Пән бойынша бағдарламасының


Тақырып - Биіктік өлшеулер, нивелирлеу



бет13/27
Дата07.02.2022
өлшемі367 Kb.
#83389
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
3.3 Тақырып - Биіктік өлшеулер, нивелирлеу
Жоспар
1 Нивелирлеу, оның түрлері
2 Геометриялық нивелирлеудің әдісі мен маңызы.
3 Биіктік есептеудің әдісі (өзара биіктік арқылы және горизонт аспабы арқылы).
4 Нивелирлеу рейкалары, оның құрылысы.
5 Нивелирлер, оның құрылысы мен классификациясы.
План мен карталардағы жер бедерінің көрінісі үшін профильді құрастыру үшін және инженерлік есептерді шығару үшін жер бетіндегі нүктелердің белгілерін білу керек.
Аймақтағы нүктенің белгісін және олардың айырымын (биікайырымын) анықтау үшін жүргізілетін өлшеулер, сонымен қатар есептегіш бетіне қатысты жер бетіндегі нүктелерінің биіктіктерін анықтауларын нивелирлеу деп аталады.
ТМД елдерінде шығушы пункт болып Балтық теңізінің орташа деңгейі есептеледі.
Жұмысты орындау әдісі мен қолданылатын құрал-жабдықтарға байланысты нивелирлеу келесі түрлеріне бөлінеді:
1 Геометриялық нивелирлеу – горизонталь көздеу сәулесімен жүргізіледі. Құралдар: нивелир, нивелирлік рейка. Дәл болып есептеледі.
2 Тригонометриялық нивелирлеу – көлбеу көздеу сәулесімен орындалатын нивелирлеу. Құралдар: теодолит, нивелирлік рейка, өлшеуіш лентасы.
3 Физикалық нивелирлеу
3.1 Барометрлік нивелирлеу – деңгейлік беттен жоғары нүктелер биіктігінің өзгеруімен атмосфералық қысымды өлшеуге негізделген нивелирлеу түрі.
3.2 Гидростатикалық нивелирлеу – сұйықтықтардың қатысатын ыдыстарда бірдей биіктік алу қасиетіне негізделген нивелирлеу.
4 Фотограмметриялық нивелирлеу – ұшақ бортынан арнаулы стереоқұралдармен алынған суреттерден биіктіктерінің әр түрлілігін алады.
5 Механикалық нивелирлеу - ілгіш әрекетіне негізделген нивелир-автоматпен орындалатын нивелирлеу.
Геометриялық нивелирлеу
Нивелирдің горизонталь көздеу сәулесімен және нүктелерде тік орналастырылған рейкалардың көмегімен бір нүктенің екінші нүктеден биікайырымын анықтау геометриялық нивелирлеу деп атайды
Геометриялық нивелирлеу екі әдісімен іске асады: «ортасынан» және «алға».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет