Пәнге қатысты лексика және терминология: косинус,тригонометрия,бұрыш,градус,үшбұрыш,формула,
теорема,шеңбер,тік бұрышты үш
Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: -Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусы неге тең?
-Косинустар теоремасы қай теореманың дербес жағдайы болып табылады
- Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусы неге тең?
-Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузаның квадраты.....
-егер үшбұрыштың бір қабырғасы мен оған қарсы жатқан бұрышының шамасы белгілі болса,онда...
-АВС үшбұрышының а,в,с қабырғаларына қарсы жатқан бұрыштары болса,онда.....
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. «Ақ тілек»әдісі арқылы психологиялық жағымды ахуал орнатамын. «Броун» әдісімен үш топқа реттік сандар бойынша бөлемін.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару мақсатында ширату жаттығуын жүргіземін.
Сыныптық жұмысты өзара бағалау арқылы бағалап,кері байланысты ауызша орнатамын
2.Үй тапсырмасын тексеру
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлауды дамыту.
Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.