3.Қайта құру кезеңі. Бұл кезең топтық пікірде өтеді, ол отбасы мәселелеріне немесе бір отбасын жеке алып, сондай-ақ қарама-қарсы топтағы ұқсас мәселемен оның туыстарымен алмастыра қарастыруға болады. Бұл топта мінез-құлықтық тренинг өткізілумен қатар, талас сөзді ереже бойынша құрастыруды меңгертеді.
4.Қолдау көрсету кезеңі. Отбасылық терапияда жағдайға байланысты ролдік мінез-құлықтың кеңейтілген өрісін табиғи түрде пайдалануды меңгертеді және алдыңғы кезеңдерде қалыптастырған эмпатиялық қарым-қатынас дағдыларын бекіту болып табылады. Кеңес беру мен түзету жұмыстарында шынайы өмірде қолданатын қарым-қатынас дағдыларын меңгертеді. Отбасы терапиясы бойынша бөлінген кезеңдер процесті құрылымға келтіреді, диагностикалық көрсеткіштердің мақсаты мен көлеміне байланысты, психотерапиялық әдістердің жүйелі қолдануы негізделеді.
Отбасы психотерапиясында жиі қолданылатын тәсілдер:
1) Үнсіздікті мәнді пайдалану;
2) Тыңдай білу қабілеті;
3) Сұрақтар көмегімен меңгерту;
4) Қайталау;
5) Жинақтау және түйіндеу;
6) Аффект бейнесін нақтылау (ашып түсіндіру);
7) Конфрантация ерлі-зайыптыларда саналы меңгерілмеген белгілер, қатынас және мінез-құлық таптуарындарын қайта өңдеу мен саналы меңгеруге мақсатталған;
8) Ролдерде ойнау;
9) „Жанды скульптура” жасау;
10) Видеотүсіруді талдау;
Достарыңызбен бөлісу: |