11.3. Жазбаша бақылау тапсырмалары Биоиндикатор (Bioindicator) дегеніміз: – ортада болуы және күйі бойынша, сонымен бірге мінез-құлқы бойынша қоршаған ортадағы табиғи және антропогендік өзгерістерді анықтауға көмектесетін бір түр дараларының немесе қауымдастықтың тобы. Индикатор-ағза (Indicator organism ) дегеніміз: – экологиялық бейімделушілігі өте тар (стенобионттар), өзінің мінез-құлқы, физиологиялық реакцияларындағы өзгерістер немесе өзінің тіршілігі арқылы қоршаған отадағы өзгерісті немесе оның табиғи және антропогендік сипаттамасын анықтайтын ағзалар. Ластанудың индикатор-ағзасы дегеніміз: – күйі, жойылуы немесе қарқынды көбеюі қоршаған ортаның ластанғаны туралы белгі беретін, ал бірқатар жағдайда ластану деңгейін және ластаушы заттар құрамын және әсерін көрсететін түрлер. Стенобионттар (Stenobionts; Stenotopic organisms) дегеніміз: – қоршаған ортаның белгілі бір жағдайында тіршілік етіп және ондағы өзгерістерді көтере алмайтын ағзалар. Биоиндикатор сезімталдылығы дегеніміз: – қандай да болмасын зат, физикалық не биологиялық фактор, не болмаса толық қоршаған орта әсеріне биоиндикатор реакциясының деңгейі. Экологиялық ағза – индикатор дегеніміз: – белгілі бір жағдайда тіршілік етуге бейімделген, өзге жағдайда тіршілігін жоятын, осы жағдайлар арқылы бір кешенді табиғи түзілімді өзгеден айыруға мүмкіндік беретін ағза- стенобионт. Биоиндикация (Bioindication) дегеніміз: – табиғи жағдайда биота күйі арқылы қоршаған орта және оның жеке бөліктерінің сапасын бағалау. Суқоймалардың ластануының биоиндикаторлары дегеніміз: – су биоценоздарын есептеу, индикаторлық ағзалар арқылы суқоймалардың ластануының деңгейін бағалау жүйесі Лихеноидикация дегеніміз: – лихенофлораның құрамы мен биологиялық ерекшеліктерін зертеу негізінде атмосфералық ауаның ластану деңгейін қыналар көмегімен анықтау Қоршаған ортаны бақылау дегеніміз: – қоршаған ортаны, оның жеке элементтерінің күйін, техногенді әсер түрлерін сипаттайтын параметрлерді анықтауды қамтамасыз ететін шаларлар жүйесі. Суды биологиялық тестілеу (Biotesting of water) дегеніміз: – тест – обьектілер болып табылатын су ағзаларының жауап реакциялары арқылы су сарасын бағалау Биотестілеу дегеніміз: – тірі ағзаларды пайдалан отырып, қоршаған орта обьектілерін лабораториялық жағдайда бағалау. Орта сапасының индексі дегеніміз: – бақыланатын обьектілер типі мен қойылған мақсаттарға байланысты түрлі мәнге ие болтаны қоршағн орта күйінің сандық көрсеткіші. Ластануды индикациялау дегеніміз: – қоршаған ортаның жеке бөліктерінің ластану көзін, таралу ауданын/ көлемін, ластаушылардың сапалық құрамын анықтау мақсатында сапалық талдау. Қоршаған ортаны бақылау дегеніміз: – қоршаған ортаның күйі туралы мәліметтерді техногендік әсер не фондық параметердің бекітілеген нормаларымен, олардың сәйкес келуі мақсатында салыстыру. Тест-обьект дегеніміз: – ағзаның тіршілк ету ортасына әсер ету деңгейін анықтайтын ағза
11.4. Тест
І-нұсқа
1. Жеке белгілер қызметін атқарады?
А) таксономиялық бірліктер, тіршілік формалары, өсу формалары
В) таксономиялық бірліктер, коллония, ассоциация
С) тіршілік формалары, өсу формалары, жиіллік, кездесу жиілігі
Д) коллония, ассоциация, өсу формалары, жиіллік
2. Индикаторлық белгілердің бірлік классификациясын ұсынған ғалым?
А) Викторов С.В.
В) Вильямс
с) Виноградов Б.В.
Д) Клементс
3. Алғаш тау жыныстарының өсімдік-индикаторларының схемасын құрған ғалым?
А) А.Карпинский,1841
В) Виноградов, 1954
с) Гризебах, 1872
Д) А.Де Кандоль, 1874
4. Экологиялық-физиологиялық индикаторлық белгілердің бірі - өсімдік пигментациясының өзгеріп, оның түсінің бұзылуы болып табылады. Галофиттер топырақ тұздылығы қалыпты болған жағдайда қандай түске ие болады?
А) қанық жасыл
В) ашық жасыл
С) сұр-көкшіл, көкшіл
Д) сары
5. Гидрогеологиялық жағдайлардың физиологиялық индикаторлық белгілеріне жатады:
А) өркен өлшемі, өсу формасы, бұтақтану типі, өсімдік өлшемі
В) өсімдік биіктігі, су режимі, дің диаметрі
С) өсімдіктердің су режимі, пигментациясы, тұз режимі
Д) өсімдік топтарының үйлесімділігі, ассоциациялығы
6. Уорен мен Хаутсон бойынша өсімдіктің қандай мүшесінде мыс пен мырыш аз мөлшерде жинақталады?
А) жапырақ пен қылқанда
В) сүректе
С) тұқым, бүрде, қабықта
Д) жапырақ пен сүректе
7. Псаммофитті бұталардың өлшемінің өзгерісі нені білдіреді?
А) шөлді топырақтардың механикалық құрамының және тұздылығының өзгерісін
В) мезофитті өсімдіктердің су алмасу мен пигментацияның өзгерісін
С) галофиттердің топырақтардың механикалық құрамының және тұздылығының өзгерісін
Д) гигрофитті өсімдіктердің су алмасу мен пигментацияның өзгерісін
8. Галофиттерде морфологиялық өзгерістер топырақтың тұздану типіне байланысты өзгереді. Хлоридті тұздану барысында қандай өзгерістер пйда болады?
А) суккулентілік белгілерінің дамуы: жасушаның ірілігі, бағаналы және борпылдақ паренхиманың дамуы
В) ксероморфоздық белгілердің дамуы: клетканың ұсақтылығы, склерофильділік
С) ксероморфизм мен сукулентіліктің араласа дамуы
Д) гироморфизмдік өзгерістердің жетілуі
9. Батыс Қазақстан облысында кеш жазда және күзде екіншілік гүлдену мен вегетация жүреді. Бұл процесс қандай топырақтарда байқалған?
А) гипсті және мергельді
В) никельді, кобадьтті, уранды
С) тұзданған сазды және гипсті
Д) битумды және мұнайлы көмірсутекті
10. Қоршаған орта күйін сандық өзгерісі, фенотиптік келбетінің өзгерісі биоиндикациялық зерттеудің қандай әдісіне жатады?
А) арнайы
В) арнайы емес
С) тіркеуші
Д) жинақтаушы
11. Стенотипті ағзалардың эвритопты ағзаларға қарағанда:
А) биоиндикациялық қасиеті жоғары
В) биоиндикациялық қасиеті төмен
С) биоиндикациялық қасиеттрі бірдей
Д) биоиндикациялық қасиеті жоқ
12. Тұздануына байланысты галофильді, ылғалдануына байланысты гигрофильді, қышқылдығына байланысты ацидофильді өсімдіктер индикаторлардың қай тобына жатады?
А) теріс
В) жанама
С) тұрақты
Д) оң
13. Түрлі тіршілік жағдайында қауымдастықтың фитоценоздық белгілерінің өзгерісін талдауға негізделеген әдіс қалай аталады?
А) далалық морфологиялық
В) далалық бонитирлік
С) далалық геоботаниалық
Д) салыстырмалы –географиялық
ІІ-нұсқа
1. Б.В.Виноградов индикаторлық белгілерді қандай топтарға жіктеді?
А) физиологиялық, сукцессиялық, өсу
В) статистикалық, динамикалық
С) физиологиялық, морфологиялық, флористикалық, фитоценоздық
Д) сукцессиялық, өсу
2. Жеке индикциялық белгі ретінде өсімдіктің тіршілік формасы қолданылады. Қандай тіршілік формаларын индикациялық белгі ретінде қолдануаға болады?
А) Раункиер, Варминг, Виноградов, Гризебах
В) Викторов, Паунд, Клементс, Лархер
С) Ф.Клементс, Хильгард, Виноградов, Гризебах
Д) Паунд, Клементс, Раункиер, Варминг
3. Топырақтың табиғи күйін оның гүлденуі арқылы бейнелеуде микрофототрофтылардың неше тобы арқылы анықтайды?
А) 2
В) 3
С) 4
Д) 5
4. Экологиялық-физиологиялық индикаторлық белгілердің бірі - өсімдік пигментациясының өзгеріп, оның түсінің бұзылуы болып табылады. Галофиттер топырақ тұздылығы маңызды, артық болған жағдайда қандай түске ие болады?
А) қанық жасыл
В) ашық жасыл
С) сұр-көкшіл, көкшіл
Д) сары
5. Грунт суы өсімдікке, мысалы түйетікен мен бидайыққа жетімді болған жағдайда хлорофилл концентрциясы қалай өзгереді?
А) жоғары
В) төмен
С) өзгеріссіз
Д) орташа
6. Пигменттердің биохимиялық ерекшеліктері индикаторлық белгілердің қай тобына жатады?
А) флористикалық
В) морфологиялық
с) физиологиялық
Д) фитоценоздық
7. Бұталар мен шөптесін өсімідіктердің биометриялық көрсеткіші ретінде қандай белгілер пайдалынады?
А) ағаштардың бөрікбасының және діңнің диаметрі, шөптесін өсімдіктердің шымының диаметрі мен биіктігі
В) өсімдіктердегі тұз алмасу, суалмасу
С) өсімдіктердегі транспирация қарқындылығ, пигментациядағы өзгеріс
Д) өсімдік бойында ауыр металдардың жинақталуы
8. Гидрогеологиялық жағдайдың морфолгиялық индикаторлық белгілеріне жатады?
А) су режимі, тұз режимі, пигментация
В) пигментация, өсімдік өлшемі, өсу формасы
С) транспирация қарқындылығы, бұтақтану типі, өсімидік өлшемі
Д) өсімдіктердің өлшемі, өркен өлшемі, өсу формасы, бұтақтану типтері
9. Ортада болуы және күйі бойынша, сонымен бірге мінез-құлқы бойынша қоршаған ортадағы табиғи және антропогендік өзгерістерді анықтауға көмектесетін бір түр дараларының немесе қауымдастықтың тобы қалай аталады?
А) стенобионттылар
В) биотесттер
С) тест-ағзалар
Д) биоиндиаторлар
10. Өсу жылдамдығының өзгеруі, пішінінің өзгерісі биоиндикациялық зерттеудің қандай әдісіне жатады?
А) далалық
В) картографиялық
С) жинақтаушы
Д) тіркеуші
11. Биоиндикаторлар көмегімен анықталатын жағдайлар:
А) биотесттер
В) ағза сезімталдылығы
С) ағза реакциясы
Д) биоиндикатор обьектілері
12. Қызметі индикациялаушы фактормен тікелей байланысты, көрініс табуы тіршлік негізі болып табылатын индикаторлар қалай аталады?
А) жанама
В) теріс
С) тура
Д) оң
13. Тіршілік ортасының режиміне байлнысты экологиялық көрсеткіштерді зерттеуге неізделеген әдіс қалай аталады?
А) экспериментальді
В) далалық морфлогиялық
С) флоргенетикалық
Д) экологиялық физиологиялық
ІІІ-нұсқа
1. Сүректі өсімдіктер, суккулент, жатаған шөптер, жұмсақ сабақты жартылай бұталар тіршілік формалары қай ғалымының классификациясына жатады?
А) Раункиер
В) Варминг
С) Клементс
Д) Паунд,
2. Сүректі өсімдіктер, жартылай бұталар, плейоциклдік шөптер, дициклдік шөптер тіршілік формалары қай ғалымның классификациясына жатады?
А) Клементс, Варминг
В) Паунд, Варминг
С) Клементс, Викторов
Д) Паунд және Клементс
3. Микрофототрофты ағзалардың 5 тобының бірден бірінің топырақ құрамында кездеспеуі –
А) топырақтың қолайсыздығы, катастрофалық күйі
В) топырақтың кризистік күйі
С) топырақтың қауіптілік күйі
Д) топырақтың қалыпты күйі
4. Экологиялық-физиологиялық индикаторлық белгілердің бірі - өсімдік пигментациясының өзгеріп, оның түсінің бұзылуы болып табылады. Галофиттер топырағы тұзды, алайда ылдғалдылығы аз жағдайда қандай түске ие болады?
А) қанық жасыл
В) оранж-қызыл
С) сұр-көкшіл, көкшіл
Д) сары
5. Суккулентті галофиттер грунт суы жақын орналасқан жағдайда қандай түске ие болады?
А) сары-қызыл
В) ашық жасыл
С) қою жасыл
Д) сары
6. Бидайық өсімдігінің Каспий маңының ылғалды топырақтарында биіктігі қандай болады?
А) 0,8-1 м
В)0,6-0,8 м
С)0,4-0,6 м
Д) 0,2
7. Батыс Қазақсатн территориясында өсетін бұйырғын өсімдігі борлы шлефті және мергельді топырақтарда қандай пішінге ие болады?
А) теротологиялық ауытқушылқтардың дамуы
В) бойы биік, бұтақтары тік орналасқан, жартылай бұташық пішінді
С) төмпешік тәрізді пішінді, бұтақтары қысқарған және көлденеңнен орналасқан
Д) гүлдердің пішіндерінің өзгерісі, аталық пен аналықтың санының азаюы
8. Кобальтті-никельді алаң шегінде өсімдіктер мүшелерінде қандай өзгерістер жүреді?
А) теротологиялық ауытқушылқтардың дамуы
В) бойы биік, бұтақтары тік орналасқан, жартылай бұташық пішінді
С) төмпешік тәрізді пішінді, бұтақтары қысқарған және көлденеңнен орналасқан
Д) гүлдердің пішіндерінің өзгерісі, аталық пен аналықтың санының азаюы
9. Биоиндикаторлар дегеніміз?
А) тірі ағзаларды пайдалан отырып, қоршаған орта обьектілерін лабораториялық жағдайда бағалау
В) Ортада болуы және күйі бойынша, сонымен бірге мінез-құлқы бойынша қоршаған ортадағы табиғи және антропогендік өзгерістерді анықтауға көмектесетін бір түр дараларының немесе қауымдастықтың тобы
С) белгілі бір жағдайда тіршілік етуге бейімделген, өзге жағдайда тіршілігін жоятын, осы жағдайлар арқылы бір кешенді табиғи түзілімді өзгеден айыруға мүмкіндік беретін ағза- стенобионт
Д) ағзаның тіршілк ету ортасына әсер ету деңгейін анықтайтын ағза
10. Өсімдіктердің өз ұлпаларында, белгілі бір мүшелерінде, дене бөліктерінде ластаушы заттарды жинақтауын зерттеу арқылы биоиндикациялау қандай әдіске жатады?
А) арнайы емес
В) жинақтаушы
С) тіркеуші
Д) экологиялық –генетикалық
11. Тұрақты индикаторлар дегеніміз не?
А) бақылаудың нақтылығы мен дәлдігі талаптарын қамтамасыз ететін экологиялық амплитудасы тар жеке ботаникалық белгілер, фитоценоздар немесе өсімдіктер
В) өте кең экологиялық амплитуда тән өсімдіктер
С) индикациялаушы фактормен функциялық байланысы бар, көрінісі тіршілік үшін маңызды болып табылатын өсімдік топтары
Д) индикациялаушы жағдаймен тура байланысы жоқ өсімдіктер тобы
12. Псаммофитті бұталардың өлшемінің өзгерісі нені білдіреді?
А) топырақтың тұздылығын
В) топырақтың ылғалдылығын
С) топырақтың механикалық құрамының өзгерісін және тұздануын
Д) топырақта белгілі бір элементтердің жинақталуын
13. Тіршлік ортасының жағдайына байланысты көпжылдық өсімдіктердің тіршлілік деңгейін, жасы мен биіктігінің қатынасын, жылдық өсімін, орташа өсу жылдамдығын анықтауға негізделген әдіс қалай аталады?
А) далалық физиологиялық
В) далалық бонитирлік
С) далалық геоботаникалық
Д) флоргенетикалық
ІҮ -нұсқа
1. Индикациялық бірлігі – түр индикациялық белгінің қай түріне жатады?
А) физиологиялық
В) фитоценоздық
С) морфологиялық
Д) флористикалық
2. Жиілілік, жобалы жабын, кездесу жиілілігі, дисперстілік қандай индикаторлық белгіге жатады?
А) фитоценоздық
В) флористикалық
с)морфологиялық
Д) физиологиялық
3. Индикациялық жұмыстардың жалпылама теориялық маңызы жоғары еңбек қай ғалымдыкі болды?
А) Ф.Клементс 1920
В) Хильгард 1860
с) Виноградов, 1954
Д) Гризебах, 1872
4. Магний жетіспеген жағдайда өсімдікте қандай өзгерістер жүреді?
А) жапырақта сары-қоңыр, сары-жасыл сызықтар мен дақтардың пайда болуы
В) жапырақтың қою жасыл, сұр-күлгінге боялуы
С) жапырақтың жүйкеден бастап, ортасына қарай жартылай түссізденіп, сарғаюы
Д) шұбар хлороздың түзілуі
5. Суккулентті галофиттер грунт суы терең орналасқан (1,5-1 м) жағдайда қандай түске ие болады?
А) сары-қызыл
В) ашық жасыл
С) қою жасыл
Д) сары
6. Бидайық өсімдігінің Каспий маңының қысқа уақыттық ылғалданатын кебірлі және сорлы топырақтарында биіктігі қандай болады?
А) 0,8-1 м
В)0,6-0,8 м
С)0,4-0,6 м
Д) 0,2
7. Грунт суы 4-7 м тереңдікте орналасқан жағдайда қара сексеуілдің даму қандай болмақ?
А) өсімдіктің дамуы қалыпты, қолайлы орта
В) биіктігі аласа, өркен ұзындығы қысқа
С) дің ұзарып, жіңішкеріп, тіктенеді
Д) өсімдік теротогенді өзгеріске ұшырайды
8. Түрлі тау жыныстарына арнайы тіршілік формалары бейімделеді. Эвгалофитті жартылай бұташықтар қандай топырақтарға өсуге бейімделген?
А) борлы
В)тұзданған сазды және мергельді
С) батпақты
Д) сазды тақтатасты
9. Индикатор – ағза дегеніміз?
А) экологиялық бейімделушілігі өте тар (стенобионттар), өзінің мінез-құлқы, физиологиялық реакцияларындағы өзгерістер немесе өзінің тіршілігі арқылы қоршаған отадағы өзгерісті немесе оның табиғи және антропогендік сипаттамасын анықтайтын ағзалар.
В) Ортада болуы және күйі бойынша, сонымен бірге мінез-құлқы бойынша қоршаған ортадағы табиғи және антропогендік өзгерістерді анықтауға көмектесетін бір түр дараларының немесе қауымдастықтың тобы
С) ағзаның тіршілк ету ортасына әсер ету деңгейін анықтайтын ағза
Д) белгілі бір жағдайда тіршілік етуге бейімделген, өзге жағдайда тіршілігін жоятын, осы жағдайлар арқылы бір кешенді табиғи түзілімді өзгеден айыруға мүмкіндік беретін ағза- стенобионт
10. Шаян тәрізділер панцирі және жәндік дернәсілдерінде: миларында, бүйректері мен бауырларында ауыр металдар ШРК артық мөлшерде жинақталады. Биоиндикацияның қандай түріне жатады?
А) арнайы емес
В) жинақтаушы
С) тіркеуші
Д) экологиялық -генетикалық
11. Псаммофиттер грунт суларының индикаторының қай түріне жатады?
А) тура
В) теріс
С) тұрақты
Д) жанама
12. Топырақтың білгілі бір түрлеріне ерекше тіршлік формалары тән. Солтүстік Қазақстанның дала зонасының кәдімгі қара топырағының индикаторы қызметін атқаратын өсімдіктер қандай?
А) шымды жіңішке жапырақты астық тұқымдастары, мезофидьді әртүрлі шөптесінді өсімдіктер және т.б.
В) сораңды өсімдіктер
С) псаммофитті бұталар, жартылай бұташықтар
Д) шымды жіңішке жапырақты астық тұқымдастары, сораңдар
13. Экологиялық профил құра отырып, ондағы өсімдік жабынының рельефке, топырақ тұзыдылығына, ылғалдылыққа, топырақтың механикалық құрамына, қарашірікке, тау жыныстарының құрамына грунт суының тереңдігіне, микроклиматқа, адам әрекетіне байланысты өзгерісін зерттеу әдәсі қалай аталады?
А) салыстымалы географиялық
В) картографиялық
С) эколгиялық географиялық
Д) флоргенетикалық
Ү-нұсқа
1. Ағаштардың жылдық сақиналарының ені, суөткізгіш ұлпалардың құрылысындағы ерекшеліктер, клетка мен клетка қабықшасының айырмашылықтары, жеке ұлпалардың даму деңгей, қандай индикаторлық белгіге жатады?
А) анотомиялық
В) Функциональдық
с) физиологиялық
Д флористикалық
2. Теріс индикаторлар дегеніміз?
А) қандай да болмасын әсерді көтере алмайтын ағзалар тобы
В) экологиялық амплитудасы өте кең және фактор деңгейі әр түрлі болып келетін ортада өсуге бейімделген ағзалар
С)белгілі бір факторы басым ортаға бейімделегн ағзалар
Д) индикаторлық қасиеті жоқ өсімдіктер
3. Микрофототрофты ағзалардың топырақта екі-үшеуінің кездесуі қандай жағдай?
А) топырақтың қолайсыздығы, катастрофалық күйі
В) топырақтың кризистік күйі
С) топырақтың қауіптілік күйі
Д) топырақтың қалыпты күйі
4. Азот жетіспеген жағдайда өсімдікте қандай өзгерістер жүреді?
А) жапырақта сары-қоңыр, сары-жасыл сызықтар мен дақтардың пайда болуы
В) жапырақтың қою жасыл, сұр-күлгінге боялуы
С) жапырақтың жүйкеден бастап, ортасына қарай жартылай түссізденіп, сарғаюы
Д) шұбар хлороздың түзілуі
5. Уорен мен Хаутсон бойынша өсімдіктің қандай мүшесінде мыс пен мырыш көп мөлшерде жинақталады?
А) жапырақ пен қылқанда
В) сүректе
С) тұқым, бүрде, қабықта
Д) жапырақ пен сүректе
6. Өсімдік биіктігін,бұта мен дін диаметрін жапырақ тақтасының өлшемі қандай индикаторлық белгіге жатады?
А) сыртқы морфологиялық
В) ішкі анотомиялық
с) физиологиялық
Д) флористикалық
7. Батпақты жердегі қарағайдың қалыпты жердегі қарағайдан ерекше индикаторлық белгілері бойынша ажыратылады. Ол қандай белгілер?
А) өсімдіктің өте биік өсуі., қылқандардың ұзаруы, бүрлердің іріленуі
В) өсімдік бойының аласарып, қылқандарының қысқарып, бүрлерінің ұсақталуы
С) өсімдік бойының аласарып, қылқандарының қысқарып, бүрлердің іріленуі
Д) өсімдіктің өте биік өсуі., қылқандардың ұзаруы, бүрлердің қысқаруы
8. Батыс Қазақсатн территориясында өсетін бұйырғын өсімдігі гипсті және тұзды саздақты топырақтарда қандай пішінге ие болады?
А) теротологиялық ауытқушылқтардың дамуы
В) бойы биік, бұтақтары тік орналасқан, жартылай бұташық пішінді
С) төмпешік тәрізді пішінді, бұтақтары қысқарған және көлденеңнен орналасқан
Д) гүлдердің пішіндерінің өзгерісі, аталық пен аналықтың санының азаюы
9. Экологиялық бейімделушілігі өте тар (стенобионттар), өзінің мінез-құлқы, физиологиялық реакцияларындағы өзгерістер немесе өзінің тіршілігі арқылы қоршаған отадағы өзгерісті немесе оның табиғи және антропогендік сипаттамасын анықтайтын ағзалар қалай аталады?
А) индикатор – ағза
В) биоиндикатор
С) тест-ағза
Д) стенобионттылар
10. Бір реакцияның түрлі факторлар арқылы туындауы қандай әдіске жатады?
А) арнайы
В) арнайы емес
С) генетикалық
Д) жинақтаушы
11. Эвксерофиттер топырақтың шамадан тыс ылғалдануын жоққа шығарады. Бұл индикаторлардың қайсысының белгісі болып табылады?
А) тура
В) жанама
С) теріс
Д) тұрақты
12. Ландшафттың түрлі құрлымдық элементтеріндегі белгілі бір қауымдастықтың сипаттамасын сәйкестендіре отырып зерттеу әдісі қалай аталады?
А) картографиялық
В) салыстырмалы-географиялық
С) экологиялық- географиялық
Д) аэрометод
13. Экологиялық географиялық әдіс дгеніміз не?
А) Экологиялық профил құра отырып, ондағы өсімдік жабынының рельефке, топырақ тұзыдылығына, ылғалдылыққа, топырақтың механикалық құрамына, қарашірікке, тау жыныстарының құрамына грунт суының тереңдігіне, микроклиматқа, адам әрекетіне байланысты өзгерісін зерттеу әдәсі қалай аталады? +
В) Тіршлік ортасының жағдайына байланысты көпжылдық өсімдіктердің тіршлілік деңгейін, жасы мен биіктігінің қатынасын, жылдық өсімін, орташа өсу жылдамдығын анықтауға негізделген әдіс қалай аталады?
С) Тіршілік ортасының режиміне байлнысты экологиялық көрсеткіштерді зерттеуге неізделеген әдіс қалай аталады?
Д) Түрлі тіршілік жағдайында қауымдастықтың фитоценоздық белгілерінің өзгерісін талдауға негізделеген әдіс қалай аталады?
ҮІ - нұсқа
1.Фитоценоздық индикаторлық белгілердің құрылымдық бөлігі анықтайды:
А) жиілілік, жобалы жабын, кездесу жиілілігі, дисперстілік
В) қауымдастықтың синузиялық құрылымын (ярустылық пен мозайкалылық) және өсімдік жабынының құрылымдық белгілерін (кешен формасы, фитоценоз үйлесімділігі өзара орналасуы)
С) кездесу жиілілігі, дисперстілік, қауымдастықтың синузиялық құрылымын
Д) жиілілік, жобалы жабын, кешен формасы, фитоценоз үйлесімділігі өзара орналасуы
2. Анатомиялық өсу белгілеріне жатады?
А) жиілілік, жобалы жабын, кездесу жиілілігі, дисперстілік
В) ярустылық пен мозайкалылық
с) жапырақ тақтасының көлемі, пішіні, түсі
Д) діңнің жылдық сақиналарының ені мен санының өзгерістерін және сүректің өсу жылдамдылығы
3.Жеке өсімдіктердің көрсеткіші индикаторлық белгі ретінде қолданылады. Бұл индикаторлық белгілердің қай түріне жатады?
А) фитоценоздық
В) морфологиялық
С) анатомиялық
Д) флористикалық
4. Темір жетіспеген жағдайда өсімдікте қандай өзгерістер жүреді?
А) жапырақта сары-қоңыр, сары-жасыл сызықтар мен дақтардың пайда болуы
В) жапырақтың қою жасыл, сұр-күлгінге боялуы
С) жапырақтың жүйкеден бастап, ортасына қарай жартылай түссізденіп, сарғаюы
Д) шұбар хлороздың түзілуі
5. Уорен мен Хаутсон бойынша өсімдіктің қандай мүшесінде мыс пен мырыш аралық мөлшерде жинақталады?
А) жапырақ пен қылқанда
В) сүректе
С) тұқым, бүрде, қабықта
Д) жапырақ пен сүректе
6. Тіршілік формалары, экотип, өсу формасы, сондай-ақ өсімдіктердің механикалық зақымдануы, табиғи қалпының өзгеруі қанда индикациялық белгіге жатады?
А) морфологиялық
В) флористикалық
с) фитоценоздық
Д) физиологиялық
7. Галофиттерде морфологиялық өзгерістер топырақтың тұздану типіне байланысты өзгереді. Сульфатты тұздану барысында қандай өзгерістер пйда болады?
А) суккулентілік белгілерінің дамуы: жасушаның ірілігі, бағаналы және борпылдақ паренхиманың дамуы
В) ксероморфоздық белгілердің дамуы: клетканың ұсақтылығы, склерофильділік
С) ксероморфизм мен сукулентіліктің араласа дамуы
Д) гироморфизмдік өзгерістердің жетілуі
8. Никель, кобальт, уран және өзге металдар әсерінен өсімдіктерде байқалатын, индикациялық мақсата қолданатын көрсеткіштер қандай?
А) арнай өсу формалары мен теротологиялық ауытқушылқтардың дамуы
В) бойы биік, бұтақтары тік орналасқан, жартылай бұташық пішінді
С) төмпешік тәрізді пішінді, бұтақтары қысқарған және көлденеңнен орналасқан
Д) гүлдердің пішіндерінің өзгерісі, аталық пен аналықтың санының азаюы
9. Қоршаған ортаның белгілі бір жағдайында тіршілік етіп және ондағы өзгерістерді көтере алмайтын ағзалар.
А) эврибионттылар
В) индикатор-ағзалар
С) стенобионттылар
Д) гомойотермділер
10. Бір реакцияның бір ғана фактор арқылы туындауы қандай әдіске жатады?
А) тіркеуші
В) далалық
С) арнайы емес
Д) арнайы
11. Берілген тіршілік ортасында белгілі бір табиғат жағдайларының бар екенін көрсететін өсімдіктер немесе өсімдіктер тобы қандай индикатор болып табылады?
А) оң
В) теріс
С) жанама
Д) тұрақты
12. Негізінен тамыр жүйесінің құрылысы мен бейімделуін зерттеуге негізделеген әдіс түрі қалай аталады?
А) далалық экологиялық морфологиялық
В) далалық геоботаникалық
С) далалық бонитирлік
Д) экологиялық географиялық
13. Далалық бонитирлік әдісті анықтаңыз:
А) Түрлі тіршілік жағдайында қауымдастықтың фитоценоздық белгілерінің өзгерісін талдауға негізделеген әдіс қалай аталады?
В) Тіршілік ортасының режиміне байлнысты экологиялық көрсеткіштерді зерттеуге неізделеген әдіс қалай аталады?
С) Экологиялық профил құра отырып, ондағы өсімдік жабынының рельефке, топырақ тұзыдылығына, ылғалдылыққа, топырақтың механикалық құрамына, қарашірікке, тау жыныстарының құрамына грунт суының тереңдігіне, микроклиматқа, адам әрекетіне байланысты өзгерісін зерттеу әдәсі қалай аталады?
Д) Тіршлік ортасының жағдайына байланысты көпжылдық өсімдіктердің тіршлілік деңгейін, жасы мен биіктігінің қатынасын, жылдық өсімін, орташа өсу жылдамдығын анықтауға негізделген әдіс қалай аталады?
12. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖӘНЕ МУЛЬТИМЕДИЙЛІК ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ (ПӘННІҢ МАЗМҰНЫНА ҚАРАЙ). ПОӘК ШЫҒЫС МӘЛІМЕТТЕРІ ЖӘНЕ МЕКЕН-ЖАЙЫ КӨРСЕТІЛУІ ҚАЖЕТ – КІТАПХАНА, КАФЕДРА Т.Б.
Экология бойынша электронды оқулық №1 ғимарат, №2 оқу залында.
«Живой мир» видеофильмі «Биология, экология және оқыту теориясы» кафедарсында. №5 ғимарат, №12.
13.АРНАУЛЫ АУДИТОРИЯ, КАБИНЕТ ЖӘНЕ ЛАБОРАТОРИЯ-ЛАР ТІЗІМІ.
№5 ғимарат, №30 аудитория.
ҚОРЫТЫНДЫ
Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы мен құрамына қойылатын жалпы талаптар студенттердің танымдық қызметтерінің психология-педагогикалық концепциясы мен гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің әдістемелік оқыту жүйесінің өзіндік ерекшеліктері негізінде анықталады.
Пәннің оқу-әдістемелік кешені құрылымының әр компонентіне төмендегідей талаптар қойылады:
материал типтік бағдарламаға сай ізділікпен берілуі тиіс;
материалдың мазмұны қазіргі заманғы оқу-әдістемелік және ғылыми аспектілерге сай болуы тиіс;
дидактикалық материалдар, есептер мен жаттығулар жинақтары деңгейлі дифференциацияны жүзеге асыруға, шығармашылық белсенділікті дамытуға бағытталуы тиіс;
пәнаралық және пәнішілік байланыстар сақталуы тиіс.
СРО сұрақтары
Биоиндикация ілімінің зерттеу обьектісі қандай?
Биоиндикаторлар дегеніміз не?
Стресс дегеніміз не?
Адаптация дегеніміз не?
Биоиндикация обьектілері дегеніиімз не?
Биоиндикациялық зерттеулердің қандай типтері бар?
Морфологиялық белгілеодің қызметі?
Физиологиялық белгілердің қызметі?
Достарыңызбен бөлісу: |