15 тақырып. Отбасы татулығы бағдарламасының әдістері.
Жоспар:
1. Отбасы психотерапиясы.
2. Отбасы психотерапиясы мектептері және бағыттары.
Отбасылық психотерапия – тұлғааралық қатынасты түзетуге бағытталған және отбасының ауру мүшелерінде айрықша көрінетін эмоционалды қайғыруды жою мақсатына жүргізілетін психотерапияның ерекше түрі болап табылады. Отбасылық терапия бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Оның ұзақтығы психикалық қайғырудың күрделілігіне „ауру белгісін көтерушіге”, отбасында тұлғааралық қақтығыстың сипатына, мотивациясына да байланысты болып келеді. Алғашында отбасылық терапия жиілігі аптасына 1-2 кездесу болып жалғасын табады. Отбасылық терапияны жиі төрт кезеңнен қарастырады.
1) Отбасылық анықтау (диагноз), диагностикалық кезеңі;
2) Отбасылық қақтығысты жою кезеңі:
3) Қайта құру кезеңі;
4) Қолдау көрсету кезеңі;
Достарыңызбен бөлісу: |