Пән бағдарламасының Нысан (Syllabus) титулдық пму ұс н 18. 4/19


Дәріс сабақтарының мазмұны



бет2/2
Дата28.04.2017
өлшемі305,69 Kb.
#15219
1   2

6. Дәріс сабақтарының мазмұны



1-тақырып. Кіріспе.

Жоспар:

1 Курстың талабы мен мақсаты. Курстың практикалық бағыты және оның басқа пәндермен байланысы. Автомобиль көлігіндегі апаттылық.

2 Жол көлік оқиғалары жайлы түсінік және оның фазалары. Көлік құралдарының құрылымдық қауіпсіздігі, оның ғылыми техникалық жетістіктерімен байланысы және жол қозғалысы қауіпсіздігі проблемаларындағы алатын орны.

3 Нормативті документтер, автомобильдердің құрылымдық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.



2-тақырып Қауіпсіздіктің түрлері. Автомобильдің белсенді қауіпсіздігі.

Жоспар:

1 Автомобильдің негізгі эксплуатациялық қасиеттері. Автомобиль көлік ағынының негізгі элементі.

2 Автомомбильдің қауіпсізідігін анықтайтын қауіпсіздіктің кешенді бағалануының қажеттілігі.

3-тақырып. Автомобильдің жалпы құрастырғыш компоненттері

Жоспар:

1 Автомобильдің геометриялық және құрасьырушылық параметрлері (габариттік өлшемдер, база, бұрылыс радиусы) және олардың қозғалыс қауіпсіздігіне әсері.

2 Автомобильдің салмақтық параметрлері (жеке және жалпы салмақ, салмақтың көпірлер бойынша таралымы), ауырлық центрінің биіктігі және олардың қозғалыс қауіпсіздігіне әсері, жол жамылғысының жұмыс істеу мерзімі.

3 Оське түсетін жүктемелерге бақылау жасау.



4-тақырып. Автомобиль динамикасы.

Жоспар:

1 Тартымдылығы, максимал орташа жылдамдық, үдеуі, басып озу жолы, уақытының қозғалыс қауіпсіздігіндегі мәні. Басып озудағы қауіпсіздік.

2 Тежеу динамикасы. Маталуға қарсы жүйелер. Техникалық күйінің қауіпсіздікке әсері. Тарту және тежеу динамикасын арттыру жолдары.

3 Автомобильдің тартымдық динамикалылығы және оның қозғалыс қауіпсіздігі үшін маңызы. Автомобильдің максимал орташа жылдамдығы, үдеуі, басып озу жолы және уақыты. Басып озу кезіндегі қауіпсіздігі және оның классификациясы. Аяқталған және аяқталмаған басып озулар.

4 Автомобильдің тежеулік динамикалары және оның қауіпсіздігі үшін маңызы. Тежеу динамикалылығының өлшегіштері мен көрсеткіштері. Максимал және орташа баяулатқыш, автомобильдің тежеу және тоқтау жолдары. Тежеу тиімділігінің нормативтері. Максимал қауіпсіздік арақашықтығы. Тежеу күшінің өзара бөлінуі. Сулы немесе тайғақ бетте тежеуді іске асыру. Шиналарды аквапландау процесі. Мұздағы тежеу. Автомобильдің тежеу күштерін автоматтық реттеу. Тежеудің техникалық жағдайының қауіпсіздікке әсері. Тартымдық және тежеу динамикалылығын арттыру жолдары.

5-тақырып Орнықтылық, басқарылғыштық және автомобиль жүрісінің жайлылығы.

Жоспар:

1 Автомобиль орнықтылығы және оның қауіпсіздік үшін маңызы. Орнықтылықтың өлшеуіштері мен көрсеткіштері.

2 Автомобильдің басқарымдылығы және оның қауіпсіздік үшін маңызы. Басқарымдылықтың өлшеуіштері мен көрсеткіштері. Бүйірлік жел әсеріндегі орнықтылық пен басқарымдылық. Автомобильдің бірқалыпты жай жүрісі және оның қауіпсіздік үшін маңызы, оның өлшеуіштері мен көрсеткіштері. Жол бетінен доңғалақтардың ажырау шарттары.

3 Автомобильдің техникалық жағдайының орнықтылыққа, басқарымдылыққа және бірқалыпты жүруінің әсері және осы қасиеттерді арттыру жолдары.



6-тақырып. Автомобиль шиналары.

Жоспар:

1 Шиналардың негізгі конструктивті параметрлері және олардың қауіпсіздікке әсері. Пайдалану кезінде шиналардың пайдаланушылық қасиеттерінің өзгеруі.

2 Шиналардың қауіпсіздігін арттыру үшін жасалатын конструктивтік шаралар. Сырғанауға қарсы жасалған шиналарды пайдалану.

7-тақырып. Автомобильдің ақпараттылығы.

Жоспар:

1 «Жүргізуші – автомобиль - жол» жүйесіндегі ақпарат көздері және қабылдағыштар. Ақпараттық автомобильдің активтік қауіпсіздігінің бір элементі есебінде.

2 Ішкі шолушы ақпараттылық. Жарық қайтарғыштар және олардың сипаттамасын нормалау. Автомобильді автономды жарықтандыру жүйесі. Бас фаралардың жарық – техникалық сипаттамаларын нормалау. Қашық жарық. Жылдам жарық. Тұманға қарсы жарық. Қала жарығы, автомобильдің артқы жүрісінің жарығы. Бас фаралардың құрылысы. Жарық көздері.

3 Автомобильді автономды жарықтандыру жүйесіне қойылатын пайдалану – техникалық талаптар. Автомобильдің сыртқы жарық беру жүйелері.



8-тақырып. Жүргізушінің жұмыс орны.

Жоспар:

1 Жүргізушінің жұмыс орнының параметрлері және олардың қозғалыс қауіпсіздігі үшін маңызы. Бақылау - өлшеу аспаптары, оларға қойылатын талаптар, осы талаптарды реттеп отыратын құжаттар.

2 Автомобильдің көрініміділігі және оны анықтау әдістері. Жүргізуші орнынан айқын көрішілікке қойылатын талаптарды анықтайтын құжаттар. Автомобиль әйнектерін үрлеу және тазалау жүйелері. Артқы жақтағы әйнектер, олардың саны және орналастыру орны.

3 Автомобиль орындығы. Жүргізушінің жайлы отыруының жұмыс қабілеттілікке және шаршауға әсері. Әртүрлі типтегі автомобиль орнықтылығына қойылатын талаптар. Басқару органдары және оларға қойылатын талаптар. Жүргізуші орнының микроклиматы (температура, ылғалдылық, шу, діріл, газдану дәрежесі т.б.). Автомобильдің техникалық жағдайының жүргізуші жұмысына әсері. Жүргізушінің жұмыс орны параметрлерін жаңарту жолдары.



9-тақырып. Автомобильдің пассивтік қауіпсіздігі.

Жоспар:

1 Автомобильдің пассивтік қауіпсіздігі және оның өошеуіштері мен көрсеткіштері. ЖКО кезінде қозғалысқа қатысушылардың жарақат алуы және автомобильдің зақымдалуы.

2 Соқтығысулар классификациясы. Соққы түрлері. ЖКО кезінде жарақат түрлері және олардың шығу көздері. Пассивтік қауіпсіздік жүйесінің классификациясы. Автомобильдің ішкі пассивтік қауіпсіздігі. Өмір сүру кеңістігі. Антропометрия және толеранттық, ұстап тұратын қорғау құралдары және оларға қойылатын талаптар. Қауіпсіздік белдігі және қауіпсіздік жастығы, қауіпсіз орындықтар. Салон ішіндегі жарақатқа қауіпті бөлшектерді жою. Қауіпсіз рульдік басқарулар.

3 Автомобильдің сыртқы пассивтік қауіпсіздігі. Жүк және жеңіл машиналардың соқтығысуы. Жаяуларды басып кету. Автомобильдің типі мен кузов формасының жаяулардың жарақат алу деңгейіне әсері. Автомобильдің сыртқы пассивтік қауіысіздігін арттырудың конструктивті шаралары. Энергия жұтқыш бамперлер және олардың құрылысы. Пассивтік қауіпсіздікке сынақтар өткізу. Автомобильдің техникалық жағдайының пассивтік қауіпсіздікке әсері және пассивтік қауіпсіздігін арттыру жолдары.



10-тақырып. Автомобильдің апаттан соңғы қауіпсіздігі.

Жоспар:

1 ЖКО-дан соң автомобильден адамдарды эвакуациялау. Автомобиль кузовы конструкциясының эвакуациялауға әсері.

2 Автомобильдің өртке қарсы қауіпсіздігі. Өрт сөндірудің автоматтандырылған жүйелері. Автомобильдің конструкциясына арнайы қауіпсіз материалдарды қолдану.

3 Суға кеткен автомобильден адамдарды эвакуациялау. Автомобильдің техникалық жабдығының апаттан соңғы қауіпсіздікке әсері және оны арттыру жолдары.



11-тақырып. Автомобильдің экологиялық қауіпсіздігі.

Жоспар:

1 Адамның қоршаған ортасына автомобильдің әсері. Қалалардағы шудың адамға әсер етуінің классификациясы. Шу сипаты және олардың нормалау принциптері. Автомобильдің шу сипаттамаларына қойылатын талаптарды реттейтін құжаттары. Шу сипаттамаларын анықтау әдістері. Автомобиль шуымен күресудің негізгі бағыттары.

2 Зиянды заттардың шектеулі рұқсат етілетін концентрациясы. Автомобильдегі теле және радиокедергілер және оларды жою жолдары. Автомобильдің техникалық жағдайының экологиялық қауіпсіздікке әсері және оны арттыру жолдары.

12-тақырып. Экспериментті қауіпсіз автомобильдің құрылымы.

Жоспар:

1 Қауіпсіз автомобиль жасаудың негізгі бағыттары. Активтік қауіпсіздікті арттыратын автоматтық құрылғылар. Қауіпсіз қашықтықты сақтап отыруға әсер ететін радиолокациялық жүйелер. Тұрақты белгілі бір жылдамдықты сақтап отыратын автоматтық құрылғылар.

2 Пассивтік қауіпсіздікті арттыратын автоматтық құрылғылар. Қауіпсіз автомобильдер құрылымының үлгілері.

  1. 7. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны, олардың көлемі



Тәжірибелік жұмыс 1. Автомобильдің басқаруының талдауы.

Жоспар:

1 ГАЗ-53А автомобилінің салмақтық параметрлерін анықтау

2 Автомобильдің басқаруын есептеу

Тапсырма:

1 Алдыңғы және артқы доңғалақтардың әкету бұрыштарын және басқару анализін жасау


Тәжірибелік жұмыс 2. Реалды автомобиль шанағының теориялық

есебі.

Жоспар:

1 Соқтығысу жылдамдығына байланысты есептік автомобильдің деформациясын анықтау



Тапсырма:

1 Автомобильдердің қақтығысу анализін жасап, керекті графиктерді сызып және қорытындыларды шығару


Тәжірибелік жұмыс 3. Соқтығысу жылдамдығына тәуелді есептеу

автомобилінің деформациялану уақытын есептеу.

Жоспар:

1 Соқтығысу кезінде деформация уақыты автомобиль жылдамдығын анықтау



Тапсырма:

1 ta = f(а) графигін салу


Тәжірибелік жұмыс 4. Соқтығысу жылдамдығы 50 км/сағ болғанда

автомобильдің деформация шамасын анықтау.

Жоспар:

1 Уақыт аралығында автомобильдің жылдамдығының өзгеруін анықтау



Тапсырма:

1 Автомобиль моделін таңдау, оның салмағы G, капоттың орташа енін d1 және капоттың орташа биіктігін b1 табу.



8. Өздік жұмысының тапсырмасы
2-тақырып. Қауіпсіздіктің түрлері. Автомобильдің белсенді қауіпсіздігі.

Тапсырма


1. Сұрақтарға жауап беру:

1. Автомобиль – көлік ағынының негізгі элементі.

3-тақырып. Автомобильдің жалпы құрастырғыш компоненттері

Тапсырма


1. Сұрақтарға жауап беру:

1 Жол бетінен доңғалақтардың ажырау шарттары. Автомобильдің техникалық жағдайының орнықтылыққа, басқарымдылыққа және бірқалыпты жүруінің әсері және осы қасиеттерді арттыру жолдары.

4-тақырып. Автомобиль динамикасы.

Тапсырма

1. Сұрақтарға жауап беру:

1 Тежеудің техникалық жағдайының қауіпсіздікке әсері.

5-тақырып 5 Орнықтылық, басқарылғыштық және автомобиль жүрісінің жайлылығы.



Тапсырма

1. Сұрақтарға жауап беру:

1 Автомобиль орнықтылығы және оның қауіпсіздік үшін маңызы.

6-тақырып. Автомобиль шиналары.



Тапсырма 5 Шиналардың қауіпсіздігін арттыру үшін жасалатын конструктивтік шаралар.

7-тақырып. Автомобильдің ақпараттылығы.

Тапсырма

1. Сұрақтарға жауап беру:

1 Автомобильдің сыртқы жарық беру жүйелері.

8-тақырып. Жүргізушінің жұмыс орны.

Тапсырма

1. Сұрақтарға жауап беру:

1 Жүргізуші орнынан айқын көрішілікке қойылатын талаптарды анықтайтын құжаттар.

9-тақырып. Автомобильдің пассивтік қауіпсіздігі.

Тапсырма

1. Сұрақтарға жауап беру:

1 Қауіпсіздік белдігі және қауіпсіздік жастығы, қауіпсіз орындықтар.

10-тақырып. Автомобильдің апаттан соңғы қауіпсіздігі.



Тапсырма

1. Сұрақтарға жауап беру:

1 Автомобильдің техникалық жабдығының апаттан соңғы қауіпсіздікке әсері және оны арттыру жолдары

11-тақырып. Автомобильдің экологиялық қауіпсіздігі.



Тапсырма

1. Сұрақтарға жауап беру:

1 Автомобильдің техникалық жағдайының экологиялық қауіпсіздікке әсері және оны арттыру жолдары.

12-тақырып Экспериментті қауіпсіз автомобильдің құрылымы.



Тапсырма

1. Сұрақтарға жауап беру:



1 Активтік қауіпсіздіктк арттыратын автоматтық құрылғылар.

10. СӨЖМ кеңестерінің графигі (СӨЖМ-нің 25% СӨЖ құрайды)
Барлық сұрақтар бойынша кеңес ағымдағы семестрдің СӨЖМ графигіне сәйкес жүзеге асырылады

11. Тәлімгерлердің білімін тексеру кестесі
Дәріс пен тәжірибелік сабақтарға қатысу 0-100 баллмен бағаланады
Пән бойынша тапсырманы орындау және тапсыру графигі




Жұмыс түрі

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты және мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Дайындау мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру уақыты

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат







5 апта



5-апта

2

Реферат







3 апта




7- апта

3

Межелік бақылау













8- апта

4

Реферат







2 апта




11- апта

5

Реферат







3 апта




14- апта

6

Межелік бақылау













15- апта



  1. 12. Студенттердің білімін бағалау өлшемдері

Пәнді оқу барлық өткен материалды қамтитын аралас (тестілеу+жазбаша) формада өтетін емтиханмен аяқталады. Емтиханға жіберудің міндетті шарты бағдарламада қарастырылған тапсырмаларды орындау болып табылады.

Әр тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.

Жіберу рейтингі ағымдағы сабақтардағы (дәріске қатысу, үй тапсырмасы, СӨЖ тапсырмасы, тәжірибе тапсырмалары және межелік бақылау.) барлық орындалған тапсырмалардың орташа арифметикалығымен есептеледі.

Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) оқу жұмыс бағдарламасының барлық талаптарын орындаған (СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру) және жіберу рейтингін жинаған (50 баллдан кем емес) студенттер жіберіледі.

Әр пән бойынша студенттердің оқу жетістіктерінің дәрежесі қорытынды бағамен (Қ) анықталады, ол жіберу рейтингі (ЖР) және қорытынды баға (ҚБ) қосындысынан және бардық салмақтық үлестерді (СҮ) есепке алып анықтайды


Қ = ЖР∙0,6 + ҚБ∙0,4
Салмақтық үлестер жыл сайын университеттің Ғылым кеңесімен бекітіледі және ЖР үшін 0,6 артық емес және ҚБ 0,3 кем емес болуы қажет.

Пән бойынша қорытынды баға студенттің жіберу рейтингі және қорытынды бақылау бағалары дұрыс болған кезле ғана есептеледі. Қорытынды бақылауға дәлелсіз себеппен келмеу «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға тең келеді.

Пән бойынша емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері студенттерге сол күні немесе жазбаша емтихан күннің екінші жартысында болса келесі күні жеткізіледі.

Межелік бақылау (рейтинг) және қорытынды емтихандағы студенттің білім бағасын 0-100 дейінгі % саналады.



Рейтинг бағасы ағымдағы баға мен межелік бақылау бағасыларының қосындысына тең болады
Р1(2)=АҮ(2)∙0,7+МБ1(2)∙0,3
«Өндіріс технологиясы мен көлік техникасын жөндеу негіздері» студенттердің оқу жетістіктері, яғни білімі, ептілігі, икемділігі және құзыреттіліктері көп баллды әріптік жүйе бойынша анықталады:


Әріптік жүйесі бойынша баға

Балдың цифрлық баламасы

Пайыздық эквивалент

Дәстүрлі жүйемен баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағат

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз



13. Оқытушының талаптары, саясат және құзыреттіліктер
Студенттердің барлық аудиториялық сабақтарға қатысуы және қалып келмеуі міндетті болып табылады. Сабақ босатқан жағдайда деканатпен белгіленген тәртіп бойынша адалдайды (отрабатывает). Сабақты максималды екі рет босату рұқсат етіледі. Сабаққа екі рет қалып келу бір сабақ босатқанға тең болады. Егер екіден коп босату болса әкімшіліктің шешімі қабылданғанша оқытушы студентті сабаққа кіргізбеуге құқығы бар.

Жұмысты белгіленген уақыт мерзімінде тапсыру қажет. Емтихандық сессия басталуына 3 күн қалғанда – барлық тапсымаларды тапсырудың соңғы мерзімі болып табылады.

Барлық тапсырмаларды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

Әрбір оқу сабағында өткен материалдарды қайталау және адалдау міндетті. Оқу материалдарын игеру дәрежесі тестілік және жазбаша жұмыстармен тексеріледі. Студенттерді тестілеу ескертусіз жүргізілуі мүмкін.



Оқытушының басшылығымен студенттердің өздік жұмысын (ОСӨЖ) орындаған кезде келесі төрт негізгі қағидаларды ескеру қажет:

Бірінші – оқытушының пән бойынша бағыттау мақсатында жүргізген сабақтары кезінде берілген мәліметті студенттердің белсенді түрде қабылдауын қамтамасыз ему.

Екінші – оқытушының ақыл-кеңесін ескере отырып, студенттер өз бетінше оқу-әдістемелік әдебиет пен оқулықтарды зерделейді және үй тапсырмаларын, бақылау, курстық т.б. жұмыстарды орындайды. Бұл кезеңде студенттердің жұмыс әдісін білуі және қажырлы болуы маңызды.

Үшінші – оқу барысында кездесетін қиындықтарды талдап, оның себептерін анықтауға тырысу, оқытушыға сұрақтар қойып, оған өзінше жауап табу.

Төртінші – оқытушымен әрдайым байланыста болып, ақыл-кеңес, нұсқаулар алу.

          1. 14 Әдебиеттер тізімі

Негізгі


1 Жүнісбеков П.Ж. Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы: оқулық / П. Ж. Жүнісбеков. – Астана: Фолиант, 2007. – 359 б.

2 Жүсіпов К. Ә. Көлік құралдары қауіпсіздігі: оқу құралы / К.Ә. Жүсіпов. - Алматы: ҚазККА, 2007. - 44б.

3 Копенов, Б.Т. Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері: оқу құралы / Б.Т. Копенов, А.Г. Акчурин, Т.Ж. Копенов. - Алматы : ҚазККА, 2009.- 96 б.
Қосымша

4 Мусаев, Ж. С. Көлік техникасының динамикасы : оқу құралы / Ж. С. Мусаев, А. Б. Шимбулатова. - Алматы: ҚазККА, 2009. - 134 б.



5 Ибраев Ж. С. Жер бетіндегі көлік құралдары / Ж.С. Ибраев. – Алматы : ҚазККА, 2007.- 180 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет