Тақырыбы: «Әлем нақты ғылымдар тілінде»



бет1/3
Дата23.08.2022
өлшемі19,25 Kb.
#148202
  1   2   3
Байланысты:
әлем нақты ғылымдар тілінде
9 сынып факултатив, кмж 9 сын геом 3ток

Тақырыбы: «Әлем нақты ғылымдар тілінде»
Мақсаты: Информатика, физика және математика пәндері бойынша оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, пысықтау. Жан – жақты, білімді, өзіндік ой – талғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ой толғау қабілеттерін дамытып, логикалық біліктерін жетілдіру.
Көрнекіліктер: слайд
Жүру барысы:
Топқа бөлу
Оқушыларға монитор, транспортир және амперметр құралдарының суреттері беріледі. Оқушыларды сол суреттерді біріктіру арқылы топқа бөлінеді.
1-топ «Информатика»
2-топ «Физика»
3-топ «Математика»
Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен таныс болайық
Әділ-қазылар алқасының төрайымы – Физика пәні мұғалімі Нигметова Г
Мүшелері – математика пәні мұғалімі Каймова С
Математика пәні мұғалімі Махсотова Ж
Сайыс кезеңдері:
І. Сұрақ-жауап кезеңі
ІІ. Ой ашар
ІІІ. Құбылыстар құпиясы
IV. Ифм білгірлері
V. Cен-маған, мен-саған
І. Сұрақ-жауап кезеңі
Әр топқа 10 сұрақтан қойылады, әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
«Информатика» тобына сұрақтар:
1. Электр қай тілден шыққан, қандай мағынаны білдіреді? (грек сөзі, янтарь)
2. ах2 +вх+с түріндегі көпмүше қалай аталады? (квадрат үшмүше)
3. Информатика сөзі қай тілден шыққан және қандай мағынаны білдіреді? (Латынның «informatio» сөзінен шыққан, түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді)
4. Параллель жалғағанда тұрақты болатын шама (кернеу)
5. С2=а2+в2 (Пифагор теоремасы)
6. Компьютердің ең басты бөлігі, миы? (процессор)
7. Екі өткізгіштен тұратын, ортасына диэлектрик толтырылған құрал (конденсатор)
8. 63= (216)
9. Компьютердің қосымша құрылғыларын ата
10. Ең алғаш телескопты ойлап тапқан ғалым? (Исаак Ньютон)
«Физика» тобына сұрақтар:
1. Сферамен шектелген геометриялық дене: (шар)
2. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата (жүйелік блок, монитор, пернетақта)
3. Жылдамдықтың сақталу құбылысы не деп аталады? (инерция)
4. Барлық жақтары параллелограммдар болатын призма: (параллелепипед)
5. Ең алғашқы есептеу құралы және оның жасы (есепшот, 2000-5000 жылдар шамасында)
6. Балқу температурасы жоқ нәрсе? (аморфты дене)
7. Анықталу облысындағы х-тің мәндерінде қабылдайтын у мәндерінің бәрі нені құрайды? (функцияның мәндер облысын)
8. Көз бен монитордың ара қашықтығы неше см болуы тиіс? ( 60 — 70 см)
9. Цельций және Кельвин шкаласы арасындағы айырмашылық ()
10. Координаталық жазықтықтағы қандай да бір кез келген нүктелер жиыны қалай аталады? (график)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет