25.01.2022.
Топ:301
пән:Бейнелеу өнерінің негіздері және оқ әдістемесі.
Тақырып: Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесін оқытудағы теориялық және практикалық тұрғыдағы басты бағыттары
Бейнелеу өнерінің әдістемесі пән ретінде . Әдістеме – белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жету үшін істелетін іс-әрекет барысындағы әдіс-тәсілдерінің жүйелі бірлігі деген ұғымды білдіреді. Іс-әрекетті жүйелі әдістемелік бірлікте дұрыс жүргізу, яғни сол іс-әрекеттің мақсатына жетудің қысқа да нәтижелі жолын табу болып табылады.
Белгілі бір күрделі жұмысты орындау барысында тәжірибелі адам ол күрделі жұмысты жекелеген бөліктерге бөліп , жұмыстың әдіс-тәсілдерін жүйелі бірізділікпен пайдаланып біртіндеп орындайды. Ал суретші белгілі бір бейнені,көріністі бейнелеу үшін алдымен оны қарап , зерттеп күрделілігін анықтап,содан соң бейнені жазықтық бетіне композициялық шешімін тауып орналастырады. Содан соң бейнедегі жекелеген заттардың көлемін пропорциялық сәйкестігін нақты көрсетіп бейнелейді. Соңында бейнеленген жұмысқа қайтадан жалпы қарап, ондағы бейнелердің көркемдік үйлесімділігін, бірлігін тексереді.
Достарыңызбен бөлісу: |