Пән аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру



Дата30.01.2022
өлшемі24,43 Kb.
#116304
Байланысты:
Токенова А.С

Токенова Анар Сагидоллаевна

«№7 жалпы орта білім беретін мектеп – лицейі» КММ

Музыка пәні мұғалімі

Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы.
Пән аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.

Қазір жаңа технологияларды меңгеру үшін ең басты қажетті құрал – білім.

Қазіргі таңда білім беру саласында функционалдық сауттылық барлық деңгейлерде талқыланатын негізгі тақырыптардың біріне айналуда.Неліктен ол соншалықты маңызды бола бастады?

Функционалдық сауаттылық дегеніміз не?– мектепте алған білімдерін, іскерлік дағдыларын, адами іс әрекеттердің әр түрлі салаларында сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынастарды өмірлік міндеттерін шешу үшін пайдалану болып табылады.

Функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті – мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және  баланың өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, өзге келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету,   яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.

ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда .Соған орай ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.

Музыка мұғалімінің алдында тұрған негізгі міндет - функционалдық сауаттылықты дамытуға жағдай жасау, коммуникативтік және ақпараттық құзыреттілікті меңгеруге көмектесетін білім беру ортасын құру. Функционалдық сауаттылық бастауыш сыныптан басталады.

Музыка сабағы оқушылардың барлық ішкі психологиялық қасиеттерін толық ашуға көмектеседі (ойлау, қиял, есте сақтау, ерік және т.б.), психиканың эмоционалды-сенсорлық саласын тәрбиелейді (сезімталдық, эмоционалды тәжірибелердің тереңдігін тану қабілеті). және, ең бастысы, бұл тұрақты мүмкіндік. Музыка оқушыға әлем туралы білуге ​​көмектеседі, көркемдік талғамды, шығармашылық қиялды, өмірге, адамдарға, табиғатқа және туған жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді.

Музыка пәнінде жаңа әдістерді пайдала¬ну арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерт¬теулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық тех¬нологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.

Оқушылардың қызығушылығы белсенділігі артқасын сабақта білім сапасының артатыны сөзсіз.Сондықтан да оқушы белсенділігін арттырып, білім са¬пасын көтеретін, ойлауға үйрететін ол жаңа инновациялық әдіс- тәсілдері болып табылады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі тапсырмаларды орындауға көшіп отырады. Бұл оқушылар арсында бәсекелестікті және әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жа¬салады.. Өтілетін тақырыптарға байланысты қызықты сергіту ойындарын ойнатудың да сабақ сапасын арттыруға ықпалы көп.

Мектептегі оқушыларға берілетін тәрбие саласының бірі – музыкалық тәрбие. Музыкалық тәрбиенің негізгі мәні, мақсаты сапалық жағынан жеке адамның жан дүниесінің үйлесіп қалыптасуын және рухани байлығын дамыту болып табылады. Музыкалық тәрбие беру де мұғалімнің алдына негізгі үш міндет қойылады.

– музыкалық әртүрлі іс-әрекеттер арқылы оқушының сезімін ояту;

– музыканы сезім арқылы саналы түсінуге баулу;

– музыкалық шығарманы өз шамасына қарай орындай білуге үйретуде орындаушылық дағдыны меңгерту.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын музыка өнері арқылы көзқарасын кеңейту, музыкалық құбылыстарға қызығушылық қалыптастыру, музыкалық шығармалар арқылы сезімін, көзқарасын білдіру дағдыларында қалыптасады.

Функционалдық сауаттылық кең ұғымдағы салаларды қамтиды,музыкалық сауаттылық,математикалық сауаттылық,цифрлық сауаттылық,оқу сауаттылығы, экологиялық сауаттылық,құқықттық сауаттылық, және басқада функционалдық сауаттылық түрлері музыкалық функционладық сауаттылығын дамытудың құралдары болып табылады.

Мектепте музыкалық сауаттылығын қалыптастыру бастауыш мектептен басталады. Музыкалық қабылдау – музыка сабағында қолданылатын іс-әрекеттердің кез-келген түрінің іргетасы, бастапқы нүктесі ретінде қалыптастырылады.Музыкалық іс әрекетердің негізгі түрлеріне ;музыка тыңдау,талдау және орындау,музыкалық шығармашалық жұмыстарды жасау, музыкалық шығармашалық жұмыстарды көрсету бағалау жатады.



Осы іс әрекеттер арқылы музыкалық сауаттылық дамиды.

Қашықтықтан оқыту кезінде,компьютерлік сауыттылық өз пайдасын тигізді.Оқушыларға мыналар қажет болды:Интернеттен ақпарат табуға;электрондық поштаны және WhatsApp, Telegram,т.б қосымшаларын қолдана білді;онлайн тестілеуге қатысу;



Білім беру жүйесінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны дамытудың тиімді құрылымы – білім порталдары болып табылды.Соның ішінде Онлайн мектеп платформасы, платформада функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар бар. Оқушылардың өзін – өзі тексеру мүмкіндігі. Олар өздері шешкен жаттығуларының қатесін тез тауып алып, оны түзете алады.Мектеп оқушыларының аса қиын тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді. Бұл дайын үй жұмыстары жинағында көптеген жаттығулар шешімі көрсетілген және оқушылар осы жаттығулар сүйене отырып, өз білімін жеттілдіре алады.

Әртүрлі тапсырма бергенде оқушыларда жалпы сауаттылығы дамиды:

эссе жазу (шағын эссе) - тыңдаған музыкалық шығармадан алған әсерімен бөліседі;

композитордың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы эссе дайындау;

тақырып бойынша сұрақтарға жауап беруде, сөз тіркесін құруда,

музыкалық тақырып бойынша кез келген сауалнаманы, тапсырмалары бар формаларды толтыру.



Әр тоқсанның соңында 5-6 сыныптар өткен материалдар бойынша шығармашылық музыкалық жобалар дайындайды. Жоба бойынша жұмыс бірнеше кезеңнен тұрады: тақырыпты таңдау, материалды таңдау, презентация, іс -әрекеттің нәтижесін бағалау. Ғылыми жоба музыка мен музыканттар туралы, олардың өмірі мен шығармашылығы туралы көбірек білуге ​​көмектеседі.Олар өз жобаларын презентация, бейнежазба және т.б. түрінде дайындайды.Бұл шығармашылық және музыкалық қабілеттерін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді, сонымен қатар оқушыны өнер әлеміне жақындатады.

Қорыта  келгенде, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Педагогтің  сабақ өту шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастыруы, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе.Білім беру жүйесі жыл сайын әр түрлі өзгерістерге ұшырап отыр. Бұл өзгерістердің басты мақсаты - өсіп келе жатқан ұрпақты жан-жақты дамыған, құзыретті азаматтар етіп тәрбиелеу. Осы мақсатқа жетуге функционалдық сауаттылық көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет