Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет2/3
Дата04.11.2016
өлшемі444,37 Kb.
#335
1   2   3

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақ филологиясы кафедрасы
5В020500 - «Қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған «Шығыс әдебиеті»

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар




Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38








БЕКІТЕМІН

ГП факультетінің деканы _______ Ж.Т.Сарбалаев « » 2013 жыл
















Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Муталиева Р.М.

Қазақ филологиясы кафедрасы


5В020500 - «Қазақ филологиясы» мамандығыныңстуденттеріне арналған

«Шығыс әдебиеті»
пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 2013 ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 2013 ж. « » № Хаттама

Кафедра меңгерушісі _____________Жүсіпов Н.Қ. 2013 ж. « »

(қолы) (аты-жөні)

Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2013 ж. « » № Хаттама


ОӘК төрағасы ___________Ксембаева С.К. 2013 ж. « »

(қолы) (аты-жөні)



1. Оқу пәнінің паспорты
Пәннің атауы «Шығыс әдебиеті»
Кредит саны мен оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 2

Семестр: 4



Аудиториялық сабақтар – 45 сағат

Дәрістер – 30 сағат

Тәжірибелік – 15 сағат

СОӨЖ – 22,5

Соның ішінде СӨЖ – 90

Еңбек сыйымдылығы барлығы – 135 сағат


Бақылау формасы

Емтихан – 3 семестр


Пререквизиттер

Постреквизиттер

  • ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті

2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Аты-жөні: Муталиева Раушан Мамырқызы

Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: ф.ғ.к., доцент

«Қазақ филологиясы» кафедрасында «А» корпусында (Ломов к-сі, 64) 356 аудиторияда орналасқан.

Байланысу телефоны: Тел. (12-55) 356 кабинет
3 Пәні, мақсаты мен міндеттері
Пән: «Шығыс әдебиеті»

«Шығыс әдебиеті» курсы студенттердің осы курсты игеру барысында алған білімдерін одан әрі тереңдете түсуге, шығыс ақындары шығармаларын талдау арқылы оларға шығыс әдебиетінің көркемдік-эстетикалық мәнін игерту.



Пәнді оқыту мақсаты:
Шығыс әдебиетінің барлық жанрын саралау, поэмаларының көркемдік-идеялық табиғатын ашу, қара сөздерінің тақырыптық, тәрбиелік мәнін түсіну.

Пәннің міндеттері:

- Шығыс әдебиетінің барлық жанрын саралау;

- поэмаларының көркемдік-идеялық табиғатын ашу;
4 Білім, икемділік және дағды-машықтарға қойылатын талаптар

Пәнді оқу нәтижесінде студенттердің:



- шығыс өлеңдерінің көркемдік ерекшелігін талдау;

- поэмаларының образдар жүйесін талдай білу бойынша практикалық машықтарды иемденуі қажет.


5 Пәнді оқудың тақырыптық жоспары
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу

р/с

Тақырып атауы

Сабақ түрлері бойынша дәрісханалық сағаттар саны

СӨЖ

дәрістер

Практикалық

(семинар)

Барлығы

оның ішінде СОӨЖ

1

1-тақырып. Көне арабтардың сөз өнері. Исламның дүниеге келуі және Құран.«Мың бір түн» ертегілері. Стилі мен тілі.


3

3

10

2

2

Р.Тагор шығармашылығы.

3

1

10

2

3

Фирдоуси шығармашылығы. «Шахнаме» дастанының көркемдік ерекшелігі.

3

2

10

2

4

Омар Хайям шығармашылығындағы ой еркіндігі.

4

2

10

2

5

Муслихаддин Сағди

5

2

10

2

6

Хафиз – классикалық Шығыс поэзиясының дарынды лиригі.

2

1

10

2

7

Ә. Жәми – классикалық поэзияның соңғы өкілі.

2

1

10

2

8

Бабырдың әдеби мұрасы. «Бабыр-нама» дастанының әдеби-көркемдік сипаты.

2

1


10

2

9

Әбілхасан Рудаки

2

10

2,5

10

Насыр Хұсырау

2

1




2

11

Жәлаладдин Руми

2

1




2




Барлығы:135 (3 кредит)

30

15

90

22,5

6 Дәріс сабақтарының мазмұны
1-тақырып. Көне арабтардың сөз өнері. Исламның дүниеге келуі және Құран.«Мың бір түн» ертегілері. Стилі мен тілі.

Жоспар:

1.Көне арабтардың сөз өнері. Араб әдебиеті туралы мәлімет, түсінік беру. Исламның дүниеге келуі және Құран. Мұхаммед (с.а.с.) – жаңа діннің негізін салушы. Құранның жасалу тарихы.

2. «Мың бір түн» ертегісінің жазылу тарихы, жанрлық ерекшеліктері, тілі мен стилін зерттеу, поэтикасы мен жариялану жайы.

Татардың көрнекті ғалымы Х.Миннегулов “Мың бір түнді” әрі жазба әдебиет, әрі ауыз әдебиеті ретінде қарастырады. Оның пікірінше бұл екі дәстүрдің байланысы кітаптың өзіндік ерекшелігі болып табылады [3, 73-б]. Біздің ойымызша, бұл – өте құнды пікір. Өйткені, “Мың бір түн” ертегілерін саралай келе, оның поэтикасында болсын, құрылымы мен жазылу стилінде болсын жазба әдебиетке тән ерекшеліктердің анық байқалатынына көз жеткізуге болады. Мың бір түнді” араб тілінен орыс тіліне алғаш аударушы М.А.Салье француз арабтанушысы Сильвестр де Сасидің “Мың бір түннің” парсылық тегіне мүлде қарсы пікірде болғандығын айтады. Ол “Мың бір түнді” мұсылмандық рухпен, араб әдет-ғұрыптарымен суарылғанын, болған оқиғалардың Бағдат, Дамаск, Мысыр сияқты араб жерлерінде өткенін баяндай отырып, оның тілі мен стилі қарапайым, кейінгі дәуірлердегі Сирия диалектісіне жақындығын, “Хезар әфсанадан” тек рамкасы мен сыртқы безендірілуін ғана алғандығын және оны сириялық бір адамның жазғандығын айтады.


2-тақырып Тагор шығармалары

Жоспар:

1. Әңгімелері

2. «Күйреу» романы

Үнді әдебиеті. Р. Тагор шығармашылығы. «Күйреу» романының көркемдік ерекшелігі туралы. Тагордың «Күйреу» романында бұрынғы ескі салт-дәстүрдің күйрегені туралы айтылады. Қыз бен жігіт үйленер алдында бір-бірін көрмейді. Романдағы Ромеш пен Хемнолини осындай кедергілерді жеңіп шығып, бақыттарына жетеді. Ромешке шатасып қосылған Камола өз күйеуін табады. С.Шаймерденов үнді жазушысы Тагордың «Күйреу» романын аударғанда былай депті: «Мен өзім оқыған классикалық әдебиетте әйел жанын дәл осы Тагорша терең түсініп, нәзік те, шебер суреттей білген жазушыны білмеймін» ,- дейді.



3-тақырып Фирдоуси

Жоспар:

1. «Шах-наме» дастаны

Әбілқасым Фирдауси (940-1020) — шығыс ақыны. “Шаһнама” дастанын (ақын Дажини бастаған) 35 жыл бойы жазған, ол 55 мың бәйіттен (қостағаннан) тұрады. 1-нұсқасы 994 ж., 2-нұсқасы 1010 ж. біткен, тұңғыш рет 1829 ж. Үндістанда жарық көрді. Дастан 3 бөлімнен құрылған:


  1. мифологиялық аңыздар,

  2. батырлық жырлар,

  3. тарихи шежірелер.

Сонымен қатар романтикалық, драмалық сарындағы бірнеше поэмалар, дидактикалық және филос. толғаулар енгізілген. Негізгі сюжет иран және тұран халықтарының басынан кешкен 4 мың жылдық тарихи оқиғаға байланысты өріледі. Жүсіп БаласағұниҚұтадғу білік” дастанында (1069) “Шаһнаманың” түркі тайпаларына жақсы мәлім екенін айтады. Қазақ халқы “Шаһнамамен” ертеден таныс. Поэма қаһармандары қазақ ауыз әдебиетінде жиі кездеседі (мысалы, “Атымтай мен Наушаруан” ертегісі, “Иранғайып шаһ Ғаббас” дастаны т.б.). “Шаһнаманы” қазақ тіліне аудару ісі 19 ғасырдың 30-жылдарынан бастап қолға алынды. 1856—1870 ж. Ораз Молда “Шаһнаманың” үш аудармасын жасады, 1888 ж. Сердәлі ақын бір тарауын, 1914—1915 ж. Мұқамеджан Сералин (1872—1929) “Рүстем және Зораб” деген бөлімін аударды. “Шаһнаманы” тәржімалауда Тұрмағамбет Ізтілеуов (1882—1939) көп еңбек сіңірді. Оның аудармасы 40 мың жолдық 3 бөлімнен тұрады (“Жәмшиднама”, “Рүстем-дастан”, “Дарап-нама”). Осылардың ішінен “Рүстем-дастан” 1961 ж. жарық көрді. Ақын Б. Алдамжаров “Мәнушеһір” тарауын аударды (1972). Абай Құнанбаев Әбілқасым Фирдауси ұстаз тұтты. Сондай-ақ “Шаһнама” дастаны Жамбыл Жабаев, Кенен Әзірбаев сияқты халық ақындарының шығармашылығына біршама ықпал етті. Әбілқасым Фирдаусиге қазақ ақындары С.Мұқанов, Қ.Бекхожин, Қ.Жармағамбетов, Ө.Күмісбаев т.б. жыр жолдарын арнаған.[1]

4-тақырып Омар Хайям

Жоспар:

1. Шығармашылық өмірбаяны

2. Өлеңдері

Омар Хайям өмірі мен шығармашылығы, оның әдеби мұрасына шолу, зерттеу.Рубайлары. Омар Хайям - парсы математигі, астрономы, ақын, философы (толық аты — Абу-ль-Фатх Омар ибн Ибрахим аль-Хайям) шамамен 1048 жылы Хорасанның Нишапур қаласында дүниеге келген, әрі сонда қайтыс болған. Жас кезінде жақсы отбасының тәрбиесінде болған, әрі өлеңге құмартып өскен, оның кейбір өлеңдері осы күнге дейін жеткен. Нишапурда жұмыс атқарған кезінде, сол кездегі оқымыстылармен бірлесіп сол замандағы күнтізбеге өзгерістер енгізген.

Оның ең негізгі еңбегі «Алгебра мәселелерінің дәлелі» атты кітап. Бұл кітаптың арабша қолжазбасы мен латынша аударма нұсқасы сақталған, әрі қазір көптеген шет тілдеріне аударлып басылды. Осы кітапта алгебраға "теңдеу шешетін ғылым" деген анықтама берген, бұл анықтама 19-ғасырдың соңына дейін сақталып келді. Кітапта тағыда тұңғыш рет өзі ашқан көнуыстық қисықтардың көмегімен үшінші дәрежелі теңдеуді шешудің әдісі берілді, бұл алгебра мен геометрияны біріктрген керемет әдіс еді. Ол тағыда екімұшеліктердің жаймасын, тарқату әдісін да зерттеген. Евклидтің кітабын аударып және оған түініктеме берген.
5-тақырып Муслихаддин Сағди

Жоспар:

1. «Жәннат» дастаны

Сағди өмірі мен шығармашылығы. Оның ХІІІ-ХІҮ ғғ. Парсы тілді поэзиядағы философиялық-дидактикалық бағыттағы поэмаларының табиғаты.Он баптан тұратын «Жәннат» дастаны.Ондағы әділдік, қайырымдылық, ғашықтық, кішіпейілділік, таупық ету, қанағат, тәлім-тәрбие,шүкіршілік, тәубе мәселелері. Сағди Муслихаддин, яғни Муслихаддин Әбу Мұхаммед Абдоллах ибн-Мушрифаддин әйгілі Шираз шаһарында (1203-1210 ж.ш) құба төбел дәулеті ғана бар діндардың отбасында дүниеге келген. Сағдидың ақындық өнер мен ғылым жолына түсуіне әкесінің ықпалы мол болған.Бірақ Сағди он үш жасында әкеден айрылып, өмір талқысына ерте түседі. Шыңғысханның жорығына байланысты Сағди Отанын тастап, Бағдадқа келеді. Онда“Низамия”медресесіне түсіп, кейін“Мустансирияға”ауысып, соны оқып шығады. Аталмыш оқу орнында ислам дінінің негізі, құран және оған түсініктеме, медицина, филология, математика, тарих, зоология, логика, поэзия, тағы басқа пәндерді оқытатын. Сағди Бағдадтан құран мен хадистен, әсіресе араб поэзиясынан терең мағлұмат алып шықты. 30-жылдарда Меккеге барып, хажы атанады. 20 жылдай дәруіш болып, бүкіл мұсылман шығысын (Үндістанды, Хаджазды, Орта Азия мен Шығыс Түркістанды, Солтүстік Африканы) кезеді. Иерусалим құрамында крест тағушыларға қарсы соғыста тұтқынға түседі, кездейсоқ Алепоның саудагері оны сатып алып, өзінің қиқар мінезді қызына үйлендіреді. Одан Сағди қашып, Шамға келіп орнығады. 1257 жылы туған еліне оралып“Жәннат”дастанын жазды. Оны бітірісімен, 1258 жылы“Гүлстан”атты шығармасын жариялады. Екі шығармасын да ақын Шираздың билеушісі Әбу Бәкір ибн Сағдиге арнап, сыйға тартты.

6- тақырып Хафиз

Жоспар:

1. Өлеңдері

Хафиз өмірі мен шығармашылығы. Хафиз – классикалық Шығыс поэзиясындағыдарынды лирик.Оның ғазалдары, рубайлары, таржибандтары, сақинамаданы.

Хафиз 1325-26 жылдары Ширазда дүниеге келіп, сол жерде 1389 жылы қайтыс болады. Оның балалық шағы өте ауыр болады. Жастай жетім қалып, көп қиындық көреді. Құранды толық жатқа білген. Шахнабат атты қызға ғашық болып өмір сүрген.Құранды жатқа оқығандықтан Хафиз атанады. Ғазалдары әлем әдебиетінің қорына,батыс әдебиетіне аударылып, үлкен құрметке бөленеді. Гете Хафизді қатты бағалап, оны өзін рухтандыратын күш-қуатты бауырым деп есептеп, атын әлемге жайғызған жанның бірі болады. Біздің заманда Хафизді жоғары бағалаған – Садриддин Айни .



7-тақырып Жәми

Жоспар:

1. Өмірбаяны

2. Өлеңдері
Ә. Жәми – классикалық поэзияның соңғы өкілі. «Жеті дастан» даналық кітабының философиялық тұжырымдары.Оның поэзиясындағы ғашықнама, қасіретнама, рубайлар, фарды, мұрабба,ғибратнама үлгілері.Хорасанда 1414 жылы туған. Гератта 1492 жылы қайтыс болады. Ақын, философ, музыка зерттеушісі, филолог. Самарқант пен Герат қалаларында оқыған. Жүзден астам еңбек жазған, үш бірдей ғазалдар жинағы, жеті атақты дастан, философия, тіл саласында үлкен еңбектер жасаған. Науаиге ұстаз, пікірлес бауыр болған. Құранды жатқа біліп, оның Орта Азиядағы насихатшысы болған.

8-тақырып Бабыр

Жоспар:

1. Өмірбаяны

2. «Бабыр-наме»
Бабырдың әдеби мұрасы туралы түсінік. «Бабыр-наме» туындысының әлемдік маңызы. Ондағы оқиғалардың Үндістан, Кабул, Ферғана жерлерінде өтетіндігі. Тарихи тұлғалар. Захиредден Мұхамед Бабыр  «Бабыр» есімінің парсы тілінен мағынасы «арыстан, қолбасшы, барыс»[1]) –моғол және үнді ел билеушісі, сардары, Ұлы Моғол мемлекетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы.[2]

1483 ж. ақпанның 14 қазіргі Ферғана уалаятында туған. Оның әкесі Омар Шайхы–Ақсақ Темірдің шөбересі, Ферғананың әмірі еді. Ал Бабырдың шешесі – Құтлық Нигар ханым Моғолстан ханы, Шыңғыс хан әулеті Жүністің қызы болатын. Бабыр және қазақтың тұңғыш тарихшысы Мұхаммед Хайдардың шешелері – бірге туған, апалы-сіңлілі адамдар болған. Демек, Бабыр мен Мұхаммед-Хайдарбөле болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет