Пән бойынша дәріс материалдары


Қорларды бағалау әдістері



бет11/29
Дата05.09.2022
өлшемі346 Kb.
#148731
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29
Байланысты:
Лекции БУиА каз

Қорларды бағалау әдістері. Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады:

  1. Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі

  2. Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі

  3. ФИФО әдісі



Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі әдетте біріммен бірін алмастыруға болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен пайдаланылатын нақтылы бір материалдық қорлардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалынған материалдар мен істелінген жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ бұл есептеу әдісі сатылып алынғанына немесе кәсіпорынның өзінде өндірілгеніне қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік құнын есептеуге арналған.
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы олардың кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар тобының орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есеті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынтығын материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдардың сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.
ФИФО әдісі есептен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. Бұ әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлардың бірінші кезекте кіріске алынғаны, алғашқы болып, яғни бірінші кезекте шығыс етіледі деп жорамалданады. Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен соң бірі кіріске алынғандағы кезегі бойынша шығыс етіледі деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында қалған материалдардың өзіндік құны соңғы кіріске алынған материалдардың бағасымен бағаланады.
Материалдар баланста нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар материалдар өздерінің топтамалық есебінде нақты өзіндік құнымен көрсетіледі де, ал талдамалық есебінде жоспарлы есептеу бағасымен немесе келісілген бағасы бойынша көрсетіледі. Егер кәсіпорын материалдық қорлардың талдамалық есебін келісілген бағасы бойынша есептейтін болса, онда олардың нақты құны материалдық қорлардың сатылып алынған құны мен дайындау-тасымалдау шығындарының қосындысынан тұрады. Бұлардың құрамына теміржол тарифы, көлік, ұшақ басқа да тасымалдау құралдарының тарифтері, жарналар, материалды тиеуге, түсіруге кеткен шығындар, материалдық қорларды дайындаушылардың іссапары шығындары, қамсыздандыруға төленген төлем және басқа да шығындар жатады. Егер материалдық қорлардың талдамалық есебі жоспарлы есептеу құнына баға өзгеруінен болатын ауытқуларды қосу немесе алу арқылы анықталады.
Бұл бағаны кәсіпоынның немесе ұйымның өзі жоспарланған дайындау-тасымалдау шығындарын ескере отырып есептеп шығарады. Жалпы материалдық қорларды есептеуде заттай және ақшалай өлшемдер қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет