Пән бағдарламасының титулдық парағы (Syllabus)



Дата02.07.2018
өлшемі212 Kb.
#46126

Пән бағдарламасының титулдық парағы (Syllabus)




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Философия және мәдениеттану кафедрасы

6М020100- Философия мамандығының магистранттарына арналған



«Қазақ философиясындағы антропологиялық дискурс» пәні бойынша


ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар, 20___ж.



Пән бағдарламасының бекіту парағы (Syllabus)




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19





БЕКІТЕМІН

Факультет деканы

__________Ақышев А.А.
20__ ж. «___»________

Құрастырушы: к.филос.н., профессор Құдабаев А.Ж.__________


Философия және мәдениеттану кафедрасы


6М020100-Философия мамандығының күндізгі оқу нысанындағы магистранттарына арналған «Қазақ философиясындағы антропологиялық дискурс» пәні бойынша

Пән бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.


20__ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі______________ Ахметова Г.Ғ. 20__ ж. «____» ________
Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған _________ 20__ж. «_____»____________№____ хаттама
ОӘК төрағасы ____________Сулейменова Ш.К. 20___ж. «_____»___________
1. Оқу пәні туралы жалпы ақпарат
Пәннің атауы: «Қазақ философиясындағы антропологиялық дискурс»

Таңдау компоненті бойынша пән



Кредиттер саны мен меңгерудің мерзімі

Барлығы – 2 кредит

Курс: 1, 2

Семестр: 1, 3

Аудиторлық сабақтардың барлығы – 30 сағат

Дәрістер - 15 сағат

Тәжірибелік /семинарлық сабақтар - 15 сағат

МӨЖ – 120 сағат

Оның ішінде МОӨЖ – 30 сағат

Жалпы жүктеме - 150 сағат



Бақылау түрі

Емтихан – 1, 3 семестр


«Қазақ философиясындағы антропологиялық дискурс» – таңдау бойынша компонет пәні болып табылады, «Философия» магистраттарының білімін кеңейтуге бағытталған.
Пререквизиттер:

- магистранттар дүниетанымдық және методологиялық тұрғыдан әртекті эпистемологиялық концепцияларды,

- олардың әлеуметтік-гуманитарлық, логикалық-методологиялық, тарихи-философиялық және мәдени өлшемдері негізінде қисынды және дэлелді түрде салыстыра білуі,

- олардың рациональды мазмүнын анықтап, методологиялық және теориялық қорытындыларды ғылыми практикаларда қолдануы керек, яғни: қазіргі заманғы эпистемологиялың сөздігін еркін түсіндіруі;

- философиялық-методологиялық түпнүсқалармен өз бетінше дербес ізденушілік жүмысын жүргізуі;

- оқу, жинақтау, талдаудың байқаушылық, түсіндіреме берушілік дағдыларына ие болуы тиіс.



Постреквизиттері:

  • философия

  • шетелдік шығыстық философиясының тарихы

  • ислам философиясы

  • батыс философиясының тарихы

  • философия ғылымының тарихы



2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Құдабаев Амантай Жетпісұлы – философия және мәдениеттану кафедрасының филос.ғ.к., профессор.

Кафедра №519 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 1153
3 Пәннің мақсаты және міндеттері

«Қазақ философиясындағы антропологиялық дискурс» пәні: пәндердің арасындағы орнын және олармен байланысын анықтау, курстағы теориялық білімді игеру, логикалық аргументацияны білу, ғылыми әдістік аспектідегі және жалпы әлемдік танудағы шешімдерді дәлелдеу.
Пәнді оқытудың мақсаты: қазақ философиясының тарихы мен ерекшеліктерімен таныстыру, оның тарихының негізгі кезеңдерін атап өту.
Пəнді оқытудың міндеттері:


  • - қазақ философиясы тарихының негізгі ерекшеліктеріне мақсатты түрде бағыттау;

-қазақ философиясының өзіндік белгілерін айшықтау;

-қазіргі замандағы қазақ философиясының өзекті мәселелерін анықтау


4. Курсты оқыту процесінде білім, қабілеттіліктерге, дағды мен құзыреттілікке қойылатын талаптар

Пәнді оқыту барысында магистрант білуі тиіс:

- теориялық курстың негізін;

- ғылыми білімнің пәндік құрылымын;

- қазіргі тенденцияның интеграциясын және ғылымның дифференциациясын;

- қазіргі кездегі философия сөздігін және ғылымның әдісін

қабілеттіліктер қалыптасуы қажет:

  • ғылыми философияның мəн-жайын жəне ұлттық мəдениеттің мағынасын ашып берерлік қабілетті игеруі керек.

тәжірибелік дағдыларға ие болуы тиіс:

  • тәжірибеде теориялық білімді қолдануды;

  • қазіргі ғылымның даму тенденциясын талдау жасай бере білу.



  1. Пәнді игерудің тақырыптық жоспары



Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша аудиторлық сағаттардың саны

МӨЖ

Дәріс.

Тәж.

Лаб.

Жалпы

Оның ішінде МОӨЖ

1.

Ежелгі қазақтардың антропологиялық философиясы (Анахарсис, Қорқыт-ата,

Әл-Фараби, Ж. Баласағұн,

М. Қашқари, Қ.А.Иассауи).


3

3

-

24

6

2.

Ақын – жыраулар шығармашылығындағы адам орны мен ролі жайлы түсініктер (Шалкиіз, Ақтамберді, Доспамбет, Бұхар жырау).

3

3

-

24

6

3.

Зар заман дәуірі (Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы).

3

3

-

24

6

4.

XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр басындағы қазақ ағартушыларының моральды – этикалық қөзқарастары (Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов т.б.).

3

3

-

24

6

5.

Діни көзқарас

(Ш.Құдайбердиев, М.Ж.Көпеев).



3

3

-

24

6

Барлығы: 150 (2 кредит)

15

15

-

120

30


6. Дәріс сабақтарының мазмұны
Тақырып 1. Ежелгі қазақтардың антропологиялық философиясы.

Анахарсис – түркі халықтарының ойшылы. «Сыни» философия жүйелері. Қорқыт ата көзқарасындағы өмір мағынасы және адам орны. Әл – Фараби және оның басқарушы – философ туралы ғылымы. Ж. Баласағұнидың этикалық принциптері және «Құтадғу білігі».М. Қашғари түсінігіндегі «жақсы іс істейтіндер» категориясы. Яссауи көзқарасындағы түпкілікті адам мен сопылық жолындағы ағартушылықтары.


Тақырып 2. Ақын – жыраулар шығармашылығындағы адам орны мен ролі жайлы түсініктер (Шалкиіз, Ақтамберді, Доспамбет, Бұхар жырау).

Асан Қайғы «Жер ұйығындағы» адам мен өмір. Шалкиіз ақынның шығармашылығындағы адам өмірінің алдын – ала болжануы және тағдыр ойы. Ақтамберді жырау философиясындағы еркіндік түсінігі және адам бақытының жетістігі ретінде дала көрінісі.Доспамбет жырау шығармашылығындағы адамдар теңдігі және барлық тірі зат туралы ойы. Бұхар жырау көзқарасындағы әлем түсінігі.


Тақырып 3. Зар заман дәуірі (Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы).

«Зар заман» дәуіріндегі қазақ елінің моральды – этикалық түсінігі. Қазақ тарихындағы қазақ елінің Ресейге қосылу кезеңіндегі Шортанбай Қанайұлы әдебиетіндегі «Зар заман» ақындығының бастауы. Сауда – ақша қатынасына байланысты байлар, қазақ қауымындағы жаңа әлеуметтік топтардың құрылуына байланысты Шортанбайдың сыни көзқарасы. Дулат Бабатайұлы және «Өсиетнамасындағы» моральды құндылықтар.Мұрат Мөңкеұлы шығармашылығындағы қазақ елінің еркіндік пен тәуелсіздіктегі және атамекен жайлы толғаулары.


Тақырып 4. XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр басындағы қазақ ағартушыларының моральды – этикалық қөзқарастары (Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов т.б.). Діни көзқарас (Ш.Құдайбердиев, М.Ж.Көпеев).

Ш. Уәлихановтың адам табиғатына және еркіндігіне байланысты материалдық көзқарасы. Ы. Алтынсариннің этикалық көзқарасы. А. Құнанбаев: өмір мен өлім мәселесі және оның «Адам бол» атты моральды принципі. А. Байтұрсынов шығармаларындағы жалпы адами қасиеттер. Ш. Құдайбердиевтің «Үш анық» атты шығармасындағы адам философиясы (сенім, білім, намыс).М.Ж. Көпеевтің «Шайтанның саудасы» жұмысындағы адамның тұрақты және тұрақсыз образдары.


Тақырып 5. XX ғасырдың екінші жартысындағы заман философтарының антропо – философиялық көзқарастары.

Жаңа қазақ философиясының пәні және тапсырмасы. Қазақстандық антропологиялық философияның даму кезеңдері (60 – 90 жылдар). Отандық философтардың шығармашылықтары: Ж.М. Абдильдин, А.Н. Нысанбаев, А.Х. Қосымжанов, Д.К. Кішібеков, Г.Е. Есим, Т.Х. Ғабитов, М.С. Орынбеков, А.К. Касабек, Ж.А. Алтаев және т.б.



7. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны, олардың сағат санындағы көлемі

Тақырып №1. Ежелгі қазақтардың антропологиялық философиясы.

  1. Ежелгі қазақтардың философиясы.

  2. Монғол мемлекетінің күйреуі мен қазақ хандығының құрылуындағы антропологиялық философия (XIV ғасыр).

  3. Алғашқы ойшылдар, скифтар: Анахарсис пен Тоқсары.

  4. Әл-Фараби этикасы: жүрек тазалығы, әлеуметтік әділділік, адамдар арасындағы намыстылық. А.Яссауидың суфизм көрінісіндегі құдайлы адам.

Тақырып №2. Ақын – жыраулар шығармашылығындағы адам орны мен ролі жайлы түсініктер (Шалкиіз, Ақтамберді, Доспамбет, Бұхар жырау).

  1. Асан Кайғы: осы өмірдегі адам өмірінің мәні жайлы философиялық ой – толғаулар.

  2. Шалкиіз бен Ақтамберді жырау шығармаларындағы философиялық әлем мен еңбектегі адам көрінісі.

  3. Доспамбет жырау шығармашылығындағы адамның өмірі мен өлімі жайлы сұрақты шешудегі анттропологиялық тәсіл.

  4. Бұхар жырау түсінігіндегі ұлттық рухани құндылықтар.


Тақырып №3. Зар заман дәуірі (Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат мөңкеұлы).

  1. Зар заман дәуіріндегі рухани күйзеліс.

  2. Шортанбай Қанайұлы шығармашылығындағы антропо- философиялық мотивтер.

  3. Дулат Бабатайұлының «Өсиетнаме» туындысындағы адамның рухани тәрбиесіндегі сұрақтар.

  4. Мұрат Мөңкеұлының «Сарыарқа» еңбегіндегі философиялық ой-толғаулар (адам, халық, атамекен, патшалық саясат жайлы).


Тақырып №4. XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр басындағы қазақ ағартушыларының моральды – этикалық қөзқарастары (Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов т.б.). Діни көзқарас (Ш.Құдайбердиев, М.Ж.Көпеев).

  1. Ш. Уәлиханов шығармашылығындағы адам тұрмысы мен қазақтардың сенімі жайлы мәселелер.

2. Қазақ білімінің дамуына Ы. Алтынсариннің қосқан үлесі.

3. А. Құнанбаев қара сөздеріндегі адамның моральды кодекстері.



4. Ш. Құдайбердиевтің ар – ұят жайлы айтқандары.
Тақырып №5. XX ғасырдың екінші жартысындағы заман философтарының антропо – философиялық көзқарастары.

  1. Жаңа замандағы қазақ философиясының негізгі мәселелері (пәні мен тапсырмалары).

  2. Қазақ философтарының еңбектеріндегі адамның рухани – тәжірибешілік сипатының жалпы тәсілінің марксистік диалектикасы (Ж.М. Абдильдин, А.Н. Нысанбаев, Д.К. Кішібеков және т.б.).

  3. Қазақстандағы кеңес дәуірі кезеңіндегі антропологиялық философияның дамуы және құрылуы (А.Х. Қосымжанов, А.К. Қасабек, Г.Е. Есім, М.С. Орынбеков, А.Б. Наурызбаева).

  4. Қазақстандағы антропо-философиялық ойлардың дамуының жаңашыл түрлері.


8. Өзіндік оқуға арналған тақырыптар

Тақырып №1. Ежелгі қазақтардың антропологиялық философиясы.

  1. Сұрақтарға жауап беру:

  1. Қазақ философиясының ерекшелігі неде?

  2. Әл Фарабидің қазақ философиясында алатын орны қандай?

  1. Қазақ хандығының құрылуы барысында антропологиялық философиясының рөліне талдау жасау

  2. «Қ.А.Иассауидің сопылық ағымы» тақырыбында реферат орындау


Тақырып №2. Ақын – жыраулар шығармашылығы

  1. Асан Қайғының философиялық ой-толғауларына ғылыми талдау жасау

  2. Бұқар жыраудың шығармашылығындағы рухаи мәдениеттің ерекшеліктерін анықтап, талқылау

  3. Сұрақтарға жауап беру:

  1. Доспамбет жыраудың еңбектерінде қандай антропологиялық көріністер орын алуда?

  2. Қазақ ақындары мен жыраулар институтының қазақ философиясының антропологиялық бағытының хақындағы рөлі қандай?


Тақырып №3. Зар заман дәуірі

  1. Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» туындысындағы адам тәрбиесі мәселесінің қозғалуы тақырыбында реферат орындау

  2. М.Мөңкеұлының «Сарыарқа» шығармасына философиялық талдау жасау

  3. Зар заман дәуіріндегі ақындардың философиялық-антропологиялық шығармашылығына арналған ғылыми монографиялармен және мақалалармен танысу


Тақырып №4. XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр басындағы қазақ ағартушыларының моральды – этикалық қөзқарастары

  1. Сұрақтарға жауап беру:

  1. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басы тоғысындағы қазақ тарихындағы атақты ғалым-ақындардың ой-тұжырымдарының тақырыптары қандай болды?

  2. Ы.Алтынсариннің қазақ білім жүйесіне қосқан үлесі неде құралады?

  1. «А.Құнанбаевтың қара сөздеріндегі мораль мәселесі» тақырыбында реферат дайындау

  2. Ш.Құдайбердиевтің шығармашылығындағы моральдық-этикалық көзқарастарды талдаудан өткізу


Тақырып №5. XX ғасырдың екінші жартысындағы заман философтарының антропо – философиялық көзқарастары.

  1. Жаңа заман дәуірінде қазақ ойшылдарының қарастырған негізгі мәселелерін ерекше қарастырып, талдау

  2. «Қазақстандағы кеңес дәуірі кезеңіндегі антропологиялық философияның дамуы және құрылуы» тақырыбында баяндама әзірлеу

  3. Сұрақтарға жауап беру:

  1. Маркстік диалектика дегеніміз не?

  2. Қазіргі Қазақстандағы антропо-философиялық дамуының қандай тенденциясы байқалуда?


10. МОӨЖ кеңеснамаларының кестесі

(МОӨЖ МӨЖ-дың 25%-ын құрайды)




Оқу түрлері

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс сұрақтары бойынша кеңес беру




11.20

12.00














2.

Тәжірибе тақырыптары бойынша кеңес беру







12.35

13.25











3.

МӨЖ тапсырмаларының сұрақтары бойынша кеңес беру
















12.35

13.25


4.

Рефератты орындау бойынша кеңес беру

16.00

17.00

















5.

Тест тапсырмаларының сұрақтары бойынша кеңес беру










14.20

15.00







Барлық сұрақтар бойынша кеңеснамалар ағымдағы семестрдің МОӨЖ кестесіне сәйкес іске асырылады


11. Магистранттардың білімін тексеру кестесі

Дәріс пен тәжірибелік сабақтарға қатысу 0-100 балл бағаланады


Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі




Жұмыс түрлері

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты мен мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Орындалу мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат

«Қ.А.Иассауидің сопылық ағымы»




4 жұма



4-ші жұма

2

Реферат

«Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» туындысындағы адам тәрбиесі мәселесінің қозғалуы»




2 жұма




6-шы жүма

3

Межелік бақылау

Модуль 1,2







коллоквиум

8-шы жұма

4

Реферат

«А.Құнанбаевтың қара сөздеріндегі мораль мәселесі»




3 жұма




11-ші жұма

5

Реферат

«Қазақстандағы кеңес дәуірі кезеңіндегі антропологиялық философияның дамуы және құрылуы»




2 жұма




14-ші жұма

6

Межелікбақылау

Модуль 3,4







коллоквиум

15-ші жұма

12. Магистранттардың білімін тексеру критерилері


Пәннің игерілуі жыл өткен мәліметті құрайтын аралас түрде (тест+ауызша) өтетін емтиханмен аяқталады. Емтиханға жіберу шарты ретінде бағдарламада қарастырылған барлық тапсырмалардың орындалуы міндетті шарт ретінде қарастырылады.

Әрбір тапсырма 0-100 балл негізінде бағаланады.

Жіберу рейтингісі ағымдағы сабақтардағы барлық тапсырмалардың орындалуының (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, МӨЖ бойынша тапсырмалар, тәжірибе бойынша тапсырмалар және т.с.с., өтпелі бақылау) орташа арифметикалық жиынынан анықталады.

Қорытынды бақылауға (ҚБ) жұмыс оқу бағдарламасының (барлық зертханалық жұмыстардың, МӨЖ бойынша жұмыс пен тапсырмалардың орындалуы мен тапсырылуы) барлық талаптарын орындаған және жіберу рейтингісін алған (50 баллдан кем емес) магистранттар жіберіледі.

Әрбір пән бойынша магистранттардың білім жетістіктерінің деңгейі (оның ішіндеМЕ қорытынды бақылау түрі бар пәндер бойынша да) қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Ол МБ мен ҚБ (емтихан, дифференциалды есеп немесе курстық жұмыс/жоба) бағаларынан олардың таразылық үлестерін (МБТҮ мен ҚБТҮ) ескере отырып есептелінеді.

Қ = МБ*0,6 + ҚБ*0,4

Таразылық үлестер жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және де МБ үшін 0,6-дан артық емес, ал ҚБ үшін 0,3-тен кем емес болуы тиіс.

КЖ/КЖ комиссия алдында қорғалады. Баға көрсетілген білімге сәйкес және жетекшінің түйіндемесін есепке ала отырып қойылады.

Пән бойынша қорытынды баға тек егер де жіберілу рейтингісі бойынша және де сонымен бірге қорытынды бақылауы бойынша жағымды бағаларға ие болған кезде ғана есептелінеді. Қорытынды бақылауға себепсіз жағдайлармен келмеу «қанағаттанарлықсыз» бағасына сәйкес келеді. Емтихан мен аралық аттестацияның қорытындысы магистарнттарға сол күні немесе егер де жазбаша емтихан күннің екінші жартысында өткізілген жағдайда екінші күні хабарландырылады.

Магистранттың межелік бақылау (рейтингі) мен қорытынды емтихандағы білімінің қорытынды бағасының дұрыс есептелуі мақсатында олар пайыздық мөлшерде 0-ден 100%-ға дейінгі аралықта бағаланады.

Межелік бақылаудың бағасы ағымдағы бағалар мен межелік бақылаудың бағасынан есептелінеді.
Магистранттардың білімін бағалау.

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Баллдардың сандық эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйедегі баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Хорошо

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


13. Оқытушының талаптары, саясаты мен тәртібі

Әрбір магистрант сабақтың барлық түріне қатысуға міндетті, топтың тақырыпты таллқылауында белсенділік танытып, өз курстарыныңыздық қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Сабақта өзін-өзі устаудың алгиақтығына шара қолданылыды, типті аудиториядан қуылғанға шейін. Мен сіздерден мына талаптардың орындалуын талап етемін: сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілсін, аудиторияға сырт киімен кірмеу, университеттің ішкі ережесін бұзбау.

Сабақтың жібергендерге мен мынадай айыптық санкция белгілеймін; белгісіз себептермен дәріс, тәжірибе сабақтарына қатысқапағандардан 3 балл алынып тасталынады.

Үй тапсырмасын орындағандарға ең жоғарғы сандық 11 балл қойылады, сөннымен қатар тәжірибелік сабақты болмағанға (белгісіз себептермен) – 0 балл, үй тапсырмасы орындалмай қолғандықтан – минус 1 балл. Осы жіберілген сабақтарды магистрант қайыра орындап шыққан жағдайда ең жоғарғы 10 баллдың орнына 5 балл қатылады, алайда тәжірибе сабағында белгілі себептермен қатыса алмай қалған жағдайда 11 балл қоямын. Магистранттардың өздін жұмысы орындалса 1 балл, орындалған жағдайда 0 баллмен өлшенеді.

Әрбір сабаққа дайындық міндетті, берілген тапсырма толығымен оқылуға тиіс. Сіздің дайндығыңыз тәжірибе сабағы барысында сұрақ беру мен тест тапсырмаларын арқылы пәннің әрбір аяқталған тарауы барысында тексеріледі.

Дәрістік және тәжирибелік сабақ барысында белсенділік танытқан магистрант марапатына 3 балл қосылады. Белсенділікке жауап берген магистранттың айтарына қосымша тың материалдар ұсыну.

Егер сіз бақылау шаралары уақытында белгілі себептермен қатыса алмасаңыз, сізге келесі сабақтың барысында қайта өтуіңізге мүмкіндік беріледі, басқаша жағдайда сіз «0» баллға не баласыз.

Семестр барысы 2 мәрелік бақылаудан тұраып тест түрінде өтеді. Тест бақылауы пәннің өтілген тараулары материадарынан беріледі.




14. Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер

  1. Сегізбаев О. Қазақ философиясының тарихы А., 2009 ж.

  2. Тимошинов 13. Мәдениеттану. А., 2008 ж.

  3. Нысанбаев А. Философия түсініктері А., 2010 ж.

  4. Нысанбаев, Ә. Ғылым философиясы және әдiснамасы.-Астана: Аударма.-2008.-473 б.


Қосымша әдебиеттер

  1. Гуревич П.С. Философияға кіріспе. - 2008

  2. Касабек А. Шындықтың іздеуі. А., 2008 ж.

  3. Нұрышева, Г. Ж. Философия: (лекциялар курсы) .-Алматы: Зият Пресс.-2009.-204 б.

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет