Тақырыбы: Әлемдік өркениет, саяси география және геосаясат ұғымдары. Халықаралық ұйымдар.
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Саяси география мен геосаясат туралы жалпы түсінік беру, алғашқы геосаяси теориялар туралы білімді жүйелеу, қазіргі заманғы геосаяси ағымдар Дүние жүзінің саяси картасының объектілері, тәуелсіз мемлекеттердің мемлекеттік құрылымы мен басқару жүйесі бойынша топтастыруын түсіндіру, тәуелді аймақтар туралы білімді одан әрі меңгерту мен бекіту, халықаралық ұйымдар туралы білімді қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары:Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Еуропаның саяси картасы, Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ барысы:
Кезең
Мұғалім әрекеті
Оқушылар әрекеті
І
Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
Оқушылар сабаққа даяр отырады.
ІІ
Ең алдымен мұғалім дүние жүзінің саяси картасында объектілері қатарына мемлекеттік мәртебесі жарияланған және жарияланбаған 267 ел мен аумақ жататынын айтады. Олар 2-ге бөлінеді: тәуелсіз мемлекеттер мен тәуелді аймақтар.
Одан кейін балаларға оқулықтағы 6-сызбанұсқа көмегімен мемлекеттер мемлекеттік құрылымы мен басқару формалары бойынша топтастыратынын айтып түсіндіреді.
Сосын мұғалім балаларға халықаралық ұйымдарды өз беттерінше оқып шығыңдар деп тапсырманы береді.
Оқушылар мұғалімді тыңдап, қысқаша конспект жазып отырады.
Оқушылар төменгі сыныптарда алған білімдерін еске түсіріп, монархиялар мен республикаларға анықтама береді. Ал монархиялар өз ішінен үшке бөлінетінін айтады: абсолюттік, конституциялық, теократтық. Сонымен республикалар өз ішінен 2-ге бөлінеді: президенттік және парламенттік. Олардың барлығына мысал келтіреді.
Сол сияқты тәуелді аумақтар өз ішінен отырларға, протеократтарға, мандаттық аумақтарға, шалғайдағы департаменттер мен аймақтарға, ассоциациялық мемлекетерге бөлінетінін айтады.
Сосын оқушылар халықаралық ұйымдарды өз беттерінше оқып шығып, мұғаліммен бірге талдайды.
ІІІ
Тақырыпты бекіту үшін келесі тапсырманы береді:
Атластағы дүние жүзінің саяси картасын пайдаланып, келесі кесте бойынша сұрақтарға жауап жазыңдар.
3.Халқының саны жөнінен 100 млн адамнан асатын 10 ел
4. Географиялық орнының ерекшелігіне қарай топтасқан елдер
5. Теңіз жағалауындағы елдер
6. Түбекте орналасқан елдер
7. Аралдар мен топаралдарда орналасқан елдер
8. Теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдер (40 мемлекет)
Тақырыпты бекіту үшін оқушылар ең алдымен оқулық мәтінін оқып шығады, сосын оқулық соңындағы статистикалық мәліметтерге қарап, атластағы дүние жүзінің саяси картасын пайдаланып, берілген кестені толтырады.
ІV
Үй тапсырма:
1. §17, 18 оқып, мазмұнын айту.
2. Кескін картаға барлық мемлекеттер мен олардың астаналарын түсіру.
3. Тапсырманы аяқтау.
4. Оқулық соңындағы «Халықаралық ұйымдар» 5-кесте дәптерге сызу және жаттау.
Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.
V
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.
Оқушылар мұғалімді тыңдап, бағаланады.
VІ
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.
Кезең
Мұғалім әрекеті
Оқушылар әрекеті
І
Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
Оқушылар мұғаліммен амандасады да, сабаққа дайындалып отырады.
ІІ
Ең алдымен мұғалім балалардың кескін карталарын тексереді және бір-екі баладан ең үлкен мемлекеттерді картадан көрсеткізеді. Сосын халықаралық ұйымдар, олардың маңызы мен штаб пәтерлерін сұрайды.
Балалар мұғалімге кескін карталарын көрсетіп, дүние жүзіндегі ірі мемлекеттер мен олардың астаналарын картадан көрсетеді.
Сосын мұғалімге халықаралық ұйымдар, олардың штаб пәтерлерін картадан көрсетеді, бір-екі бала халықаралық ұйымдарға сипаттама береді.
ІІІ
Ең алдымен саяси география дегеніміз не деген сұрақты қояды. Сосын ол ғылым ретінде 18 ғ соңында қалыптасып, оның ғылым ретінде негізін неміс ғалымы Фридрих Ратцель қалаған, оның осы саладағы негізгі тұжырымдамалары 1897ж жарияланған «Саяси география» атты еңбегінде жарық көрді. Сосын қазіргі саяси география саясаттану ғылымымен қатар дамитынын айтады. Жалпы геосаясат пен саяси географияның өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңдар деп тапсырманы береді.
Одан кейін мұғалім оқушыларды екі топқа бөліп, алғашқы геосаяси теориялар мен қазіргі заманғы геосаяси теориялар тақырыпшаларын бөліп береді.
Сосын мұғалім қазіргі әлемде бөлінетін географиялық орны мен табиғат ерекшеліктеріне сәйкес 16 тарихи-географиялық аймақтарды атап, оларды картадан көрсетеді.
Ең алдымен оқушылар мүғалімнің сұрағына жауап береді, яғни, саяси география дегеніміз дүние жүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді зерттейтін географияның саласы дейді. Одан кейін геосаясатқа өз ойларынан анықтама береді де, жалпы геосаясат пен саяси географияның өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.
Сосын оқушылар екі топқа бөлініп, алғашқы геосаяси теориялар мен қазіргі заманғы геосаяси теориялар тақырыпшаларын өз беттерімен меңгеріп, оқып талдайды, Сосын бір-біріне түсіндіріп, сұрақтар қоя арқылы білімдерін бекітеді.
Сосын 16 тарихи-географиялық аймақтарды дәптерге жазып, жаттайды және картадан көрсетеді.
ІV
Тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды:
1. Саяси география мен геосаясат нені зерттейді?
2. Алғашқы геосаяси тұжырымдардың негізгі бағыты қандай болды?
3. Қазіргі заманғы геосаяси ағымдар бойынша елдің геосаяси жағдайына қандай факторлар әсер етеді?
4. Дүние жүзінде қанша тарихи-географиялық аймақ бар? Оларды бір-бірінен ажыратуда қандай принциптер пайдаланылған?
Тақырыпты бекіту мақсатында келесі тапсырманы береді:
Тақырыпты бекіту мақсатында оқушылар сұрақтарға жауап береді.
1. Саяси география дүние жүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді зерттейді, ал геосаясат мемлекеттердің сыртық саясаты мен олардың бір-бірімене қарым-қатынастарын саяси, экономикалық және әскери-стратегиялық өзара байланыстар тұрғысынан зерттейді.
2. Аумағын ұлғайтуға, аумақтың біртұтыстылыққа, аумақ арқылы еркін қозғалуға ұмтылуға бағытталған.
3. Бұрынғы заманда физикалық-географиялық факторға көп көңіл бөлінеді, қазіргі кезеңде экономикалық факторға көп көңіл бөлінеді.
4. Дүние жүзі географиялық орны мен табиғат ерекшеліктеріне сәйкес 16 тарихи-географиялық аймақтарға бөлінеді.
Және кескін картаға оқулық мәтіні мен атлас карталарына қарап, 16 тарихи-географиялық аймақтарды түсіреді.