Пән бойынша бағдарламасының


Тақырып - Теодолиттік түсірістер



бет16/27
Дата07.02.2022
өлшемі367 Kb.
#83389
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
4.2 Тақырып - Теодолиттік түсірістер
Жоспар
1 Теодолиттік түсірістің мәні, қолданылатын аспаптар.
2 Жұмысты орындау тәртібі.
3 Геодезиялық түсіріс торлары (теодолиттік полигондар және жүрістер).
4 Ситуацияны түсіру әдістері (перпендикулар әдісі, полярлық координат,
бұрыштық және сызықтық қиылысулар, створлар).
5 Абрис, ситуацияны түсіру нәтижелерінің жазбаларының тәртібі.
Теодолитпен өлшеуіш лента көмегімен түсіру арқылы контурлық план шығару теодолиттік түсіріс деп аталады.
Теодолиттік түсіріске жатады:
1 дайындық жұмыстар;
2 дала жұмыстары (құрамы: жерді алдын-ала зерттеп, сол жерлерге нүктелерді бекітіп, теодолиттік жүріс жүргізеді және ситуацияны түсіреді);
3 камеральдық жұмыстар.
Теодолиттік жүріс - бұрыштарды теодолитпен, арақашықтарды өлшеуіш лентамен өлшейтін жергілікті жердегі сынық сызықтар жүйесі. Олар тұйық немесе ашық болады.
Теодолиттік жүрістің нүктелері мен жақтарынан түсіру ситуациясы орындалады. Мынадай ситуациялық түсіру тәсілдері қолданылады: перпендикуляр тәсілі (тікбұрышты координаталар), сызықтық қиылыстыру тәсілі, бұрыштық қиылыстыру тәсілі, полярлық координаталар тәсілі.
Тәсілді таңдау түсіру масштабынан, жергілікті заттың теодолиттік жүрістің нүктесі мен жағына қатысты түрі мен орналасуына бағытты. Жергілікті жерде заттардың теодолитті жүріске қатысты өзара орналасуын көрсететін, еркінше алынған масштабта, қолдан құрастырылған, схемалық сызба – абрис д.а. Абрис негізгі құжат болып табылады, ол арқылы камеральді жағдайда план құрастырылады, сондықтан ол уқыпты және нақты орындалуы керек.
Дала өлшеулердің нәтижелерін өңдеу (камералдық жұмыстар)
1) Өлшенген бұрыштарды үйлестіру және қабырғалардың дирекциондық бұрыштары мен румбаларын есептеу.
2) Координаталар өсімшелерін есептеу және үйлестіру.
3) Теодолит жүрісінің төбелерінің координаталарын есептеу.
4) Теодолиттік түсіріс материалдар бойынша жергілікті жер учаскесінің планын салу.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 104-114 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет