Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихы Адам баласының қоршаған ортаны бейнелеуге ынтасы ежелгі дәуірлерден басталған. Оған алғашқы адамдардың сүйектерге, мамонт мүйіздеріне және үңгірлерге бейнелеген суреттері дәлел. Ол бейнелер сол кездегі адамдардың тұрмыс тіршілігін, қоршаған орта туралы көзқарасын көрсетеді. Біртіндеп осы бейнелер негізінде жазу пайда болды. Сөз жоқ, алғашқы адамдар жасаған бейнелеу өнерінің үлгілері аяқ астынан пайда болған жетістікемес, ол көптеген жылдар бойы дамып жетілген тәжірибе мен дәстүрдің жемісі болатын.
Алғашқы сурет салуға үйрену тікелей көргенді қайталау, яғни көргенді көшіру еді. Алғашқы бейнелер үлкендердің тіршілік үшін жасаған еңбек процесіне, тіршілік көзі болған табиғатқа, жануарларға байланысты болды.
Неолит дәуіріндегі (б.з. б. 5-3 мың .ж.) жер өңдеу мен қолөнердің пайда болуы адамдардың өнерге деген көзқарасын мүлдем өзгертті. Адамның суретсала білу шеберлігі, қолөнер бұйымдарын, соның ішінде қыштан жасалған бұйымдарды безендіру басталды.
Нағыз өнерге оқыту, мектепте ұйымдастыру тек өркениет дәуірінде пайда бола бастады. Оған дәлел ретінде ежелгі Мысырда (Египет) дамыған жоғары дәрежелі мәдениетті қарастыруға болады.
Тарихи деректер бойынша ежелгі Мысырда суретсалу мектепте сызу пәнімен қатар оқытылғанын білуге болады. Мектеп бітіруші жерді өлшеуді, бөлме жобасын, су құбырының кестесін сызуды білуге міндетті болды.
Мысыр мектептерінде оқушыларға суретсалуды оқытуға ерекше көңіл бөлінді, өйткені иероглифтік жазу әр түрлі заттар бейнелерінен тұрды. Мысалға А әрпі құс бейнесінде, Б әрпі адамның аяғының бейнесінде салынды.
Тәрбиелеу мен оқыту тәртібі бұл мектептерде өте қатал болды: мектеп немесе оқушы ережесін болмашы бұзушыларды таяқпен соққыға алып жазалауға дейін барды, тіпті кей жағдайларда оқушының қол-аяғын байлап ғибадатханалардың қараңғы бөлмесіне ұзақ уақытқа қамады. Ол мектептер заңында былай делінген: «Күнделікті жұмысқа ынталы бол, жігерлі бол. Бір күн де ерінбе, болмаса соққыға жығыласың».
Оқыту әдісі мен тәртібі барлық суретші педагогтарда бірдей болды. Алғашқы болып ежелгі мысырлықтар жас ұрпақты сурет салу дағдысына оқытуда белгілі бір жүйеге негізделген теориялық заңдылықтарды жасай бастады. Олар суретсалуға оқыту процесін қоршаған ортаны тануға, байқауға емес, сызбаларды, қағидаларды (канондарды) жаттау арқылы үлгілерді көшіруге негіздеді.
Ал Ежелгі Грек суретшілері оқыту мен тәрбие мәселесіне жаңаша тұрғыдан қарады. Олар қоршаған ортадағы өсімдікке, табиғи құбылыстарға көңіл бөлу қажеттілігін мойындап, бейнелеу өнерін оқытудың өзіндік ережелерін жасады. Гректер әдеміліктің мәні сымбаттылық,симметриялық, бөліктердің тұтастық үндестігі, дұрыс математикалық тепе-теңділік деп тұжырымдады.
Грекияда б.з.д. VIғасырда бірнеше сурет мектептері болды. Олар-Сикиондық,Эфестік және Фивандық мекиептер. Бұл мектептер әр түрлі әдістемелік бағыт ұстады. Фивандық мектеп жарық, көлеңке арқылы өмір шындығын және елесті көрсетуге бағытталды. Эфестік мектепте сыртқы сұлулыққа және табиғатты көркемдік тұрғыдан қабылдауға, соның ішінде шығармашылық, эстетткалық шабытқа мән берілді.
Сикиондық суретмектебі жаратылыстанудың ғылыми мәліметтеріне және табиғат заңдарына негізделді. Сикион суретмектебі оқыту әдістемесінің дамуына ғана емес, сонымен қатар жалпы бейнелеу өнерінің дамуына үлкен әсер етті. Бұл мектеп оқыту әдістемесін ғылыми негізде құрып, оқушыны табиғатты зерттеуге, оның заңдылықтарын ашуға жетелеп, табиғат сұлулығына деген сүйіспеншілік көзқарасын тәрбиеледі. Сикиондық мектептен Памфил, Мелантий Павзий және ұлы Апелес сияқты атақты суретшілер шықты. Сикиондық мектептің басшысы болған Памфилдың арқасында суретсалу Грекияның жалпы білім беретін мектептерінің барлығына пән ретінде енгізілді. Супетсалуға оқытудың міндеті өмір шындығындағы заттарды тек көшіріп бейнелеу ғана емес, сонымен қатар, ол заттардың құрылысының заңдылықтарын зерттеп , тану екендігін алғаш рет Памфил дәлелдеді.
Ежелгі римде де өнерге, соның ішінде бейнелеу өнеріне өте үлкен сүйіспеншілікпен қарады. Ауқатты адамдар грек суретшілерінің туындыларынан коллекциялар жинап, тіпті ақсүйектер мен үкімет қызметкерлері сурет және кескіндемемен (живопись) айналысты. Суретке оқыту Римдегі жалпы білім беру мектерінде жүргізілді.
Бірақ Римдіктер грек суретші педагогтарының жасаған бейнелеуге оқыту әдістемесін одан әрі дамытып жетілдірмеді, керісінше, кейбір оқыту әдістерін олар сақтай алмады. Грек суретші-пелагогтары бейнелеу өнерінің басты мәселелерін шешуге талпынып, өз шәкірттерін бейнелеуге оқуды ғылым арқылы игеруге шақырып, бейнелеуге ұсақ кәсіп ретінде емес үлкен шығармашылық ретінде қарау керектігін түсіндірсе , ал Рим империясының суретші –педагогтарын бейнелеу өнерін оқытуды одан әрі дамыту мәселелері көп алаңдатпады. Олар бейнелеу өнеріне ұсақ кәсіп ретінде қарап, бейнелеуге оқытуда тек үлгіден көшіру әдісімен шектеліп, ұлы грек шеберлерінің жұмыс тәсілдерін қайталады.
Сөйтіп римдік суретшілер гректер жасаған бейнелеуді оқыту әдістемелерін біртіндеп жоғалта бастады.
Ұлы Рим империясы құлаған соң орта ғасырда шынайы өнер жетістіктері мүлдем жоққа шығарылды. Суретшілері бейнені жазықтық бетінде тұрғызу ережелерін, гректер жасаған оқыту әдістерін (император Константин және папы Сильвестр тұсында) білмеді. Ағарту ісіне қарсы болған христиан шіркеулері грек шеберлерінің теориялық еңбектерін, сонымен қатар бейнелеу өнерінің аса құнды туындыларын аяусыз құртып талқандады. Өнерге деген сүйіспеншілік, өнерге табынушылық деп танылып қудаланды.
IX-XI ғасырлардағы дағдарыс-тоқыраудан кейінгі қайта өрлеу дәуірі бейнелеу өнерінің және оны оқыту әдістемесінің даму тарихына үлкен әсерін тигізді.
Бейнелеу мәселелерімен Ченнини Ченнино, Альберти, Леонардо да Винчи, Дюрер және т.б. бейнелеу өнерінің шеберлері айналыса бастады. Олар табиғи құбылыстар заңдылықтарын түсіну мақсатындағылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып, бейнелеу өнерін ғылыммен байланыстырды. Жұмыстың нәтижелі болуына археологиялық қазбалардан табылған өнер үлгілері және Ежелге Грекияның ұлы өнері жөніндегі тарихшылар қалдырған деректер көмектесті. Қайта өрлеу суретшілері антикалық өнерүлгілерін зерттеу барысында игерген теориялық білімдерін өздерінің шығармашылық жұмыстарында пайдаланды және перспектива, анатомия, пропорция ілімдерін зерттеп жетілдіруді басты мақсат етіп алды.
Бейнелеу өнерінің адам баласының заманнанзаманға рухани, эстетикалық байлығы ретіндеұласып келе жатқан өнер саласы. Бейнелеу өнеріжеке өнер саласы емес, бірнеше өнер cаласының өмірге келуіне себепкер болған бейнелеу өнерінің атасы.
Достарыңызбен бөлісу: |