1.Диагностикалық кезең. Отбасылық диагноз түсінігінде, отбасы мүшелерінің жекелік – тұлғалық қасиетін есепеке алу арқылы, қатынастағы бұзылысты типке келтіру. Отбасы қатынасын диагностикалау поцесіне психотерапевтке қосыла отырып, диагностикадағы мәселелі болжамды ұсыну мен тексеруге қатысады. Отбасылық диагностиканың өз алдына ерекшелігі сол, ол барлық кезеңде жүргізіліп, алдын ала психотерапевтік техниканың іріктелуін белгілеп отырады. Екінші жағынан ерекшелігі отбасы мүшелерінің бірінен алынған ақпараттың келесі мүшесімен сәйкестігі, психотерапевттің қатысушылар мінез-құлқы туралы бақылау және сұрау барысындағы қалыптасқан өз әсері де алынады.