Пән бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)



бет22/48
Дата28.06.2017
өлшемі8,94 Mb.
#20195
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48
Сонымен, бұралу деп, сыртқы күштердің әсерінен білеудің көлденең қимасында тек бұралу моменті пайда болып, қалған ішкі күш факторлары нольге тең болатын білеудің деформациялану түрін (жүктелуін) айтамыз. Бұралып жұмыс істейтін білеуді білік деп атау деп қалыптасқан, бұраушы моменті Т әрпімен белгілейді.

Бұралу деформациясы іс жүзінде өте жиі кездеседі. Мысалы, машиналардың жетекші дөңгелектері отырғызылған осьтерде, берілгіш қорабындағы біліктерде, трансмиссиялық біліктерде т.б.

Бұралу деформациясын зерттеу, біліктердің көлденең қималарындағы бұраушы моменттері анықтап, олардың эпюрін тұрғызудан басталады. Ол үшін, бізге белгілідей, қию әдісі қолданылады.

Қарастырушы біліктің қандай да бір қималардағы бұраушы моменттерін табу үшін, сол қима арқылы оны ойша екіге бөлеміз де, бір бөлігін алып тастаймыз (2.18, б – сурет). Алып тасталған бөліктің қалған бөлікке әсерін бұраушы моментпен алмастырамыз. Қалған бөлік, сыртқы айналдырушы момент пен қимадағы бұраушы моменттің әсерінен тепе-теңдік күйде болады, яғни T=M. Егер қалған бөлікке бірнеше айналдырушы моменттер әрекет ететін болса, онда жоғарғыдай тұжырымдай отырып, мынаған көз жеткізуге болады:

Кез келген қимадағы бұраушы момент, қиманың бір жағында жатқан сыртқы айналдырушы моменттердің алгебралық қосындысына тең.

Егер айналдырушы момент М, қалған бөлікті, қима жағынан қарағанда сағат тілі бағытымен айналдырса, онда қимадағы бұраушыы момент Т оң, ал сағат тілі бағытымен айналдырса – теріс таңбалы деп аталады. Таңбалар туралы ережелер шартты түрде қабылданған, өйткені біліктерді беріктікке немесе қатаңдыққа есептегенде бұраушы моменттерінің таңбалары ескерілмей, ең үлкен абсалют шамасы ғана ескеріледі.

Бұраушы момент эпюрін тұрғызуды келесі мысалды қарастырып, түсініктеме берейік (2.19, а – сурет). Екі подшипникке тірелген білік төрт шкиф арқылы М1, М2, М3 , М4 айналдырушы моменттерді орындаушы механизмдерге береді. Осы берілген біліктің бұраушы моменттерінің эпюрін тұрғызыңыз. М1 =12kH*м, М2 =11кН*м, М3 = 2кН*м, М4 = 3кН*м.

Ол үшін алдымен есептеу схемасын тұрғызайық. Берілген білік үш аралықтан тұрады. Аралықтарғы бұраушы моменттерді қию әдісі бойынша анықтаймыз (2.19, б – сурет).

Бірінші аралық үшін 


Екінші аралық үшін 


Үшінші аралық үшін 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет