мұндағы Nmax, σmax – қауіпті қимадағы бойлық күш пен ең үлкен тік кернеу (қауіпті қима ең үлкен тік кернеу әсер ететін қима); А- қауіпті қима ауданы; σadm мүмкіндік кернеу.
Пластикалық материалдардың созу мен сығуға қарсыласу қабілеті бірдей болғандықтан мүмкіндік кернеу былайша тағайындалады
(4.2)
мұндағы σy – материалдардың аққыштық шегі; n – беріктік қоры коэфициенті.
Морт материалдарының мүмкіндік кернеуі олардың созылу мен сығылуға қарсыласу қабілеттерін ескере отырып тағайындалады
(4.3)
мұндағы σu,t ; σu,c - материалдардың созу мен сығу деформацияларындағы беріктік шектері.
Беріктік шартына (2.7) сүйеніп, төмендегідей есептер қарастырылады:
1) жобалау есебі, яғни берілген N мен σ adm бойынша білеудің көлденең қимасының ауданын, немесе оның өлшемдерін анықтау
(4.4)
2) беріктікке тексеру есебі, яғни берілген N мен А бойынша білеудің көлденең қималарындағы ең үлкен тік кернеуді анықтап, оны мүмкіндік кернеумен салыстыру
(4.5)
3) жүк көтеру қабілетін анықтау есебі ( жүк көтергіш есебі), яғни берілген А мен σadm бойынша білеудің көтеретін жүгінің ең үлкен шамасын анықтау
(4.6)
2 Білеуді есептегенде беріктік шартымен қатар қатаңдық шарты да орындалу тиіс. Созылған не сығылған білеудің қатаңдық шарты, егер N мен А тұрақты болса, төмендегідей болады
(4.7)
мұндағы Δladm – мүмкіндік абсолютті ұзару (қысқару).
Достарыңызбен бөлісу: |