Ал педагогика ғылымындағы әдістеме – оқытушы мен оқушы арасындағы мақсатты оқу-тәрбие іс-әрекетіндегі әдіс-тәсілдердің жүйелі жиынтығы.
Әдістеме негізінде, жалпы және жеке болып екі түрде қарастырылады. Біріншісінде – жалпы пәндер бойынша оқу-тәрбие мәселелеріне байланысты әдіс-тәсілдер жүйесі қарастырылса, соңғысында – жекелеген пәндер бойынша оқу-тәрбие жүйесі қарастырылады. Біз жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын бейнелеу өнері пәнін қарастырамыз.
Педагогика ғылымында оқытудың әдістері, мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білім, іскерлік дағды игеріліп, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды. Яғни, оқыту әдістері- мұғалім мен оқушылардың арасындағы оқу-тәрбие жұмыстарын нәтижелі етіп ұйымдастыру іс-әрекетінің тәсілдері. Дәлірек айтқанда, әдіс белгілі бір мақсатқа жету іс-әрекетінің нақты жүйеге келтіретін тәсілдердің жиынтығы. Сонымен бейнелеу өнерін мектепте оқыту жұмысында жеке пән әдістемесі- педагогикалық дидактика негіздерін бетке ұстай отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына, көркемдік идеяларын түсінуге мүмкіндік тууы тиіс, яғни оқушылардың ойын, қиялын дамытуға, өз бетімен шығармашылық тұрғыда ізденіп жаңа білімді меңгеруіне ықпал жасауы керек.
Жоғарыда айтылғандай, оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жету әр мұғалімнің сол тәсілдерді тиімді таңдап алып, шебер пайдалана отырып оқыту процесін ұйымдастыруына, оқушылардың қабылдау дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенді педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.
Бейнелеу өнерін мектепте оқыту әдістемесіне байланысты әр түрлі таласты пікірлер бар екендігі рас. Кейбір әдіскерлер бейнелеу өнерін оқытуда оқушының қиялын, қоршаған ортадан алған алғашқы әсерлік сезімін алға қойып, екінші кезеңде бейнелеу ереже заңдылықтарын баланың сол сезімдік әсерін пайдалана отырып оқытуды ұсынады.
Ал кейбір әдіскерлер баланың алғашқы сезімдік әсерін жүйелеп, бейнелеу іс-әрекетін белгілі бейнелеу ереже заңдылықтарына бағындыру арқылы оқытуды ұсынады. Енді бір әдіскерлер бейнелеу өнерін мектепте оқытуды-тек оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытындағы жұмыс деп түсіндіреді.
Сондықтан педагог-әдіскерлер осы пікірлердің жігінен жол тауып, қазіргі кездегі оқу – тәрбиенің мақсаты мен міндеті болып отырған, жеке басы жан-жақты дамыған, одан әрі өз бетімен дами алатын қоғам азаматын дайындауда ғылыми –шығармашылық ізденіспен жұмыс істеу керек.
Бейнелеу өнері жалпы білім беретін мектепте оқушыға тек эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, сонымен қатар, дүниетанымын, кеңістік қиялын, ой-өрісін тағы басқа көптеген жақсы қабілеттерін дамытуды көздейді. Сондықтан да педегогика ғылымдарының негізін салушылар И.Г. Песталоцци, Ж.Ж. Руссо, Дж.Локк, Я.А.Коменскийлердің өз еңбектерінде, баспаларда бейнелеу өнерінің баланы жан-жақты дамытуда, тәрбиелеуде, білім беруде үлкен рөлі бар екендігін ғылыми дәлелдеп жазып, жалпы білім беретін мектептерге пән ретінде енуіне себепші болды.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымның бір саласы, ол практикалық жұмыс тәжірибесін теориялық ғылыми жүйелендіріп таратады. Яғни бейнелеу әдістемесі педагогика ғылымы , психология, эстетика және өнертану негіздерін басшылыққа алып дамиды. Ол бейнелеу өнеріне оқытудың жаңа ереже заңдылықтарын жасайды, жинақтайды,ұсынады. Бұл әдістемені бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесі деп алуымызға болады. Сонымен қатар, сол бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесін жинақтап, зерттеп ұсынған әдіс-тәсілдерді оқу –тәрбие процесінде жүзеге асыруды
Достарыңызбен бөлісу: |