БЕКІТЕМІН
Сәулет-құрылыс
факультетінің деканы
_______ Күдерин М.Қ.
20__ ж. «___»________
Құрастырушы: __________ т.ғ.к., доцент Б.Ч. Кудрышова
6М073000 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығының магистранттарына арналған
GKM 5204 Гидрооқшаулағыш және шатырлы материалдар
пӘнІ бойынша БАҒДАРЛАМАсы (Syllabus)
Бағдарлама 20___ ж. «____»__________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
20___ ж. «___»___________ кафедра отырысында ұсынылған.
Хаттама № _____
Кафедра меңгерушісі _____________ В.Т. Станевич «___»_________20___ ж.
Сәулет-құрылыс факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған
20___ ж. «___»_____________ хаттама №_____.
ОӘК төрайымы _______________ Г.А. Жукенова «___»__________20___ ж.
1. Оқу бағдарламасының төлқұжаты
Пәннің атауы «Гидрооқшаулағыш және шатырлы материалдар»
Арнайы мамандық үшін тандау бойынша компонент.
Кредиттер саны және оқу мерзімі
Барлығы – 3 кредит
Курс: 1
Семестр: 2
Барлығы: аудиториялық сабақтар – 45 сағат
Дәрістер – 30 сағат
Тәжірибелік сабақтар – 15 сағат
МӨЖ – 90 сағат
МОӨЖ– 22,5 сағат
Жалпы еңбек сыйымдылық – 135 сағат
Бақылау түрі
Емтихан – 2 семестр
2. Оқытушы туралы мәлімет және байланысу ақпараттары:
Кудрышова Баян Чакеновна «Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау.» кафедрасының т.ғ.к., доценті.
«Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау» кафедрасы С.Торайғыров атындағы ПМУ Д-302 корпусында, тел. 8-(7182) 67-36-59 орналасқан.
Сабақтарды өткізу орны мен уақыты – аудиториялық сабақтар, межелік бақылау және емтихандық сессия бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
3. Пререквизиттер, постреквизиттер
Пререквизиттер Осы пәнді меңгеру үшін қажетті пәндерді, меңгеру тізімі жұмыс оқу жоспары бойынша. Берілген пән бірінші жыл үшін стандарттқа сәйкес қарастырылған пәндермен қатар оқылады, ғылыми зерттеулердің негіздері, материалдарды физика-химиялық зерттеу әдістері т.б. пәндер бойынша білім қажет.
Постреквизиттер Мамандықтын оқу жоспарымен қарастырылған барлық пәндерді оқу кезінде, алынған білім, зейін мен дағды білім алуға жауапты қарауға мүмкіндік береді. Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағдымашықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: құрылыс материалдарының сапасын бақылау, құрылыс материалдарының өндіріс технологиясының ерекшелігі және т.б.
4. Мәні, мақсаттары мен міндеттері
Пәннің мәні «Гидрооқшаулағыш және шатырлы материалдар» пәні «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша магистранттарды оқыту жоспарының арнайы мамандық үшін таңдау бойынша компонентіне жатады.
Пәнді оқытудың мақсаты
«Гидрооқшаулағыш және шатырлы материалдар» пәннің мақсаты – өндіріс технологиясы мен гидрооқшаулағыш және шатырлы материалдар, құрылыс объектілерінде полимерлер мен полимер–битумды құрамдары негізіндегі герметиктер мен мастикаларды қолдануды оқу.
Пәнді оқытудың міндеттері
Осы пәнді оқу нәтижесінде мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес магистранттардың:
бастапқы табиғи және жасанды органикалық материалдар мен компоненттермен магистранттарды таныстыр, олардың негізінде құрылыста қолданылатын әр түрлі гидрооқшаулағыш және шатыр материалдарының өндіредірілуі;
- экологиялық қауіпсіздікті ескеретін, отын-энергия және басқа материалдық қорларды тиімді пайдаланатын құрылыс материалдары мен бұйымдарының жаңа тиімді технологиялары туралы түсініктері болуы керек;
- құрылыс материалдарының ерекшеліктерін анықтап, жобалық шешімдерді материалдар мен бұйымдарды таңдай алуды, конструкциялардағы материалдар сенімділігін және ұзақ мерзімділігін болжай алуды, өндірістің және кұрылыс материалдары мен бұйымдарын пайдаланудағы экономикалық тиімділігі негіздей алуды, өндірісті бақылай алуды меңгеруі керек.
5. Білімге, дағдыға, іскерлікке және біліктілікке талаптар
Осы пәнді игеру нәтижесінде магистранттар:
- әр түрлі гидрооқшаулағыш және шатыр материалдарының негізгі зерттеу әдістері және ғылыми зерттеу негіздері бойынша түсінігі болу керек;
- гидрооқшаулағыш және шатырлы материалдарының дамыған технологияларын білу және зерттеудің жалпы және жеке әдістерін білу керек.
Білу керек:
оқылатын материалдардың қасиеттерінің және қолдану аумағынның ескерілуімен классификациясын;
органикалық байланыстырғыштар негізінде композиционды материалдарды жобалаудың принциптері;
қолдануына байланысты бұйымдардың әр түрлі топтары үшін органикалық байланыстырғыштарды, толтырғыштарды, пластификаторларды таңдау негіздері; пайдалану жағдайларын ескере отырып материалдарды таңдау негіздері.
Берілген пәнді оқу нәтижесінде магистранттар хабардар болу керек:
жұмсақ шатыр мен құрылыс конструкцияларының гидрооқшаулауын ұйымдастыру кезінде қолданылатын материалдардың қасиеттері туралы;
өндірілетін материалдар ие болуға тиісті қасиеттерді ескере отырып бастапқы компоненттерді таңдау туралы.
Істей білу керек:
бұйымдардың қажетті топтар өндірісінің технологиялық үрдісін жобалау;
құрылыс нысанында пайдаланудың әр түрлі жағдайлары үшін материалдар қасиеттерінің сапалық көрсеткіштерін бағалау.
Тәжірибелік дағдыландыру:
құрылыста қолданылатын бастапқы материалдар үшін, сондай–ақ өндірілетін материалдар үшін техникалық және нормативті құжаттармен жұмыс істеу;
Тәжірибелік дағдылану:
гидрооқшаулағыш және шатырлы құрылыс материалдар мен бұйымдар өндірісіндегі технологиясындағы қызметті ұйымдастыру негіздері;
әртүрлі құрылыс материалдар мен бұйымдардың қасиеттерін бағалау әдістемесі.
Білікті болу керек:
әр түрлі гидрооқшаулағыш және шатыр материалдарының өндірісінде жұмсалатын материалдардың физикалық және химиялық қасиеттерін және олардың талаптарына сәйкестігін; дайындау әдістерін, тасымалдау және шикізат материалдары мен алынған өнемді сақтаудың экономикалық жағдайдарын; материалдардың өндіру технологиясына байланысты әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды меңгеруі қажет;
физикалық, химиялық зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-техникалық есептерді дайындау, зерттеу тақырыбы бойынша ақпаратты жүйелеуде, талдауда және жинақтауда.
6. Пәнді оқытудың пәндік жоспары
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу
№ р/с
|
Тақырыптардың
атауы
|
Аудитория-лық сабақтар
|
МӨЖ
|
дәріс
|
тәж.
|
бар-лығы
|
МОӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
Кіріспе. Гидрооқшаулағыш және шатырлы материалдардың түрлері мен қасиеттері. Гидрооқшаулағыш және шатырлы материалдардың классифкациясы
|
3
|
1
|
5
|
-
|
2
|
Байланыстырғыштардың түрлері мен сипаттамалары. Материалдардың қасиеттері
|
3
|
2
|
5
|
-
|
3
|
Сұйық гидрооқшаулағыш материалдардың технологиясы. Сіңетін гидрооқшаулау
|
3
|
1
|
10
|
2
|
4
|
Еңетін гидрооқшаулау. Инъекционды гидрооқшаулау. Пленкатүзетуші құрамдар
|
3
|
1
|
10
|
3
|
5
|
Пластикалы – тұтқарлы гидрооқшаулағыш материалдардың технологиясы. Жағымды құрамдар
|
3
|
1
|
10
|
3
|
6
|
Мастикалы герметиктер
|
3
|
2
|
10
|
3
|
7
|
Жағымды – тығыздалатын материалдар
|
3
|
2
|
10
|
3
|
8
|
Берік – тұтқарлық және қатты гирооқшаулағыш және шатырлы материалдардың технологиясы. Орама материалдар
|
3
|
2
|
10
|
3
|
9
|
Пленкалы гидрооқшаулағыш материалдар
|
3
|
1
|
10
|
3
|
10
|
Профильді герметиктер. Даналы гидрооқшаулағыш материалдар.
|
3
|
2
|
10
|
2,5
|
Барлығы: 135, (3кредит)
|
30
|
15
|
90
|
22,5
|
7. Дәріс сабақтарының мазмұны
1 тақырып – Кіріспе. Гидрооқшаулағыш және шатырлы материалдардың түрлері мен қасиеттері
Жоспар:
1. Гидрооқшаулағыш және шатырлы материалдардың классификациясы
2. Гидрооқшаулағыш және шатырлы материалдарды қолдану кезеңіндегі физикалық жағдайы мен сыртқы келбеті
3. Гидрооқшаулағыштардың сұйық, пластикалы-тұтқарлы, берік-тұтқарлы және қатты физикалық күйлері
Гидрооқшаулау дегеніміз – құрылыстық конструкциялардың және ғимараттар мен имараттарды су енуінен қорғау болып табылады (антифилтрациондық гидрооқшаулау. Сонымен қатар гидрооқшаулау құрылыстар материалдарын да шаюшы немесе фильтрлеуші суларынан немесе басқа да агрессивті сұйықтан қорғауды (антикоррозиндық гидрооқшаулау) қарастырады.
Гидрооқшаулауды іске асыру жұмыстары гидрооқшаулау жұмыстары деп аталады. Гидрооқшаулау ғимараттар мен имараттардың, құрылыстар мен қондырғылардың пайдалану қасиеттерін жоғарылатады да олардың сенімділігі мен ұзақ мерзімге жарамдылығын жоғарылатады.
Гидрооқшаулауды іске асыру үшін арнайы гидрооқшаулаушы материалдарды қолданады, оларға келесілер жатады:
- металл беттері;
- рулондық және беттік материалдар;
- сұйық т.рінде жағылатын материалдар (мысалы, сұйық резина);
- минералды байланыстырғыш материалдар;
- бентонитті тақталар негізіндегі материалдар;
- енуші қасиетерге ие құрғақ құрылыстық қоспалар.
Ұсынылатын әдебиет: [13,14].
2 тақырып – Байланыстырғыштардың түрлері мен сипаттамалары
Жоспар:
1. Материалдардың қасиеттері
2. Битумдер, битум – резеңкелі байланыстырғыштар, битум – полимерлі байланыстырғыштар, полимерлі байланыстырғыштар, синтетикалық эластомерлер
3. Суға қатысты материалдардың пайдалану қасиеттері
4. Механикалық қасиеттері
5. Гидрооқшаулағыш материалдардың деформативтілігі, ұзақ мерзімділігі
Гидроизоляциялық материалдар үнемі су әсерінде болады және оған судың құрамындағы қоспаларда әсер етеді. Жабынды материалдарға тән қасиеттерден басқа олар жоғарғы беріктілігімен және су өткізбейтіндігі, химиялық тұрақтылығы мен иілгіштігімен сипатталуы қажет. Бұл қасиеттер болмаса шөгу, температуралық және басқа деформацияның әсерлерінен жекелеген конструкцияларда жарықтар мен сызаттар болуы мүмкін.
Бұл талаптарды көбінесе битум мен қарамай негізінен алынған жабынды және гидроизоляциялық материалдар қанағаттандырады.
Кейбір кемшіліктеріне қарамастан битумды және қарамай орамалы жабын материалдары асбестцементті және шатырмен салыстырғанда құрылыста кеңінен қолданылады, оның ішінде әсіресе өндірісте. Олар шатырды аз енкіш қылып, жабынды жазықтық түрінде және шатырды күрделі конфигурациялы құруға мүмкіндік береді. Жабынды агрессиялы ортада қолданған кезде, оларды пайдалануға жұмсалатын шығын аз болады.
Битум және қарамай негізіндегі жабынды және гидроизоляциялық материалдар келесі түрлерге бөлінеді: орамалы, табақты және даналы материалдар; Сырламалы материалдар – мастикалар, эмульсиялар және пасталар, ал байланыстырғыш түріне байланысты – битумды, қарамайлы, гудрокамды, резиналы битумды және қарамай – полимерлі болып бөлінеді.
Ұсынылатын әдебиет: [11,16].
3 тақырып – Сұйық гидрооқшаулағыш материалдардың технологиясы
Жоспар:
1. Сіңетін гидрооқшаулау
2. Сіңу негіздері: табиғи жағдайларда; вакуумды қолданумен; ыстық - суық ванналарды қолданумен
3. Осматикалық қысымның әсерімен сіңіп енетін химиялық ауысуы (кольматация); қысымнан (инъекциялау)
4. Сіңуге арналған материалдар: битумды (балқымалар, эмульсиялар), полимерлі құрамдар
Сұйық гидрооқшаулағыш материалдардың технологиясы. Сіңетін сұйық заттар конструкцияға немесе оның бөлек элементтеріне оңай сіңіп кету қасиеттеріне ие болады. Ол сіңе отырып түрлі кеуетер мен ақаулардың ішіне кіріп кетіп, оларды толықтырады. Бұның арқасында кез келген жерлерге қажет тереңдікке еңіп кетеді.
Сіңуші заттар негізінде битумды (балқымалар, эмульсиялар), полимерлі құрамдарды, тас тәрізді деготьтар, төменмолекулярлы полиэтиленді қолданады.
Қазіргі кезде сіңуші материалдар арасында ең кең тарағаны – битум. Ол ыстық та суық та күйінде де қолданыла береді. Сонымен қатар битумды эмульсия түрінде қолданылады. Эмульсиядағыы битум мөлшері 50%-дан төмен болмауы тиіс.
Сіңу негіздерін қарастыратын болсақ, ол негізінде осматикалық қысымның әсерімен сіңіп енетін химиялық ауысуы (кольматация) және қысымнан (инъекциялау) арқылы болады.
Ұсынылатын әдебиет: [5,12].
4 тақырып – Еңетін гидрооқшаулау. Инъекционды гидрооқшаулау. Пленкатүзетуші құрамдар
Жоспар:
1. Битум негізінде – лактар, битум полимерлі қорытпалар
2. Полимерлі лактар мен бояулар: этинолді, перхлорвинильді, поливинилацетатты, эпоксидтті композициялар, полиэфирлі құрамдар
3. Фенолформальдегидтті қарамай, органикалық кремний бояулары, топырақты құрамдар
Еңетін гидрооқшаулау. Инъекционды гидрооқшаулау. Пленкатүзетуші құрамдар.
Еңетін заттар – қысым арқасында материал немесе конструкцияға қажет тереңдікке еңетін материалдар болып табылады.
Бұл тәсіл кезінде одан әрі иілімді гидрооқшаулағыш материалдарды қолдануға болады. Оған мысал ретінде битумды ерітінділер мен иілімділігі 40с-қа жететін эмульсияларды жатқызуға болады.
Битумдар су ерітінділеріне, көптеген қышқылдарға, сілтілерге, тұздарға және агрессивті газдарға төзімді келеді, бірақ әр түрлі органикалық ерітінділерде (хлороформ, этил спирті, бензин, бензол, ксилоле, скипидаре, ацетоне және тағы басқа) біртіндеп немесе толығымен еріп кетеді. Мұндай қасиеттерге ие битумдарды мастиктерді, лактарды және краскаларды дайындау технологиясына қолдануға мүмкіндік береді. Битумдардың тағайындалуы бойынша құрылыстық, төбе жабындар және жол құрылыс болып бөлінеді.
Құрылыстық мұнай битумдары құрылыс жұмыстарына әр түрлі тұрмыстық құрылыстарға қолданылады. Құрылыстық мұнай битумдарын негізінен мұнай қалдықтарынан және асфальттық қоспалардан немесе май өндірісінің экстракталарынан алынады. Материалдың мынандай маркалары болады: БН – 50/50, БН – 70/30, БН – 90/10. Құрылыс мұнай битумдары жанғыш зат болғандықтан тұтану температурасы 220...2400С болады. Өздігінен тұтанудың минимальды температурасы 3680С.
Кейбір кемшіліктеріне қарамастан фенолформальдегидтті қарамай, органикалық кремний бояулары, топырақты құрамдар асбестцементті және шатырмен салыстырғанда құрылыста кеңінен қолданылады, оның ішінде әсіресе өндірісте. Олар шатырды аз енкіш қылып, жабынды жазықтық түрінде және шатырды күрделі конфигурациялы құруға мүмкіндік береді. Жабынды агрессиялы ортада қолданған кезде, оларды пайдалануға жұмсалатын шығын аз болады
Ұсынылатын әдебиет: [3,14].
5 тақырып – Пластикалы – тұтқарлы гидрооқшаулағыш материалдардың технологиясы
Жоспар:
1. Жағымды құрамдар
2. Пасталар, дайындау технологиясы, мастикалар, классификациясы, оларға қойылатын талаптар
3. Шатырлы гидрооқшаулағыш мастикалардың түрлері
Битум және қарамай негізіндегі жабынды және гидроизоляциялық материалдар келесі түрлерге бөлінеді: орамалы, табақты және даналы материалдар; Сырламалы материалдар – мастикалар, эмульсиялар және пасталар, ал байланыстырғыш түріне байланысты – битумды, қарамайлы, гудрокамды, резиналы битумды және қарамай – полимерлі болып бөлінеді.
Орамалы жабынды және гидроизоляциялық материалдар екі түрлі болады: негізгі және негізсіз. Шатырлық картонды, шыны матаны, шыны мақтаны, темір фольганы, асбест картонын және сол сияқты негіздер органикалық байланыстырғышпен өңдеу арқылы жасайды. Негізсіз материалдарды органикалық баланыстырғыштар, ұнтақ және арнайы қоспалардан тұратын күрделі қоспаларды термомеханикалық өңдеуден өткізіп, кейіннен қажетті қалыңдықпен каландрдан айналдырып төсем түрінде алады. Құрылыста ең көп қолданылатыны бірінші түрдегі материалдар.
Орамалы материалдарды құрылыс класына, климаттық және эксплуатациялық жағдайына, шатырдың еңістігіне байланысты бір қабат етіп, көбінесе монолитті жабын болуы үшін бірнеше қабат жасап төсеп жабады. Сондықтан олар шатырлық кілем деп аталады.
Ұсынылатын әдебиет: [14,16].
6 тақырып – Мастикалы герметиктер
Жоспар:
1. Физикалық, химиялық үрдістерге байланысты қолдану кезіндегі жағдайлар
2. Герметиктердің қатаятын (вулкандалатын), қатаймайтын және олардың құрғайтын түрлері
Мастикалы герметиктер дегеніміз – полиизобутиленнің гидрофобты қоспасы болып келеді. Сонымен қатар құрамында толтырушы және девулкандалған ескі резеңке ерітіндісі болады.
Мастикалардың арасында кровлелит пен гидробитум ерекше орынңа ие болып келеді. Сырламалы материалдар – мастикалар, эмульсиялар және пасталар, ал байланыстырғыш түріне байланысты – битумды, қарамайлы, гудрокамды, резиналы битумды және қарамай – полимерлі болып бөлінеді.
Герметиктерді қолдану аясы – герметикалау тарауына қатысты болып келеді. Герметикалау – газдар мен сұйықтықтардың толық оқшаулуын айтады. Ол қабырғалар мен беттер үшін, сыртқы және ішкі қабырғалар үшін сонымен қатар түйісулер мен түйыінделу жерлері үшін қолданылады.
Герметиктердің қатаятын (вулкандалатын), қатаймайтын және олардың құрғайтын түрлері болады.
Ұсынылатын әдебиет: [16,17].
7 тақырып – Жағымды-тығыздалатын материалдар
Жоспар:
1. Жағып-тығыздалатын материалдар
2. Материалдардың әр түрлі тығыздау әдістері: жағып-тегістеу, дірілдетіп тығыздауды, торкретеп сылау
3. Гидрооқшаулағыш бетондар, ерітінділер мен кейбір тұтқарлығы жоғары мастикалар
4. Асфальтты бетондар мен ерітінділер
5. Полимерлер (полимерцементтік, полимербетондар, бетонды полимерлер) негізінде гидрооқшаулағыш бетондар
Жағып-тығыздалатын материалдарды қолданумын жасалатын гидрооқшаулау әдетте ең сенімді болып келеді. Ол процесс ыстық күйдегі асфальтты бетондар мен ерітінділерді қолданумен жүреді. Ол горизонталды негіз бойынша қалыңдығы 2-3 см болатындай етіп бірнеше қабатпне жамалады. Бұл тәсіл қиын, күрделі және шығынды көп қажет ететіндіктен оны тек ең жауапты жағдайларды ғана қолданады. Бұл әдістің дамуы асфальт-керамзитбетонды, битумперлитті және гидрооқшаулағыш бетондар, ерітінділер мен кейбір тұтқарлығы жоғары мастикаларды қолдану жолымен келе жатыр.
Гидроизоляциялық материалдар үнемі су әсерінде болады және оған судың құрамындағы қоспаларда әсер етеді. Жабынды материалдарға тән қасиеттерден басқа олар жоғарғы беріктілігімен және су өткізбейтіндігі, химиялық тұрақтылығы мен иілгіштігімен сипатталуы қажет. Бұл қасиеттер болмаса шөгу, температуралық және басқа деформацияның әсерлерінен жекелеген конструкцияларда жарықтар мен сызаттар болуы мүмкін.
Бұл талаптарды көбінесе битум мен қарамай негізінен алынған жабынды және гидроизоляциялық материалдар қанағаттандырады.
Кейбір кемшіліктеріне қарамастан битумды және қарамай орамалы жабын материалдары асбестцементті және шатырмен салыстырғанда құрылыста кеңінен қолданылады, оның ішінде әсіресе өндірісте. Олар шатырды аз енкіш қылып, жабынды жазықтық түрінде және шатырды күрделі конфигурациялы құруға мүмкіндік береді. Жабынды агрессиялы ортада қолданған кезде, оларды пайдалануға жұмсалатын шығын аз болады.
Ұсынылатын әдебиет: [8,13].
8 тақырып – Берік – тұтқарлық және қатты гирооқшаулағыш және шатырлы материалдардың технологиясы
Жоспар:
1. Орама материалдар
2. Бұл материалдардың топтары: орамды, пленкалы, дана
3. Бірінші кезеңнің материалдары – (рубероид, пергамин, гидроизол)
4. Картонды ауыстыру, битумды байланыстырғышты түрлендіру
5. Жоғарғы бетін беріктігін арттыратын қоспалардың жаңа түрлерін қолдану
Орамалы жабынды және гидроизоляциялық материалдар екі түрлі болады: негізгі және негізсіз. Шатырлық картонды, шыны матаны, шыны мақтаны, темір фольганы, асбест картонын және сол сияқты негіздер органикалық байланыстырғышпен өңдеу арқылы жасайды. Негізсіз материалдарды органикалық баланыстырғыштар, ұнтақ және арнайы қоспалардан тұратын күрделі қоспаларды термомеханикалық өңдеуден өткізіп, кейіннен қажетті қалыңдықпен каландрдан айналдырып төсем түрінде алады. Құрылыста ең көп қолданылатыны бірінші түрдегі материалдар.
Орамалы материалдарды құрылыс класына, климаттық және эксплуатациялық жағдайына, шатырдың еңістігіне байланысты бір қабат етіп, көбінесе монолитті жабын болуы үшін бірнеше қабат жасап төсеп жабады. Сондықтан олар шатырлық кілем деп аталады.
Рубероид, пергамин және толь жасарда қолданылатын төбе жабын картондарын шүберек талшықтарынан, макулатурадан, целлюлозадан және тағы басқадан жасайды. Мұндай картондардың үзгендегі мықтылығы жетерліктей және битум не дегта сіңіртпелігі жоғары болады. 1 м2 құрғақ картон массасы бойынша ол мынадай маркаларға бөлінеді: А – 500, А – 400,
А – 300, Б – 400, Б – 350, Б – 300, В – 400, В – 350, В – 300; неғұрлым 1 м2 картонның массасы жоғары болса, соғұрлым оның үзгендегі мықтылығы жоғары келеді және соғұрлым органикалық байланыстырушыны көп сіңіреді де, рулондық материалдың сапасын жақсартады.
Сонымен қатар рубероидтан басқа жұмсақ шатыр материалдарының қазіргі кезде басқада түрлері қолданылады.
Ұсынылатын әдебиет: [7,14].
9 тақырып – Пленкалы гидрооқшаулағыш материалдар
Жоспар:
1. Бұл материалдардың бөліну топтары: полимерлер негізіндегі және эластомерлердің (жұмсақ резеңке) негізіндегі пленкалар
2. Аса кең қолданылатын пленка термопласттардың негізінде жасалған пленкалар
3. Полиолефиндер, поливинилхлоридтер, полиамидтер, поливинилацететтер, фторопластар
4. Полимерлер мен эластомерлердің (жұмсақ резеңке) негізінде жасалған пленкалардың қасиеттері мен технологиясы
Бұл материалдардың бөліну топтары: полимерлер негізіндегі және эластомерлердің (жұмсақ резеңке) негізіндегі пленкалар болып табылады.
Пленкалы гидрооқшаулағыш материалдар негізінде эпоклсидті-диоксидті қарамай жатады. Ол әдетте ЭД-16 және ЭД-20 маркаларына ие болады.
Полиэфирлі оралымды матаны конструкциялық төбе жабындары, сонымен қатар деформациялық төбе жабындарының кілемдеріне қолдануға болады. Шыны матаның негізін жабын және бірінші орында беріктілігі қамтамасыз етеді. Осы материалдарды қолдану барысында жабын кілемдерінің қабаттары төмендейді. Бұл жұмсақ төбе жабын материалдарын ПКРЗ-да өндіріледі, арнайы технология бойынша шығарылады.
Ерітіп дәнекерлеу материалдары соңғы уақыттары әмбебап және қарапайым болып келеді. Материалдардың физико – механикалық қасиеттері: жоғары жылу өткізбейтіндігі, аязға төзімділігі, иілгіштігі, абсолюттік су өткізгіштігі, солтүстік және оңтүстік өңірлердеде жабындарды қолдануды сенімді қамтамасыз етеді.
Полиолефиндер, поливинилхлоридтер, полиамидтер, поливинилацететтер, фторопластар әдетте пленка түзуші гидрооқшаулағыш материалдар құрамында кеңінен кездеседі.
Ұсынылатын әдебиет: [1,12].
10 тақырып – Профильді герметиктер
Жоспар:
1. Даналы гидрооқшаулағыш материалдар
2. Эластикалық герметизациялау үшін пайдаланатын төсемдері: кеуекті және тығыз жолақ, жгуттар (арқандар), әр түрлі конфигурациялы шыбықтар (штапиктер).
3. Кеуекті резеңке, гернит, каучук және поробит негізіндегі жасалған төсемдер
4. Пороизол, хлоропренді, эластикалық пенополиуританнан (поролон) төсемдерінің техникалық сипаттамалары
Даналы гидрооқшаулағыш материалдар битум және қарамай негізіндегі жабынды және гидроизоляциялық материалдар қатарына жатады.
Эластикалық герметизациялау үшін пайдаланатын төсемдері: кеуекті және тығыз жолақ, жгуттар (арқандар), әр түрлі конфигурациялы шыбықтар (штапиктер) деп бөлінеді.
Пороизол, хлоропренді, эластикалық пенополиуританнан (поролон) төсемдерінің техникалық сипаттамалары: рубероид, пергамин және толь жасарда қолданылатын төбе жабын картондарын шүберек талшықтарынан, макулатурадан, целлюлозадан және тағы басқадан жасайды. Мұндай картондардың үзгендегі мықтылығы жетерліктей және битум не дегта сіңіртпелігі жоғары болады. 1 м2 құрғақ картон массасы бойынша ол мынадай маркаларға бөлінеді: А – 500, А – 400,
А – 300, Б – 400, Б – 350, Б – 300, В – 400, В – 350, В – 300; неғұрлым 1 м2 картонның массасы жоғары болса, соғұрлым оның үзгендегі мықтылығы жоғары келеді және соғұрлым органикалық байланыстырушыны көп сіңіреді де, рулондық материалдың сапасын жақсартады.
Ұсынылатын әдебиет: [10,13].
8. Практикалық сабақтардың мазмұны – 15 сағат
Практикалық сабақ 1,2
1 Тақырып – Кіріспе. Гидрооқшаулағыш және шатырлы материалдардың түрлері мен қасиеттері
Жоспар:
1. Гидрооқшаулағыш және шатырлы материалдардың классифкациясы
2. Гидрооқшаулағыш және шатырлы материалдарды қолдану кезеңіндегі физикалық жағдайы мен сыртқы келбеті
Тапсырмалар:
1. Гидрооқшаулағыштардың сұйық, пластикалы-тұтқарлы, берік-тұтқарлы және қатты физикалық күйлерінің қолдану жағдайларына сипаттама беру
Практикалық сабақ 3,4
2 Тақырып – Байланыстырғыштардың түрлері мен сипаттамалары
Жоспар:
1. Материалдардың қасиеттері
2. Битумдер, битум – резеңкелі байланыстырғыштар, битум – полимерлі байланыстырғыштар, полимерлі байланыстырғыштар, синтетикалық эластомерлер
3. Суға қатысты материалдардың пайдалану қасиеттері
Тапсырмалар:
1. Байланыстырғыштардың механикалық қасиеттерінің қоршаған ортаға байланысты өзгеруіне зерттеу
2. Гидрооқшаулағыш материалдардың деформативтілігі, ұзақ мерзімділігінің нормаларын анықтау
Практикалық сабақ 5,6
3 тақырып – Сұйық гидрооқшаулағыш материалдардың техно-логиясы
Жоспар:
1. Сіңетін гидрооқшаулау
2. Сіңу негіздері: табиғи жағдайларда; вакуумды қолданумен; ыстық - суық ванналарды қолданумен
Тапсырмалар:
1. Сіңу процесінің қысымға байланысты сипаттау
2. Сіңуге арналған материалдар: битумды (балқымалар, эмульсиялар), полимерлі құрамдардың сандық қатынасын анықтау
Практикалық сабақ 7,8
4 тақырып – Еңетін гидрооқшаулау. Инъекционды гидрооқшау-лау. Пленкатүзетуші құрамдар
Жоспар:
1. Битум негізінде – лактар, битум полимерлі қорытпалар
2. Полимерлі лактар мен бояулар: этинолді, перхлорвинильді, поливинилацетатты, эпоксидтті композициялар, полиэфирлі құрамдар
Тапсырмалар:
1. Фенолформальдегидті қарамай, органикалық кремний бояулары, топырақты құрамдардың қолданылу аясын бейнелеу
Практикалық сабақ 9,10
5 тақырып – Пластикалы-тұтқарлы гидрооқшаулағыш материал-дардың технологиясы
Жоспар:
1. Жағымды құрамдар
2. Пасталар, дайындау технологиясы, мастикалар, классификациясы, оларға қойылатын талаптар
Тапсырмалар:
1. Шатырлы гидрооқшаулағыш мастикалардың түрлерін көрсету
Практикалық сабақ 10,11
6 тақырып – Мастикалы герметиктер
Жоспар:
1. Физикалық, химиялық үрдістерге байланысты қолдану кезіндегі жағдайлар
Тапсырмалар:
1. Герметиктердің қатаятын (вулкандалатын), қатаймайтын және олардың құрғайтын түрлерінің сипаттамасы
Практикалық сабақ 12,13
7 тақырып – Жағымды-тығыздалатын материалдар
Жоспар:
1. Жағып-тығыздалатын материалдар
2. Материалдардың әр түрлі тығыздау әдістері: жағып-тегістеу, дірілдетіп тығыздауды, торкретеп сылау
3. Гидрооқшаулағыш бетондар, ерітінділер мен кейбір тұтқарлығы жоғары мастикалар
Тапсырмалар:
1. Асфальтты бетондар мен ерітінділердің кейбір түрлерін бөліп көрсету
2. Полимерлер (полимерцементтік, полимербетондар, бетонды полимерлер) негізінде гидрооқшаулағыш бетондардың техникалық қасиеттеріне зерттеу
Практикалық сабақ 14,15
8 тақырып – Берік – тұтқарлық және қатты гирооқшаулағыш және шатырлы материалдардың технологиясы
Жоспар:
1. Орама материалдар
2. Бұл материалдардың топтары: орамды, пленкалы, дана
3. Бірінші кезеңнің материалдары – (рубероид, пергамин, гидроизол)
Тапсырмалар:
1. Жоғарғы бетін беріктігін арттыратын қоспалардың жаңа түрлерін қолдану
Практикалық сабақ 16-18
9 тақырып – Пленкалы гидрооқшаулағыш материалдар
Жоспар:
1. Бұл материалдардың бөліну топтары: полимерлер негізіндегі және эластомерлердің (жұмсақ резеңке) негізіндегі пленкалар
2. Аса кең қолданылатын пленка термопласттардың негізінде жасалған пленкалар
3. Полиолефиндер, поливинилхлоридтер, полиамидтер, поливинилацететтер, фторопластар
Тапсырмалар:
1. Полимерлер мен эластомерлердің (жұмсақ резеңке) негізінде жасалған пленкалардың қасиеттері мен технологиясыны сипаттама беру
Практикалық сабақ 17-19
10 тақырып – Профильді герметиктер
Жоспар:
1. Даналы гидрооқшаулағыш материалдар
2. Эластикалық герметизациялау үшін пайдаланатын төсемдері: кеуекті және тығыз жолақ, жгуттар (арқандар), әр түрлі конфигурациялы шыбықтар (штапиктер
3. Кеуекті резеңке, гернит, каучук және поробит негізіндегі жасалған төсемдер
Тапсырмалар:
1. Пороизол, хлоропренді, эластикалық пенополиуританнан (поролон) төсемдерінің техникалық сипаттамалары
9. Өздік жұмысының тапсырмалары
1 Тақырып – Кіріспе. Гидрооқшаулағыш және шатырлы материалдардың түрлері мен қасиеттері
1) Келесі сұрақтарды дайындау:
Гидрооқшаулағыш және шатырлы материалдардың классификациясы
Гидрооқшаулағыш және шатырлы материалдарды қолдану кезеңіндегі физикалық жағдайы мен сыртқы келбеті
Гидрооқшаулағыштардың сұйық, пластикалы-тұтқарлы, берік-тұтқарлы және қатты физикалық күйлері
2) Реферат жазу: Гидрооқщаулағыш материалдар технологиясының дамуының алғышарттары тақырыбына қысқаша тарихи очерк
2 тақырып – Байланыстырғыштардың түрлері мен сипаттамалары
1) Келесі сұрақтарды дайындау:
Материалдардың қасиеттері
Битумдер, битум – резеңкелі байланыстырғыштар, битум – полимерлі байланыстырғыштар, полимерлі байланыстырғыштар, синтетикалық эластомерлер
Суға қатысты материалдардың пайдалану қасиеттері
2) Реферат жазу: Гидрооқшаулағыш материалдардың механикалық қасиеттері
3 тақырып – Сұйық гидрооқшаулағыш материалдардың технологиясы
1) Келесі сұрақтарды дайындау:
Сіңу негіздері: табиғи жағдайларда; вакуумды қолданумен; ыстық - суық ванналарды қолданумен
Осматикалық қысымның әсерімен сіңіп енетін химиялық ауысуы (кольматация); қысымнан (инъекциялау)
Сіңуге арналған материалдар: битумды (балқымалар, эмульсиялар), полимерлі құрамдар
2) Сіңетін гидрооқшаулау тақырыбы бойынша дәрістер конспектілерін даярлап әкелу
4 тақырып – Еңетін гидрооқшаулау. Инъекционды гидрооқшаулау. Пленкатүзетуші құрамдар
1) Келесі сұрақтарды дайындау:
Битум негізінде – лактар, битум полимерлі қорытпалар
Полимерлі лактар мен бояулар: этинолді, перхлорвинильді, поливинилацетатты, эпоксидтті композициялар, полиэфирлі құрамдар
Фенолформальдегидтті қарамай, органикалық кремний бояулары, топырақты құрамдар
5 тақырып – Пластикалы – тұтқарлы гидрооқшаулағыш материалдардың технологиясы
1) Келесі сұрақтарды дайындау:
Жағымды құрамдар
Пасталар, дайындау технологиясы, мастикалар, классификациясы, оларға қойылатын талаптар
2) Реферат жазу: Шатырлы гидрооқшаулағыш мастикалар
6 тақырып – Мастикалы герметиктер
1) Келесі сұрақтарды дайындау:
Физикалық, химиялық үрдістерге байланысты қолдану кезіндегі жағдайлар
Герметиктердің қатаятын (вулкандалатын), қатаймайтын және олардың құрғайтын түрлері
7 тақырып – Жағымды – тығыздалатын материалдар
1) Келесі сұрақтарды дайындау:
Жағып-тығыздалатын материалдар
Материалдардың әр түрлі тығыздау әдістері: жағып-тегістеу, дірілдетіп тығыздауды, торкретеп сылау
Гидрооқшаулағыш бетондар, ерітінділер мен кейбір тұтқарлығы жоғары мастикалар
Асфальтты бетондар мен ерітінділер
2) Реферат жазу: Полимерлер (полимерцементтік, полимербетондар, бетонды полимерлер) негізінде гидрооқшаулағыш бетондар
8 тақырып – Берік – тұтқарлық және қатты гирооқшаулағыш және шатырлы материалдардың технологиясы
1) Келесі сұрақтарды дайындау:
Орама материалдар
Бұл материалдардың топтары: орамды, пленкалы, дана
Бірінші кезеңнің материалдары – (рубероид, пергамин, гидроизол)
2) Реферат жазу: Жоғарғы бетін беріктігін арттыратын қоспалардың жаңа түрлерін қолдану
9 тақырып – Пленкалы гидрооқшаулағыш материалдар
1) Келесі сұрақтарды дайындау:
Бұл материалдардың бөліну топтары: полимерлер негізіндегі және эластомерлердің (жұмсақ резеңке) негізіндегі пленкалар
Аса кең қолданылатын пленка термопласттардың негізінде жасалған пленкалар
Полиолефиндер, поливинилхлоридтер, полиамидтер, поливинилацететтер, фторопластар
Полимерлер мен эластомерлердің (жұмсақ резеңке) негізінде жасалған пленкалардың қасиеттері мен технологиясы
10 тақырып – Профильді герметиктер
1) Келесі сұрақтарды дайындау:
Даналы гидрооқшаулағыш материалдар
Эластикалық герметизациялау үшін пайдаланатын төсемдері: кеуекті және тығыз жолақ, жгуттар (арқандар), әр түрлі конфигурациялы шыбықтар (штапиктер
Кеуекті резеңке, гернит, каучук және поробит негізіндегі жасалған төсемдер
2) Реферат жазу: Пороизол, хлоропренді, эластикалық пенополиуританнан (поролон) төсемдерінің технологияларын салыстыру
10. МӨЖ бойынша кеңес беру графигі (МӨЖ 25% МОӨЖ-дан құрастырылады)
МӨЖ орындалу мерзімі сабақ кестесіне сәйкес өзгеруі мүмкін.
Жаңа оқу семестр бойынша МОӨЖ кестесіне сәйкес
№
|
Сабақтын түрлері
|
дүйсенбі
|
сейсенбі
|
сәрсенбі
|
бейсенбі
|
жұма
|
сенбі
|
1
|
Дәріс бойынша
сұрақтарға
кеңес беру
|
|
|
|
|
|
|
2
|
Тәжірибе сабақтар
бойынша сұрақтарға кеңес беру
|
|
|
|
|
|
|
3
|
МӨЖ бойынша
сұрақтарға кеңес
беру
|
|
|
|
|
|
|
11. Оқушылардың білімінің тексеріс кестесі
Практика және дәріс сабағына қатысуы (семинарлық, зертханалық, жеке, студиялық сабақтар) 0-100 балмен бағаланады.
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі (оқу сабақтарының кестесі бойынша)
12. Магистранттардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі
Семестрдің ортасында және соңында 100 балдық шкаламен пәннің оқылған модулі бойынша ағымдағы үлгерімнің (АҮ) бағасы анықталады. Ағымдағы үлгерімнің бағасы келесі балдардың жиынтығынан тұрады:
- сабақтарға дайындық, топта белсенді жұмыс жасау, бақылау шараларға қатысу;
- өздік және зертханалық жұмыстарды уақытында, сапалы орындау және қорғау;
- магистранттың ғылыми зерттеу жұмыстың бөлімдерін уақытында, сапалы орындау;
- сабаққа қатысу және басқа.
Межелік бақылаудың (МБ) бағасы да 100 балдық шкала бойынша анықталады.
АҮ және МБ бағаларының қорытындысы негізінде пән бойынша магистанттың рейтингі (Р1 и Р2) анықталады:
Р1(2) = АҮ1(2)*0,7 + МБ1(2)*0,3.
Семестрде пән бойынша магистранттың жіберу рейтингінің бағасы тең:
ЖР= (Р1+Р2)/2
Әр пән бойынша (пәннің қорытынды бақылау түрі мемлекеттік емтихан болса да) магистранттың оқу жетістіктері қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Қорытынды баға ЖР және ҚБ (емтихан, дифференциалды сынақ немесе курстық жұмыс (жоба)) салмақтық үлестер негізінде есептеледі (СҮжр және СҮқб):
Қ = ЖР*СҮжр + ҚБ*СҮқб
Жіберу рейтингтің және қорытынды бақылаудың салмақтық үлестері 0,6 және 0,4 сәйкес тең болады.
Пән бойынша жіберу рейтингі де, емтихан бағасы да оң бағаланған жағдайда ғана қорытынды баға есептеледі. Дәлелсіз себеппен қорытынды бақылауға келмеген жағдайда, «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңеріледі. Пәннен емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері магистранттарға сол күні айтылады, егер емтихан жазбаша түрде түстен кейін жүргізілсе, онда келесі күні айтылады.
Оқу жетістіктері, яғни білім,оқушылардың «Гидрооқшаулау және шатырлы материалдар» пәні бойынша дағдылары балды-рейтингті жүйесі бойынша бағаланады:
Балмен есептегендегі қорытынды баға (Қ)
|
Балдың цифрлық баламасы (Ц)
|
Әріптік жүйедегі баға (Ә)
|
Дәстүрлі жүйедегі баға (Д)
|
95-100
|
4,0
|
A
|
Өте жақсы
|
90-94
|
3,67
|
A-
|
|
85-89
|
3,33
|
B+
|
|
80-84
|
3,0
|
B
|
Жақсы
|
75-79
|
2,67
|
B-
|
|
70-74
|
2,33
|
C+
|
|
65-69
|
2,0
|
C
|
Қанағаттанарлық
|
60-64
|
1,67
|
C-
|
|
55-59
|
1,33
|
D+
|
|
50-54
|
1,0
|
D
|
|
0-49
|
0
|
F
|
Қанағаттанарлықсыз
|
13. Оқытушының талаптары, саясаты мен тәртібі
«Гидрооқшаулағыш және шатырлы материалдар» пәнін оқу кезінде мына ережелерді ұстануды сұраймын:
1) Сабаққа кешікпеу.
2) Себепсіз сабақты босатпау, ауырып қалған жағдайда анықтама әкелу.
3) Магистранттың міндетіне сабақтың барлық түріне қатысу кіреді.
4) Оқу үрдісінің күнтізбелік кесте бойынша барлық бақылау түрлерін тапсыру.
5) Босатқан тәжірибелік сабақтарды оқытушының айтқан уақытында өтеу.
6) Кафедраның аудиториялық қорына шығын келтірмеу.
7) Жоғарғы оқу орнының талаптарын бұлжытпай орындау.
8) Курстастарыңа және оқытушыға сабырлық, ашықтық және игілікпен қарау.
9) Сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілулі болуы тиіс.
10) Оқытушы сабақ түсіндіріп жатқанда дауыстап сөйлеуге болмайды. Екінші ескертуден кейін магистрант аудиториядан шығарылады. Сабақ барысында сабақтан тыс тақырыптар рұқсат етілмейді.
Тапсырманы маңызды себеппен кешігіп тапсырса, айыптық санкциялар болмайды.
Егер сіз белгілі бір маңызды себептермен бақылау шараларды босатсаңыз, сізге оны оқытушының айтқан уақытында (МБ мен ҚБ деканның рұқсатымен ) қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Тапсырмаған жағдайда сіз «0» балл аласыз.
Жұмысты уақытында тапсыру керек. Барлық тапсырмалар ең кеш дегенде емтихан сессия басталуға 3 күн қалғанға дейін тапсырылу қажет.Барлық тапсырмалар мен ЕГЖ-ді тапсырмаған магистранттар, емтиханға жіберілмейді. Өткен сабақтағы материалды қайталау мен өңдеу әрбір сабақта болуы міндетті. Магистранттың материалды қаншалықты түсінгені тестілеу мен жазбаша түрде тексеріледі. Тестілеу алдын-ала ескертусіз жүргізілуі мүмкін.
Сіздердің міндеттеріңіз сабаққа дайындалып келу. Бар әдебиетті қолданыңыз және оны кітапханадан алыңыз.
Басқаның жұмысын көшіру мен әдебиет материалдарды өңдеусіз қолдануға тыйым салынады.
Дәріс конспектілерін жүргізу міндетті. Дәріс бойынша конспект 8-ші және 15-ші апталарда тексеріледі.
14 Әдебиеттер тізімі
Негізгі
Жақыпбеков Ш.Қ., Ибраимбаева Г.Б. Әрлеу материалдарының технологиясы. Оқу құралы. – Алматы: ҚазБСҚА, 2012. – 188 б.
Кулибаев А.А., Нурбатуров К.А., Кудерин М.К., Де И.М. Керамогранит на основе Казахстанского сырья, НИЦ Павлодарского государст-го. унив-та им.С.Торайгырова, 2007 г.
Козлов В.В. Сухие строительные смеси: - М.; ИАСВ, 2000 г.
Нехорошев А.В., Цителаури Г.И. и др.. Ресурсосберегающие технологии керамики, силикатов и бетонов. - М.: Стройиздат, 1991 г.
Спектор Э.М. Рулонные, кровельные и гидроизоляционные материалы на основе эластомера /Э.М. Спектор-М.: АВС, 2003-120 с.
Филимонов Б.П. Отделочные работы. Современные материалы и новые технологии. Учебное пособие. - М,: ИАСВ, 2004 г.
Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары.: Тараз: Сеним, -2007, 1 том-576-бет. 2 том -472-бет.
Қосымша
Баженов Ю.М. Технология бетона. М., ИАСВ, 2002 г.
Карапузов Е.К., Лутц Г., Герольд X. и др. Сухие строительные смеси:: справочное пособие: - К.: Техника, 2000 г.
Наназашвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкций. Справочник. - М.: Высш.шк., 2004 г.
Микульский В.Г. и др. Строительные материалы (материаловедение и технология), уч. пос.-М.: ИАСВ, 2004 г.
Садуакасов М.С. Пластифицированные гипсовые вяжущие: Учебное пособие, Алматы: КазГАСА, 1995 г.
Пименов А.Т. Гидроизоляционные материалы: Учеб. Пособие /А.Т. Пименов-Новосибирск: НГАСУ, 2000-88 с.
ГОСТ 30547-97. Рулонные кровельные и гидроизоляционные материалы. Технические условия. - Изм. 1,2. - Взамен ГОСТ 4.2003-79, ГОСТ 23835-79, ГОСТ 26627-85, ГОСТ 2555-75; Введ. 01.09.99. - М.: Госстрой России, 1999. - 14 с. - Группа Ж 14.
ГОСТ 30693-2000. Мастики кровельные и гидроизоляционные. Общие технические условия. - Взамен ГОСТ 4.222-83, ГОСТ 25591-83; Введ. 04.01.2001. - М.: Госстрой России, 2001 - 9 с. - Группа Ж 14.
ГОСТ 2678-94. Материалы рулонные кровельные и гидроизоляционные. Методы испытаний. - Изм. 1,2. - Взамен ГОСТ 2678-87; Введ. 01.01.96. - М.: Минстрой России, 1996. - 40 с.: ил. - Группа Ж 19.
ГОСТ 26589-94. Мастики кровельные и гидроизоляционные, методы испытаний. - Поправка 1. - Взамен ГОСТ 26589-85; Введ. 01.01.96. - М.: Минстрой России, 1996 - 21 с. ил. -Группа Ж 19.
Достарыңызбен бөлісу: |