Мақсаты: 1. Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшелігін айтуға, көргендерімен аңғарғандарына баяндауға, байланыстырып сөйлеуге төселдіру 2. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу Көрнекілігі: Қыс көрнісі туралы тақырыптық сурет, үлестірмелі суреттер
Оқу іс-әрекетінің барысы
1. Ынталандыру Шаттық шеңбері Сезім ояту Сырғанаққа мығымбыз, Шыныққанбыз, шымырмыз Таудан төмен сырғанап, Біз тебеміз сырғанақ а) Cұрақ-жауап әдісі арқылы «Көңілді қыс» тақырыбының мазмұнын ашу - Қазір қай мезгіл? - Қыстың күзден айырмашылығы неде? - Қыста адамдар қалай киінеді? - Қыстап қалған құстарға қалай көмектесеміз? - Қыста балалар қандай ойын ойнайды? - Қысты неліктен көңілді деп атайды? ә) Жұмбақтар шешу. Қоймасын қыс ақтарып Жерді жапты ақ мамық (Қар) Көзіме көрінбейді, Тоңдырып қызартады. Күні-түні ерінбейді, Өзенге мұз артады. (Аяз)
2. Іздену Ұйымдастыру а) Қыс, боран, қар, күн деген сөздерді құрастырып бірнеше сөйлем кұрастыру.
Суық Қыс қандай болады? Аязды Қарлы
Қыс түсті. Қар жауып тұр. Күн суық. Дала аяз боып тұр. Боран соқты.
б) «Көңілді қыс» суреті бойынша әңгіме құрастыру. Қысқы ойын, аязды күн, қысқы табиғат жылы киінген балалар бейнеленген сурет арқылы жұмыс жүргізіледі.
- Қыста қандай ойындар ойнаймыз? - Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды атаңдар. - Конькиді қай жерде тебеді? Шаңғыны ше? - Дөң басынан шаңғы, шана теуіп көріңдер ме? - Аққаланы қалай жасайды? в) «Кім жылдам?» дидактикалық ойыны. Шарты: суретте көрсетілген заттардың атын атап сол сөздерді қатыстырып,сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады
г) Бірге жаттайық. Қыс
Келді-дағы қыс, Дала аппақ түс. Қос аяқта шаңымыз, Дөңге шықтық бәріміз Т.Елеусізұлы 3. Оқу іс әрекетін қорытындылау - Қазір қай мезгіл? - Қыста адамдар қалай киінеді? - Қыста балалар қандай ойындар ойнайды? - Қысты неліктен көңілді деп атайды?