Сызық бағытын бағдарлау
Меридианға қатысты сызықтың бағытын анықтау бағытты бағдарлау д.а. Бағытты бағдарлау үшін келесі бұрыштар қолданылады: географиялық және магниттік азимуттар, дирекциондық бұрыш, румбылар.
Географиялық (шын) меридианның солтүстік бағытынан сағат тілі бойымен ( -тен -қа дейін) берілген бағытқа дейін есептелінетін горизонталь бұрыш географиялық (шын) азимут деп аталады.
Магниттік меридианның солтүстік бағытынан сағат тілі бойымен ( -тен -қа дейін) берілген бағытқа дейін есептелінетін горизонталь бұрыш магниттік азимут деп аталады.
Өстік меридианның немесе соған параллель сызықтың солтүстік бағытынан сағат тілі бойымен ( -тен -қа дейін) берілген сызықтың бағытына дейін есептелінетін горизонтальды бұрыш дирекциондық бұрыш д.а.
Румб дегеніміз меридианның солтүстік немесе оңтүстік ұшынан берілген сызықтың бағытына дейінгі саналатын сүйір бұрыш.
Достарыңызбен бөлісу: |