Пән: Балалар әдебиеті және мәнерлеп оқу практикумы Топ : бс-23 Тақырыбы



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі24,49 Kb.
#85663
түріПрактикум
  1   2
Байланысты:
Абайдың балалар әдебиетіне қосқан үлесі


Пән: Балалар әдебиеті және мәнерлеп оқу практикумы
Топ : БС-23
Тақырыбы:Абайдың балалар әдебиетіне қосқан үлесі.
Жоспар:
1.ХІХ ғасырдың ақыны, ойшыл қоғам қайраткері,— Абай Құнанбаев.
2. Балаларға арналған өлеңдерінің тақырыбы.


Қазақ халқының ағартушыларының бірі ХІХ ғасырдың ақыны, ойшыл қоғам қайраткері,— Абай Құнанбаев.
Абай өзі — педагог болмаса да, Ы. Алтынсарин сияқты, баланы оқытуға, тәрбиелеуге көп көңіл бөлген, оған зор мән бере білген ақын. Баланы оқытудың да белгілі мақсаттары, алдарына қоятын тілектері барын айтқан. «Баламды медресеге біл деп бердім, қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім»,— дейді Абай. Халық үшін туған ұл — халық үшін қызмет етсін дегенді басты міндет етіп қояды.
Абай халықтың болашақ жаңа қауымына, жас өспірімдерге арнап бір талай өлеңдер жазды, ақыл сөздер айтты. Жас өспірімдерді өнер-білімге шақырды. Абай өз өлеңдерін еріккеннің ермегі еткісі келмей, жастарға үлгі-өнеге көрсету үшін жазатындығын алдын ала ескертіп өтеді.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін, —
дейді.
Абайдың жас өспірімдерге үлгі-өнеге көрсетуі олардың көңіл күйін оятуға күш жұмсаудан басталады. Одан соң өнер-білімге, ашығырақ айтқанда, орыс халқының үздік мәдениетіне шақыруды мақсат етеді.
Мақсатым — тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ,—
деуі осыдан келіп шығады. Абай бұл сөзді «Жас ұрпаққа, халықтың болашақ тарихының жаңа қауымына әдейі арнап тұрып айтады»,— деген еді М.Әуезов».
Абай өлеңдерінің әрбір жолынан балаларға үлгі-өнеге аларлық насихат белгілері көп табылады. Ол тек құрғақ насихат емес, өмір шындығына, өмірдің қызығы мен шындығы, дүниенің кілті орыс халқында, болашаққа көзіңді ашатын да солар, сондықтан олардан үйрену керек деп ашықтан ашық айтты.
Осы идеяны іске асыру үшін мұны да өз шығармасының негізгі арқауы етті.
Абай жылдың төрт мезгілін, табиғаттың әсем көріністерін адам өмірімен тығыз байланыстыра суреттеу арқылы оны жастарға тіршілік тірегі деп түсіндірді. Адам өзіне қажетті барлық заттарды, жаратылысты зерттеу, игеру арқылы табатынын, адам өмірі соған байланысты екенін суреттейді.
Орыс халқының атақты сыншысы В. Г. Белинский: «Сіз оларды тамаша дүниенің шексіз әр алуан құбылыстарымен таныстыра отырып, олардың білімдерін байыта аласыз, олардың өмір шындығына көзқарасын кеңейте аласыз... Ал ол үшін балаларға арнап бүкіл дүниеге, бүкіл табиғатқа жан беріп, меңіреу тасты да, қырдың қылтанағын да, сарқыраған бұлақты да, майда қоңыр желді де, гүл үстінде ұшып жүрген көбелекті де, сүйіспеншілік тілмен, өмір тілімен сөйлету ке­рек», — деген. В. Г. Белинский айтқандай, Абай өлеңдерінің балаларға лайықты әсем түрлері алдымен осы табиғат байлығын танытудан, оны адам өмірімен, тіршілік тірегімен бай­ланыстыра суреттеуден басталалы. Өйткені «Қай жерде өмір болса, сол жерде поэзия бар»,— деп А. С. Пушкин айтқандай, Абай да көркемдікті қабылдаудың, сүйсінудің қайнар бұлағы өмірдің өзі деп түсінген. Оның бәрі де еңбек процесі арқылы туатынын да жақсы білген.
Адамды қуантатын да, бақытқа жеткізетін де еңбек процесі екенін практикадан да, өмірдің өзінен де көрген. Сондықтан да Абай жылдың төрт мезгілін еңбек процесіне, қимыл, әрекетке байланыстыра суреттеген. Ол тек пейзаждық көркем көрініс емес, адам өмірі тіршілігі мен тығыз байланысты түрде сүйкімді, нәрлі көрінеді. Сондықтан балалар адам тіршілігімен тығыз байланыстыра суреттеген Абайдың «Қыс», «Жаз», «Күз», «Жазғытұрым» деген өлеңдерін аса қадірлеп, сүйіп оқиды.
Табиғаттың әсем көрінісін суреттеуде қолданған Абайдың шешен тілі, сөздік құрамы, әсем теңеулері балаларды таң – тамаша етеді. Соған сүйсінеді, сүйсінерлік істен үлгі алады. «Абайдың өмірді аңсаған, өмірді баяндаған поэзиясы, сиқырлап бойды алатын адамгершіл лирикасы, өмір сүйгіш жүректің арманын білдірген оның табиғат, жыл мезгілі, сұлу қыз, құс салу, ат, достық пен махаббат туралы тамаша өлеңдері — эстетикалық ләззаттың сарқылмас бұлағы»,— деп М. Қаратаев айтқандай, жас өспірімдер де Абайдың өмірлі өлеңдерінен эстетикалық ләззат, рухани азық алады.
Абайдың осы сияқты педагогикалық және тәрбиелік мәні зор өлеңдері мен ақыл сөздерінде оқушының түсінуіне жеңіл болу үшін екі нәрсені салыстыра айту методы бар. Түсінуге жеңіл болу үшін, өлең жазғанда да көрнекілік мәні бар екі затты қатар қойып, салыстыра жырлауды ірі жазушылар өздеріне зор міндет етіп қойғаны байқалады.
Данышпан Абай адамшылықтың ар, намысын, адал еңбек жемісін, адамдар достығын, семья сыйластығын, өнер-білім мұраттарын жырлай отырып бала жайында, бала өсіруші ата мен ана жайында да көптеген ұстаздық өсиет қалдырды. Солардың ішінде Абайдың қара сөздерінің «Оныншы сөз» деп аталатын ғақлиясы бала өсіретін ата-анаға арналып айтылған. «Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді»,— деп, мағынасы тар, мардымы аз дүмбілез ұғымды сөгеді.— Өзіңнен қалған, өзгеден қызғанатын нендей дүниең, қандай еңбегің бар еді, әуелі соны неге ойламайсың»,— дейді. Өзіңнің еткен амалың, көрген өмірің айтарлықсыз болса, оған бола мұрасқор тілеп не керек. «Артымнан құран оқысын деп тілейсің. Өз тіршілігіңде жақсы қылығың көп болса, саған кімнің жаны ашымайды, кім жақсылық тілемейді? Тіршілігіңде жақсы болмасаң, жақсылық ісің болмаса, жұрт сені не қылады? Өлген әкенің күнә сын, яғни кемшілігін, жаманшылығын, балаң қайтып өтейді.
Қартайғанда тамағымды асырасын деп тілеу де бос сөз. Қашан да болса өз күшіңе, еңбегіңе сен, балаңнан үміт еткің келсе, сол үмітіңді өзің әзірле. Балаңды соған лайық тәрбиеле. Үмітіңнің ақталарына өз тіршілігіңмен көзіңді жеткіз»,— дейді.
Кейбір ата-ана өз баласын өзі алдайды. «Әне, оны берем, міне, мұны берем» деп қулық жасайды, соған мәз болады. Соңыра баласы алдамшы болса, оны кімнен көреді?
Бала тілін қызық көргенсіп, «Боқта, боқта» деп үйретеді де, «Кәпір қиянқы, осыған тимеңдерші!» деп, оны дандайсытып, тентектікке, әдепсіздікке өзі үйретеді.
Абай жастарды тәрбиелеу, оқыту мәселесіне көңіл бөлумен қатар, жолдастық, достық қарым-қатынастар, адамгершілік жайында да іргелі пікірлер айтты. «Жаман дос — көлеңке: басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың», - дейді Абай.
Достықтағы тұрақсыздық, опасыздық, екі жүзділік адам бойындағы ең бір жаман қасиет, ондай жаман әдеттен табансыздықтан жастардың бойын аулақ ұстауды талап етеді. Жас жанның сара көңілі әрқашан әділдікті жақтайтын боп өссін деген талаптар қояды. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас, қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол», — дейді.
Кіммен достасудың аралық белгісін көрсетеді? Күнде жиын, күнде той боп жатқандай кейбір кісі қайғысыз, қасіретсіз болады. Осындайлардан, аулақ болуды, осындайлардан жастарды сақтандыруды әрқашан ескертіп отырады. Тоқсан ауыз создің тобықтай түйінін тауып айтады. Балаларға керектісі де сол. Өйткені олар айқындықты, дәлдікті, ақиқатты, сәби көңілін оятып, өзін болашаққа қызықтырып, итермелеп отыратын тұжырымды ойды қажет етеді. Қорытып айтқанда, Абай сөздері мен өлеңдерінің балаларға қымбатты да, қажетті жақтары оның осындай тәрбиелік зор бағасы барлығынан көрінеді. Ол — сондықтан да қазақ балалар жазба әдебиетінің негізін қалаушы кемеңгердің бірі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет