Пән: География Мақсаты: а білімдік. Жаратылыстану пәнінің «Жер –Күн жүйесінің ғаламшары»



Дата31.01.2018
өлшемі99,83 Kb.
#37208
Cафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның география пәні мұғалімі

Сагнаева Азиза Муслимқызы

Танымдық ойын «Сынып жүлдегері »

Сынып: 7

Пән: География

Мақсаты:

а) білімдік. Жаратылыстану пәнінің « Жер –Күн жүйесінің ғаламшары » бөлімі бойынша алған білімдерін жүйелеу, толықтыру, тереңдету, сынып жүлдегерін анықтау.

б) тәрбиелік. Ұйымдасып бірге топпен жұмыс жасауға, сыйласа білуге, бірін-бірі тыңдап, өзіндік пікірін айтуға, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

с) дамытушылық.Карта, атлас, оқулық, қосымша материалдардан алған білімдерін шығармашылықпен қолдана білу іскерліктерін, қисынды ойлау қабілеттерін дамыту.



Сабақтың әдісі: топтық жұмыс.

Сабақтың типі: қайталау

Сабақтың түрі: ойын, жарыс.

Көрнекілігі:Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, интерактивті тақта.

Ойынның өткізілу барысы:

1. ұйымдастыру кезеңі.

Ойынға 7 жеті үміткер қатысады.

Пән мұғалімі ойынның мақсатымен, барысымен таныстырады.

Өздеріңізге белгілі, қазақта жеті саны киелі десек,әлемде Мысыр пирамидасы, Галикарнас кесенесі ,Родос алыбы, Зевс мүйісі,Семирамида аспалы бағы,Александрия шамшырағы,Эфрестегі Диана ғибадатханасы сияқты дүниенің жеті кереметі болса, бүгінгі танымдық ойынымызға жеті үміткерден шығып қатысқалы отыр.

Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасын сайлап алайық.

Ойынымыздың бағдарламасымен таныс болыңыздар:

1-ші:Таныстыру әрбір үміткер өзінің аты-жөнін, өмірдегі ұстанымын таныстырады.

2- ші: «Бәйге » сұрақтарға жауап беру,

3-ші: «Тіл өнері» жұмбақтардың жауабын үш тілде айту,

4-ші: «Қызықты өткел».Сұрақтарға карточкамен жауап

5-ші: «Кім жылдам» тест сұрақтары беріледі,

6-ші: «Тоғыз шаршы » ойыны,

7-ші: «Егер мен......... болсам »,

8-ші: «Шешендік өнер».



I. Сонымен,1-ші таныстыру кезені бойынша сөз кезегі ойынға қатысушы үміткерлерімізде.(Әрбір оқушы аты – жөндерін,ұстанымдарын айтады).

Үміткерлерді бағалау үшін сөз кезегі әділ-қазылар алкасына беріледі.



II.Ойынымыздың келесі кезеңі «Бәйге»

Алдағы біз баратын бағыт анық.

Сәйгүлік екенінді бізге таныт .

Бәйгеде аттың басын тартпас болар.

Ал, енді тізгіндерді ағыталық, дей келіп,бәйгемізді басталық!

Яғни, бұл сайыста әр оқушыға 3 сұрақ қойылады.

1.Оқушы

А. Ең ежелгі құрылық ( Пангея )



Б. Алғашқы глобусты жасаған кім (М.Бехайм )

С. Қанша ғаламшар бар (9)

2.Оқушы

А.Экватордың ұзындығы (40 мың км)



Б. Аспан денелерін зерттейтін ғылым (Астрономия)

С. Философ, энциклопедист – оқымысты ғалым----Әл-Фараби

3.Оқушы

А. Солтүстік бағытты көрсететін жұлдыз------Темірқазық



Б. Жер шарының кішірейтілген моделі----------Глобус

С. Жер бетінің жалпы ауданы-------------------510 млн. кв км

4.Оқушы

А. Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар------Меркурий



Б. Қазақтың тұңгыш ғарышкері-----------------Т.Әубәкіров

С Солтүстік полюске тұңғыш ту тіккен поляр зерттеушісі-----Р.Пири

5.Оқушы

А. Ежелгі мұхиттың аталуы-------Панталасса



Б. Жердің ішқі құрылымы қандай қабықтардаң тұрады ( Жер қыртысы,мантия,ядро)

С Гранит, базальт қандай жыныстарға жатады (Магмалық)

6.Оқушы

А.Топырақтану ғылымының негізін салушы ғалым-----В.В.Докучаев



Б. Емдік сулардың шығып жатқан жерінің аталуы-----Арасан

С. Ауа қабығы----------Амосфера

7.Оқушы

А. Ең терең шұңғыма--------Мариан



Б. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен-----Ніл

С Белгілі бір аймақтағы ұзақ жылдар бойы қайталанатын атмосфераның төменгі қабатының тұрақты жағдайы------Климат

Бәйге кезеңі бойынша бағалауды әділ қазылар алқасына ұсынылады.

III. «Тіл өнері» сайысында жұмбақтардың жауабын үш тілде айту,яғни қазақша,орысша,ағылшынша.

1.Ұстасаң, қолға ілінбес

Қарасаң, көзге түспес. (Ауа,воздух,air)

2.Аузымен сурет салады,

Демімен ағаш жарады. (Аяз,мороз,frost)

3.Ақ шапанын үстінен алты ай бойы шешпейді,

Қара шапаны үстінен алты ай бойы түспейді.

(Қыс пен жаз,зима и лето, winter and summer)

4.Ол келсе орман шулайды

Толқын теңіз тулайды

Қуса өзен қуады

Ешкім оны құмайды. (Жел,ветер,wind)

5.Таңертең бар, кешке жоқ

Кеш түгілі түсте жоқ.

Мен моншақпын әдемі

Ірі емес ұсақпын

Мойнына ешкім таға алмас,

Мендей мөлдір таба алмас (Шық,роса,race)

6.Қанатсыз құс маңып барады,

Көзінен жасы тамып барады (Бұлт,туча, a cloud )

7.Көк жүзінде көк жолақ

Қойды екен оны кім бояп. (Кемпірқосақ,радуга, rainbow)

Сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.( Ұпайы төмен 2оқушыны рахмет айта отырып, шығарып салу)

IV.Ойынымыздың келесі кезеңі «Қызықты өткел». Мен сіздерге жалпы сұрақтар қоямын қолдарыңыздағы 1,2,3 карточкаларды көтересіздер.Сұрақтың үш жауабы болады 1,2,3,.

1.Дүние жүзіндегі ең ірі арал? 



1. Грендландия 2.Мадагаскар 3.Кариб

2.Ең ұзаққа созылған эра?

 1. Протеразой 2. Архей 3. Кайназой

3.Жер қыртысы құрылымдық ерекшеліктеріне қарай қалай бөлінеді?



1. Мұхиттық және материктік 2. Мұхиттық 3. Материктік

4.Жер қыртысының қозғалмалы бөлігін қалай атайды? 

1.Плита 2.Геосинклиналь 3.Платформа

5.Мұхит суының көлденең бағыттағы қозғалысы?

1.Жел 2.Мұхит ағысы 3.Материк серпіні

6. Солтүстік Америка жағалауындағы жылы ағыс?  

1.Куросио 2.Канар 3.Гольфстрим

7.Мұхит суының басты қасиеттері?  



1.Тұздылық пен температурасы 2.Бастауы мен сағасы

3.Молдығы мен тереңдігі

8.Мұхиттағы тіршілік дүниесі нешеге бөлінеді?

1.Бір 2.Екі 3.Үш

9.Әр 1000 метр сайын температура қанша градусқа азаяды?  

1. - 6 С 2. -9 С 3. -10 С

10.Атмосфераның төменгі қабаты?    



1.Тропосфера 2. Страсфера 3. Мезосфера

11.Бірдей температураларды қосатын сызық?      



1.Изосызық 2.Изотерма 3.Изобара

12.Экватордың маңында қандай қысым?     



1.Төменгі 2.Жоғарғы 3.Қысым жоқ

13.Ең ірі табиғат кешені?   



1.Материк пен мұхит 2.Табиғат зонасы 3.Биіктік белдеулер

14.Жер  қыртысындағы күрделі құбылыс? 



1.Зат алмасу 2.Жанартау атқылау 3.Жер сілкінісі

15.Географиялық қабықтағы белгілі құбылыстың уақыт ішінде қайталануы?



1.Ырғақтылық 2.Зоналық 3.Ендік

16.Биіктік бедеуде табиғат зонасы қалай өзгереді? 



1.Төменнен жоғары 2.Жоғарыдан төмен 3.Өзгермейді

Сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі



V.Ойынымыздың келесі кезеңі бойынша « Кім жылдам ?»ойыны бұнда алдын-ала дайындалған тест сұрақтары таратылып беріледі. Уақыты 5 минут.

Сайыскерлер сұрақтарға жауап бергенше біз көрермендермен ойын ойнаймыз.Көрермендермен ойын , жұмбақ шешу.

1.Барма жоқ па, оны анық көрмейміз,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейміз. Ауа.

2.Жер бетінің кескінін, түрлі түспен көрсеткен,

Болса да өзі құрметпен,

Тиіпті орын, ең шеттен. Шарты белгілер

3.Мен өзім үшбұрышқа ұқсас келгем,

Жағама алғаш жүзіп, Колумб жеткен,

Үндістанды таптым деп қателесіп,

Халқымды « үндістер » деп, атап кеткен. О. Америка

4.Қаласы бар үйі жоқ,

Өзені бар, суы жоқ,

Орманы бар түбі жоқ,

Бақшасы бар, гүлі жоқ. Карта

Әділ қазылар алқасы тесті тексеріп, бағалайды. .( Ұпайы төмен 2оқушыны рахмет айта отырып, шығарып салу)



VI. Ойынымыздың келесі кезеңі « 9 шаршы ойыны »

Тақтада сандар жазылған таблоны таңдап, үміткерлер жауап береді, әрбір үміткер тек 3-н таңдауға болады.

20

1. Егер жер шарының 361млн кв км су болса, құрлық қанша кв км, есептеңіз.



2. Егер масштаб санмен көрсетілсе, ол қандай масштаб деп аталады.

3. 8742 м тереңдік қай мұхитқа сай келеді.

30

1. Ауаның қанша пайызы оттегіден тұрады.



2. Атмосфераның төменгі қабаты қалай аталады. Тропосфера

3. Бір тонна бидай өсіру үшін қанша тонна су қажет 1500 т.

40

1. Қызыл теңіздің тұздылығы қанша------41 промилле



2. Судың ішіндегі және газдағы молекуланың таралуы дегеніміз не?----Диффузия

3. 40 Бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым-----Иссак Ньютон

Сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.( Ұпайы төмен 2оқушыны рахмет айта отырып, шығарып салу)

VII.Ойынымыздың келесі кезеңі бойынша « Егер мен ... президент,әкім, директор, болсам »

Бағалау үшін сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі



VIII.Соңғы сайыс ойынымыздың келесі кезеңі бойынша «Шешендік өнер» сайысы.«Табиғатты көркейтуге қосар үлесім», « Табиғатты аялайық », « Таза болса табиғат, аман болар адамзат » осы берілген тақырыптар бойынша қоршаған ортаны ластануын жөнінде, өзінің шығармашылық ойын жеткізеді.

Сөз кезегін әділ-қазы алқаларына береміз.Әділ-қазы алқалары қорытындылап болғанша, сіздердің көрермендерге және қарсыластарға айтар тілектеріңіз.

Сөз кезегі сіздерде әділ-қазы алқалары.

Орын алған оқушы:



Осымен «Сынып жүлдегері» сайысы өз мәресіне жетті. Бірге ат салысып, сайысқа қатысып,өз білімдерін көрсеткен оқушыларға және барша көрермендерге ризашылығымды білдіремін. Назар салып қатысып, тыңдағандырыңызға көп рахмет!

Сау болыңыздар!
Каталог: uploads -> doc -> 0f54
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f54 -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайы
0f54 -> Өлкетану арнайы курс бағдарламасының алға қойған міндеті


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет