|
Пән: Қазақ әдебиеті
|
Мектеп:
|
|
|
|
|
|
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
|
|
|
|
|
|
Сынып: 9
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны:
|
|
|
Бөлім тақырыбы
|
Тарихи шындық пен көркемдік шешім
Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбет cұлтанға айтқаны»
|
|
|
Сабақтың түрі
|
Пысықтау сабағы
|
|
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану
|
|
|
Сабақтың мақсаттары
|
Оқушылардың барлығы
шығарма үзінділерімен жұмыс жасайды
Оқушылардың көпшілігі
шығарма үзінділерін шығармашылық жұмысқа қолданады
Оқушылардың кейбірі
шығармашылық жұмыс жазады
|
|
|
Бағалау критерийлері
| |
|
|
Тілдік мақсаттар
|
Екі тарлан бөрі едім, қызыл сырлы жебе едім, ақ сұңқар құстың сойы едім, жер қайысқан қол едік.
|
|
|
Пәнаралық байланыс
|
Өзін-өзі тану, қазақстан тарихы
|
|
|
Мектеп құндылығы
|
Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет: әлеуметтік бейімдеушілікті және салауатты өмір салтын ұстануды білдіреді. Өз мәдениеті мен тіліне құрмет сияқты, басқа да мәдениеттер мен тілдерге, құқықтарға, адамгершілік пен пікірлердің әртүрлілігіне құрметті қамтиды.
|
|
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау
|
|
|
Жоспар
|
|
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
|
|
2 минут
Ұйымдастыру
10 минут
20 минут
5 минут
|
Оқушылармен амандасу;
Сабаққа дайындықтарын тексеру;
Оқу мақсаты мен бағалау критерийін таныстыру
«Біз құрастырған әңгіме»
Оқушыларға кез келген заттың суретін салу тапсырылады. Бірінші оқушы өз суретін қатыстырып «Мен, мен едім» тақырыбындағы әңгімені бастайды, осылайша әр оқушы өз суретін қатыстырып, басталған әңгіме желісін үзбей жалғастыра береді. Барлық оқушы айтып болғанда тұтас бір сюжетті әңгіме құрастырылуы керек.
Сынып 4 топқа бөлінеді.
Топтар «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңінің мазмұнын бүгінгі күнмен байланыстыра отырып, «Дананың кілттері» әдісі бойынша шығармашылық жұмыстар орындайды.
1-топ. «Егер де кілті»
«Егер де...» деп басталатын оқиғалар тізімін жасайды.
Мысалы: Егер де Махамбет пен Исатай Еділ-Жайық үшін шайқаспағанда, бүгінгі бейбіт өмірге қол жеткізуіміз қиын болар еді.
2-топ. «Жаңа дизайн кілті»
BAR аббервиатурасы бойынша жұмыс жасайды.
B – артық
A – қосу
R – алып тастау.
Берілген үзіндіге жаңа дизайн береді, яғни өлең мазмұнын бүгінгі күнге келтіріп өзгертеді. (Артық сөз немесе жолдарды алып тастайды, өздерінікін қосады, кейбірін мүлдем алып тастайды).
3-топ. «Тағы қалай?» кілті
Шығарамадағы кейіпкерлердің мінезін, іс-әрекетін талдай отырып, бүгінгі күні кімнің қай әрекетін, мінезін тағы қалай, қандай жағдайда қолдануға болатындығын айтады.
4-топ. «Қиыстыру» кілті
Үйлеспейтін екі кейіпкердің қасиеттерін санамалап (Махамбет пен Баймағамбеттің), одан кейін жаңа және жақсарған тұлға жасау үшін осы қасиеттерді біріктіреді.
Ф. Топтар бір-бірінің жұмысын бағалайды.
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады
|
шығарма үзінділерімен жұмыс жасайды;
шығарма үзінділерін шығармашылық жұмысқа қолданады
шығармашылық жұмыс жаза алады
|
|
Слайд
http://bilim-all.kz/olen/1624-Mahambettin-Baimagambet-sultanga-aitqany
|
|
|
Сабақтың соңы
Рефлексия
3 мин
|
«3-2-1»
Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат
Қиындық тудырған 2 аспект
Сабақ барысында туындаған 1 сұрақ
|
|
|