Пән бірлестігінің ережесі: Әдістемелік бірлестік туралы ереже
І. Жалпы ережелер:
Әдістемелік бірлестік білім мекемесіндегі әдістемелік қызметтің негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Әдістемелік бірлестік бір немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, эксперименттік және сыныптан тыс жұмыстарды жүргізеді;
Әдістемелік бірлестік бір пән немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша құрамында кемінде
5 мұғалім болған жағдайда құрылады. Әдістемелік бірлестіктерді құру, олардың санына, құрамына өзгерістер енгізу мектеп директорының бұйрығымен жүзеге асырылады;
Әдістемелік бірлестіктер тікелей директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарына бағынады.
ІІ. Әдістемелік бірлестіктің міндеттері мен қызмет бағыттары:
Әдістемелік бірлестік төмендегідей міндеттерді шешу үшін құрылады:
пән бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастыру және жүргізу;