмен мектептен тыс жерлерде де танысатынын ескертеді. Сондықтан, танымды ұйымдастыру дедукциялық әдіс, яғни, оқушыларды алдымен теориялық ережелермен таныстырып, соңынан барып фактілермен таныстыру арқылы да жүзеге асырылады. Сондай-ақ, оқушылардың танымында сезімдік және рационалдық қызметтерін ұйымдастыру қажет екендігін ескертеді, оқытудың көрнекілігін және оқушылардың белсенді ойлау қызметін талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |