План, картажәне профиль туралы ұғымдар Жер бетінің кішігірім бөлігінің ортогоналды проекциясындағы кішірейтілген бейнесі – план д.а.
Жер бетінің үлкен аумағының картографиялық проекциядағы кішірейтілген бейнесі – карта д.а.
Егер де план мен картада тек қана ситуация бейнеленсе, ондай план мен картаны ситуациялық (контурлық) д.а. Ал, егер ситуациямен қатар рельефтің бейнесі көрсетілген план мен карта топографиялық д.а.
Топокарталар масштабына қарай бөлінеді:
- ірімасштабты – М 1:100 000 одан да ірі;
- ортамасштабты М 1:100 000 - М 1:200 000;
- ұсақмасштабты – М1:1000 000 одан да ұсақ.
Жер бетінің вертикаль қимасы түріндегі кішірейтілген бейне – профиль д.а.
Профиль анықталған бағытпен салынады. Вертикаль масштаб горизонталь масштабтан 10 есе ірі болу керек.