Негізгі ұғымдар: басқару, педагогикалық процеске жетекшілік ету, басқаруқағидалары, басқару қызметтері, педкеңес, әдістемелік кеңес, пәндік басқару, пәндік бірлестік (әдістемелік бірлестік), менеджмент.
Жоспары:
1.Мектеп басшысының басқару мәдениеті
2. Мектептегі басқару функциялары
3. Мектептегі басқару қызметін ұйымдастыру формалары
1. Басқару мәдениетінің негізгі компоненттері. Білім саласында еңбек ететін адамдардың басқару мәдениеті, олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Дәстүрлі ұғымда кәсіптік-педагогикалық мәдениет негізінен педагогикалық қызметтің нормалары, ережелері, педагогикалық техника және шеберлікпен байланыстырылады. Ал, соңғы жылдардағы психологиялық-педагогикалық зерттеулер педагогикалық мәдениет категорияларына педагогикалық құндылықтар, педагогикалық технология және педагогикалық шығарма-шылықты да қосатын болды.
Мектеп басшысының басқару мәдениеті, оның тұлға ретінде мектеп басқарудың технологиясы мен құндылық-тарын жасау, игеру және оны алға жылжытуға бағытталған жұмыстарда өзінің шығармашылық күш-қуатын танытуы. Бұндай жағдайда басқару мәдениетінің компоненттері — аксиологиялық, технологиялық және тұлғалық-шығарма-шылық болып табылады.
Мектеп басшысы басқару мәдениетінің аксиологиялық компоненттері. Қазіргі заманғы мектепті басқарудың маңызы мен мәні болып табылатын басқару-педагогикалық құндылықтардың жиынтығын құрайды. Мектеп басшысы басқару қызметінің процесінде басқару-дың жаңа теориясы мен концепциясын игеріп, ептілік пен дағдыларды меңгереді. Ал практикалық қызмет барысын-да олардың қаншалықты маңыздылығына баға беріледі. Қазіргі кезде басқару тиімділігін артыруда білім, идея, концепция сияқты басқаруға қатысты педагогикалық құндылықтар үлкен маңызға ие болуда.
Мектепшілік басқару дегеніміз біртұтас педагогикалық процеске қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеті мынадай бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету.
Мектепшілік басқарудың дәстүрлі ұғымдарын жаңа ұғымдар алмастыруда. Мысалы, “ықпал ету” ұғымының орнына “өзара әрекеттесу”, “ынтымақтасу”, рефлексивті басқару” ұғымдары қолданылады.
Сол сияқты мектепті басқару теориясы, мектепшілік менеджмент теориясы басшы қызметінің өзара құрметке, қарамағындағы қызметкерлерге сенім білдіруді, олардың табысты еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді. Менеджменттің осы қыры мектепшілік басқару теориясын одан ары байыта түскен.
Педагогикалық жүйені басқарудың құндылықтары сан алуан. Олар: әртүрлі деңгейдегі тұтас педагогикалық процесті басқарудың мәні мен маңызын ашатын құнды-лық-мақсаттар; білім жүйесін басқару мақсаты, мектепті басқару мақсаты, педагогикалық ұжымды, оқушылар ұжымын басқару мақсаты, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуын басқару мақсаты және бағалау құндылық-мағлұматтарға басқару қызметіне реттеушілік сипат береді; құндылық-білімдер басқару саласындағы мектептің білімінің мәні мен маңызын ашады; басқарудың әдістемелік негізін, мектепішілік менеджментті білу, ауыл және қала мектептері мұғалімдерімен жұмыстың ерекшеліктерін білу, педагогикалық процестерді басқару тиімділігін критерийлерін және т.б.
Мектеп директорының басқару мәдениетінің технологиялық компоненті педагогикалық процесті басқарудың әдістері мен тәсілдерін біріктіреді. Мектепішілік басқару технологиясы арнайы педагогикалық міндеттерді шешу басшы-менеджердің педагогикалық талдау және жоспар-ластыру, педагогикалық процесті бақылау және реттеуді атқара алатын іскерлігіне байланысты. Мектеп дирек-торының басқару мәдениетінің деңгейі аталған міндеттерді шешудің әдіс, тәсілдерін қаншалықты меңгере алуына тікелей байланысты.
Мектеп директорының басқару мәдениетінің тұлғалық-шығармашылық компоненті педагогикалық жүйені басқаруды шығармашылық акт ретінде қарастыру арқылы ашылады. Мектеп басшысының басқару қызметі өзінің табиғатында шығармашылық болып табылады. Басқарудың құндылықтары мен технологиясын меңгере отырып басшы-менеджер тұлғалық ерекшеліктері мен басқару объектісінің ерекшеліктеріне сай, ол құндылық-тарды өзінше қайта құрып, талдап түсіндіруге ұмтылады. Осылайша, педагогикалық жүйені басқару тұлғалық қабілеттерді іске асыратын және жұмсайтын сала болып табылады. Басқару қызметінде мектеп директоры тұлға, басшы, ұйымдастырушы және тәрбиеші ретінде өзін-өзі танытады.
Кез келген педагогикалық процесті басқару мақсат қою мен жоспарлаудан тұрады. Педагогикалық жүйенің үнемі қозғалыста, үнемі даму үстінде болуы оқу-тәрбие жұмысында мақсат қою мен жоспарлауды жетілдіріп отыруды қажет етеді. Әрине, тәрбиеленушілердің бойында белгілі бір қасиеттің қалыптасуын дәл белгілеу, жоспарлау мүмкін емес. Ал жоспарлау жеке тұлғаның барынша және жан жақты дамуына қолайлы объективті жағдай туғызуы тиіс.
Сондықтан педагогтардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер қоғамның алдындағы жалпы міндеттер мен мақсаттардың көрінісі болып табылады. Мақсат жоспардың өзегі болғандықтан ол педагогтің де, оқушының да әрекеттін қамтуы керек. Басқару қызметінің мақсаты — жұмыс түрлері мен тәсілдерін, оның жалпы бағыттарын айқындайтын бастау.
Педагогикалық жүйеде мақсат қоюдың ерекшелігі бұл жерде қоғамның объективті талаптарын білу жеткіліксіз.
Мектептегі басқаруды жоспарластыру зерттейтін құбылысқа жасалған педагогикалық талдаудың негізінде іске асатын мақсатты бағдарлама деп білеміз. Бұл жерде жоспар түрінде қабылданған шешім ұзақ перспективаға арналуы, шұғыл, адамдағы істерді шешуге бағытталуымүмкін. Осыған байланысты мектеп жұмысының жоспарын перспективалық, жылдық, ағымдағы деп бөліп қарастырамыз.
3. Мектептегі басқару қызметін ұйымдастыру формаларының ең бастылары ретінде мектеп кеңесі, педагогикалық кеңес, директор жанындағы кеңес, мектеп директорының орынбасары жанындағы кеңес, әдістемелік семинар, комиссия, клуб мәжілістері, оқушылар комите-тінің отырыстарын атауға болады. Ендігі кезекте мектептің педагогикалық кеңесінің ұйымдастырушылық қызметіне мектептің педагогикалық кеңесінің құрамы, құрылымы және оның қызметінің мазмұнын мектеп Жарғысы анықтайды. Педкеңестің жұмысына педагогикалық қызметкерлер ұжымы сайлайтын төраға басқарады. Мектеп кеңесі мен педкеңес бірін-бірі қайталамайды, олар бірін-бірі толықтырады. Педагогикалық кеңес -тікелей оқу-тәрбие процесімен және оны жетілдіру мәселелерімен айналысатын, бір педагогикалық ұжымда жұмыс істейтін кәсіпқойлардың кеңесі. Педагогикалық кеңестің қызметі мынадай міндеттерді шешуге бағытталады; Мемлекеттік стандарт талабына сай оқу бағдарламаларын, жоспар-ларын, оқулықтар мен оқу құралдарын талқылау, бағалау және таңдау, сол сияқты оқу-тәрбие жұмыстарының сапасын талқылау; Мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілері-нің біліктілігін арттырудағы шығармашылық белсенділігін дамыту, педагогикалық ұжымда инновациялық орта қалыптастыру, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және насихаттау жұмыстары; Педагогикалық қызметкерлерді мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың пікірін ескере отырып аттестациялау өткізу, аттестация технологиясын жетілдіруге байланысты ұсыныстар енгізу, білім басқармаларының алдына категориалар, атақтар мен разрядтар беру туралы өтініш жасау; Тәжірибеден өту, біліктілік көтеру курсына, аспирантураға жіберетін мұғалімдердің кандидатурасын талқылау және бекіту, озат мұғалімдерді әртүрлі моральдық және материалдық көтермелеу шараларына ұсыну; Мектептің ғылыми-зертеу мекемелері және оқу орындарымен, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен, шығармашылық одақтармен өзара байланысының негізгі бағыттарын анықтау; тәжірибелік-эксперименттік жұмысты ұйымдастыру, мектеп құрылымында әдістемелік қызмет, орталық құру. Педагогикалық кеңес демократия-мен жариялылық жағдайында — дайындыққа мұғалім-дерді, оқушылар мен ата-аналарды қатыстыру арқылы өтеді. Педкеңесті өткізудің алдында сұрау салу, анкеталау, бақылау жұмысы, байқау өткізілуі мүмкін. Педкеңес мәжілісіне мектеп өмірі мен қызметінің принципті мәселе-лері еңгізіледі. Педкеңес мәжілісінің жүгін жеңілдету үшін мектептерде ұйымдастырудың директор жанындағы кеңес формасы қолданылады. Мектеп директоры жанындағы кеңес мұғалімдер, басшылар үшін міндетті болғандықтан онда оқу-тәрбие процесін ұймдастыруға тікелей қатысты мәселелер талқыланады. Ондай мәселелер қатарында оқу үлгерімі ішкі тәртіптің сақталуы, сабақтан тыс қызметті ұйымдастыруды атауға болады. Директор жанындағы кеңесте жекелеген мұғалімдердің білім стандартын орындауы, оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытудағы жұмысы және т.б. мәселелер қаралуы мүмкін. Кеңестің өткізілуі жиілігін мектеп директоры белгілейді. Мектеп директорының орынбасары жанындағы кеңесте оның әкімшілік компетенциясына жататын ағымдағы мәселелер қаралады. Бұндай кеңестерді өткізу мектептің тоқсандық немесе айлық жоспарында белгіленеді. Шұғыл ақпараттық кеңес мектепте оқу процесін ұйымдастыруға қажетті форма болып табылады. Оның мазмұны нақты жағдайдан туындайды. Ол бірінғай педагог қызметкерлер немесе тек оқушылар үшін, тіпті екеуіне де бірдей тақырыпта өткілуі мүмкін. Басқару қызметінің ұйымдық формаларын сабаққа және сыныптан тыс сабаққа, спорт жарыстары, кештер мен көркем студияларға қатысу сияқты жұмыстар да толықтырады. Мектеп басшыларының шұғыл ұйымдастырушылық жұмыстары ата-аналар, жұртшылық, еңбек ұжымдарының өкілдерімен кездесуді де қамтиды.
Балалардың мектепті басқару ісіне қатысуының тиімді формасы сайланбалы орган-оқушылар комитетінің құрамында жұмыс істеуі. Балалардың оқушылар комитеті-нің түрлі комиссияларына қатысуы мектеп өмірінде демократиялық бастаулардың дамуына, балалардың бойында бастамашылдық пен жауапкершіліктің қалып-тасуына негіз қалап, қабылданған шешімді іске асырудың жеделдігін арттырады.
Мектепті басқарудың ұйымдық формаларын тиімді пайдалану оның дайындық деңгейі мен бағыттылығына тікелей байланысты. Педкеңес, директор жанындағы кеңес немесе ұйымдастырудың шұғыл формалары педагогика-лық процеске қатысушылардың ынтымақтастығы мен мүдделігіне қарай мақсатқа жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |