Пән бойынша дәріс тезістері еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдістері Еңбек


Жұмыс берушілердің құқықтық мәртебесі



бет4/24
Дата28.03.2023
өлшемі62,31 Kb.
#173125
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
дәріс Еңбек құқығы(5) 3

Жұмыс берушілердің құқықтық мәртебесі.
Еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес жұмыс берушң ретінде қызметкермен еңбек шартын бекіткен және оған жұмыс берген жеке немесе заңды тұлға табылады.
Еңбек құқығынң субъектілері ретінде жұмыс берушілерді жеке тұлғалар, коммерциялық, коммерциялық емес ұйымдар және мемлекетті кәсіпорындар деп бөлуге болады.
Еңбек ұжымының құқықтық мәртебесі.
Еңбек ұжымы ретінде жеке еңбек шарттарының негізінде белгілі бір ұйымның шегінде бірлескен еңбек қызметін жүзеге асыру барысындағы адамдардың бір жұмыс берушімен ерікті түрде бірігуін атауға болады.
Кәсіптік одақ ұйымдары еңбек құқығының субъектілері ретінде. Олар еңбек құқығының ерекше субъектілері болып табылады. Кәсіптік одақ ұйымдарының мәртебесі белгіленген заңнамада кәсіптік одақтардың жалпы құқықтары мен әрекет қабілеттілігі, олардың негізгі құқықтары мен міндеттері сонымен қатар, оларды жүзеге асырудың кепілдіктері бекітілген.
Мемлекеттік органдар еңбек құқығының субъектілері ретінде. Мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын орындайтын мемкемелер мемлекеттік органдар деп аталады. Олар белгіленген тәртіп бойынша құрылады. Мемлекеттіәк органдар республикалық, аймақтық және жергілікті болуы мүмкін.


.Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шарт. Жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыруды құқықтық реттеу

Халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық экономикалық және ұйымдық қатынастарды Казақстаи Республикасының 2001 жылгы 23 қаңтарда қабылданған «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы реттейді.


Жұмыспен қамтылу дегеніміз - азаматтардың жеке қажеттерін қанағаттандыруга байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін Конституцияга, заңдарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін қызметі.
Азаматтардың қызметі, олардың, мамандық, жұмыспен қамтылу, соның ішінде ақы төленетін жұмысты атқарумен байланысты емес жұмыспен қамтылу (бала тәрбиелеу, ұй шаруашылыгын жүргізу, қоғамдық қызмет) түрі мен сипатын талдап алуы олардың еріктілігіне ғана негізделген. Заңдарда көзделген реттерден басқа кезде азаматтарды енбек етуге әкімшілік жолмен және өзге де күштеудің кез келген нысандарына жол берілмейді. «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін тандауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі» делінген Қазақстан Республикасы Конституциясынын 24-бабының 1 тармағында.
Заңда жұмыспен қамтылған азаматтардың санаттары белгіленген. Оларга мыналар жатады:
• жеке еңбек шартымен жұмыс істейтін, онын ішінді толық, толық емес жұмыс уақыты жагдайлары;
- сыйақы үшін жұмыс орындайтын немесе өзге де ақы төленетін жұмысы (қызметі). Кірісі бар азаматтар:

  • қосалқы кәсіпшілікпен айналысатындар және өнімді шарттар бойынша өткізетіндер;

  • жұмысты азаматтык-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын азаматтар;

  • өндірістік кооперативтердің мүшелері;

  • ақы төленетін қызметке сайланғандар, тағайындалғандар немесе бекітілгендер;

  • Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, ұлттық қауіпсіздік органдарында, Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінде, Республикалық ұланда, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің бөлімдерінде және өзге де әскери құрылымдарда қызмет атқарып жүрген азаматтар.

Біздің мемлекетіміз азаматтардың жұмыспен нәтижелі әрі еркін таңдау арқылы қамтылуына жәрдемдесетін саясат жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Халыкты жұмыспен камту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары мыналарға багытталған:
1) республика азаматтарына, Қазақстанда тұрақгы тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсіп түрлерін еркін тандауға бірдей мүмкіндіктерді, әділ де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге;
2) нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықты азайтуға, жұмысорындарын ашуға;
3) білім беру жүйесін еңбек рыногының қажеттеріне және инвестициялық саясатты ескере отырып, оның даму перспективасына сай кадрлар даярлау ісіне бағдарлауға;
4) азаматтардың заңдарга сәйкес жүзеге асыратын еңбек және кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға, олардың өнімді және шығармашылық енбекке қабілетін дамытуға жәрдемдесуге;
4) бар жұмысорындарын сактаған және жаңа жұмысорындарын, оның ішінде нысаналы топтарга арналған жұмысорындарын ашатын жұмыс берушілерді ынталандыруға;
5) уәкілетті орган және жеке жұмыспен қамту агенттігі арқылы еңбек делдаддығын ұйымдастыруға;
7) шетелдік жұмыскүшін тартуға, сондай-ақ Қазақстаннан шетелге жұмыскүшін шығаруға байланысты қызметті, лицензиялауға;
8) шетелдік жұмыскүшін тартуға квота белгілеу жолымен ішкі еңбек рыногын қоргауға;
9) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық іс-шараларды жергілікті атқарушы органдар қолданатын шаралармен үштастыруға;
10) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметті экономикалық және әлеуметтік саясаттың басқа да бағыттарымен үйлестіруге;
11) еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруга;
12) мемлекеттік органдардың халыкты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін шараларды эәзірлеу мен іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіріп, реттеп отыруға және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
13) республика азаматтарының шетелдегі және шетелдіктердің Қазақстан аумағындағы еңбек қызметіні байланысты мәселелерді шешуді қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға;
14) жұмысберушілер, қызметкерлер мемлекеттік жұмыспен қамту саясатың әзірлеу мен іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуге;
15) жұмыспен қамту саясатымен ұйлестірілген, қосымша жұмысорындарын ашу ісін ынталандыруды қолдайтын қаржы салық және инвестиция саясатын жүргізуге.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет