3.2 Тақырып - Бұрыштық өлшеулер
Жоспар
1 Горизонталь бұрыштарды өлшеу принціптері.
2 Теодолиттің классификациясы.
3 Қазіргі техникалық теодолиттердің негізгі типтері және құрылысы.
4 Теодолитті тексеру және жөндеу.
5 Вертикаль бұрыштарды өлшеу. Вертикаль бұрыш (көлбеу бұрыш) туралы түсінік
Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуге пайдаланылатын аспап теодолит деп аталады.
Теодолиттер дәлдігі бойынша үш түрге бөлінеді:
Т-1 – жоғары дәлдікті;
Т-2; Т-5 – дәл;
Т-15; Т-30; 2Т-30; 4Т-30П; Т-60 – техникалық,
Көлбеу бұрыш өлшеу формулалары:
Көлбеу бұрыш нольдік орын арқылы есептелінеді:
Көздеу өсінің горизонталь жағдайдағы вертикаль дөңгелектің лимбасы және вертикаль дөңгелектің алидадасы бойынша санақтын аты – нольдік орын деп аталады.
Горизонтальдық бұрыштарды өлшеу принципіне сәйкес теодолиттің құрылғысы келесі геометриялық шартты қанағаттандыру керек:
1 Горизонталь дөңгелектің алидадасындағы цилиндрлік
деңгейлеуіштің осі құралдың айналу осіне перпендикуляр болуы керек.
2 Көру дүрбісінің көздеу осі дүрбісінің айналу осіне перпендикуляр болуы керек.
3 Көру дүрбісінің айналу осі теодолиттің айналу осіне перпендикуляр болуы керек.
4 Дүрбінің жіптік торының вертикаль жібі дүрбінің айналу
осіне перпендикуляр болуы тиіс.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 55-73 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |