3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету
3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;
Оқушыларға ертегі айтылады.
Ерте, ерте ертеде Сөйлем деген үлкен елде сөйлем мүшелері өмір сүріпті. Сөйлем мүшелері бес ұрпақтан тарапты. Оның екеуі бөлек шығып, Тұрлаулы мүшелер елдімекенін құрыпты. Олардың есімдері Бастауыш пен Баяндауыш екен. Қалған үш баласы бірігіп, Тұрлаусыз елді мекені болыпты. Негізгі басшылықты Тұрлаулы мүшелер алыпты. Олардың өз егіндері, мал-жайы болыпты. Тұрлаусыз мүшелер Бастауыш пен Баяндауышқа келіп тұрады екен. Кейде ұзақ уақыт болып кетеді. Тұрлаулы мүшелер олардың келгендеріне қатты қуанады. Халық та түгел жиналып, ұлан-асыр той жасайды екен. Осылайша сөйлем мүшелерінің Тұрлаулы және Тұрлаусыз мүшелері тату-тәтті өмір сүріпті. Тұрлаусыз мүшелерінің есімдерін өскен кезде қояды Олар сөйлем ішінде Бастауыш пен Баяндауыштан басқа сұрақтарға жауап беретін сөздер.
Е рмек ескерткіш жанына келді.
Оқушылармен бірігіп отырып, сөйлем мүшелеріне талданады.
Тұрлаулы мүшелерді тауып аламыз: бастауыш пен баяндауыш.
Қалған сөйлем мүшелері тұрлаусыз мүшелер болады.
Не істеді ? келді- баяндауыш
Кім келді? Ермек – бастауыш тұрлаулы мүшелер
Қайда келді? ескерткіш жанына –тұрлаусыз мүше.
Тақтадан «Сөйлем мүшелерінің» сызбасы көрсетіледі.
«Өзіңді тексер»айдары бойынша берілген сөйлемдерді тұрлаусыз мүшелермен толықтырады.
Сабыржан (қайда?) келді.
Оқушылар (кіммен?) кездесті.
Әсем (нені?) орындап қойды.
Анам (кіммен?) кетті.
Әділет (нешеге?) толды.
Қажет сөздер: үй тапсырмасын, мүсіншімен,онға, ініммен, мұражайға.
-Тұрлаулы мүшелер сөйлемде қандай қызмет атқарады?
-Тұрлаусыз мүшелер сөйлемде қандай қызмет атқарады?
Достарыңызбен бөлісу: |