Пән: Информатика Дәріс №3 Тақырыбы



бет2/5
Дата06.02.2022
өлшемі23,05 Kb.
#79487
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 3
1 курс 2 топ АС 27.01.2020, физика 34 сабақ, физика 34 сабақ, 37 сабақ, 01 МҚБағдарламалау ОТС, 37 сабақ, 37 сабақ, 38 сабақ, 38 сабақ, 05 МҚБағдарламалау ОТС, 05 МҚБағдарламалау ОТС, 05 МҚБағдарламалау ОТС, 05 МҚБағдарламалау ОТС, 05 МҚБағдарламалау ОТС, 40 физика ВЕТ
Екінші жағдай. Кез-келген өзін құрметтейтін администратор IP-адрестерді ойында немесе қағазда ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне және керісінше ауыстыра алуды білуге міндетті. Сонымен қатар, екілік арифметиканы жақсы игеруі керек.

Көбейтінді нәтижесінде алынған адрес 192.168.8.0 ішкі желі адресі деп аталады. Оны (негізінде) хост интерфейсінің адресі ретінде пайдалануға болмайды. Егер де осы биттерді, керісінше, бірліктерге ауыстырсақ, онда 192.168.15.255 адресін аламыз. Бұл адрес осы желі үшін бағытталған бродкаст (широковещательным) деп аталады. Оның қызметі (қажеттілігі) қазіргі кезде көп емес: бір уақыттарда ішкі желідегі барлық хосттар осы адреске жауап беруі керек деген сенім болған, бірақ бұл жағдай өте ертеде болған және қазір ол өтірік. Сонда да бұл адресті хост адресі ретінде пайдалануға болмайды. Нәтижесінде, әр ішкі желіде екі адрес – қоқысқа кетеді. Барлық қалған 192.168.8.1-тен бастап 192.168.15.254-ге дейінгі диапазондағы адрестер 192.168.8.0/21 ішкі желісінің адрестері болып табылады, оларды компьютерлерге беру үшін қолдануға болады.

Осылай, адрестің маскадағы бірліктер сәйкес келетін бөлігі (192.168.8), ішкі желінің адресі (идентификаторы) болып табылады. Оны тағы да көбінесе префикс деп те атайды. Ал, адрестің нөлдер сәйкес келетін бөлігі,- хосттың ішкі желідегі идентификаторы деп аталады. Ішкі желі адресін 192.168.8.0/21 немесе 192.168.8.0 255.255.248.0 түрінде көп кездестіруге болады. Маррутизаторлар трафиктердің желіде берілу маршрутын жасай отырып осы префикстармен жұмыс жасайды. Хосттардың ішкі желідегі мекен-жайын транзиттік маршрутизаторлар емес, осы желінің шлюзі ғана біледі (каналдық деңгейдегі технологиялар арқылы). Хост адресі ішкі желіден жеке түрде ешқашан қолданылмайды.

Үшінші жағдай. Хосттардың ішкі желідегі саны 232-N-2 арқылы анықталады, мұндағы N – маска ұзындығы. Маска ұзындығы үлкейген сайын, хосттардың саны азаяды.

Осы жағдайдан ішкі желі үшін масканың максимал ұзындығы N=30 екендігі келіп шығады. Тура осы /30 желілері маршрутизаторлар арасындағы point-to-point протоколымен байланыста көп қолданылады.

Негізінде қазіргі кезде көптеген замануи маршрутизаторлар ішкі желі адресі және бродкастты интерфейс адрестері ретінде пайдалану арқылы /31 маскасымен де жұмыс жасай алады. Администраторлан және желі инженерлері «тағы кім біледі» принципін ұстанғандықтан мұндай әдісті пайдаланудан жай ғана қорқады.

Ал міне /32 маскасы жиі пайдаланылады. Біріншіден, әр түрлі loopback деп аталатын интерфейстерді адресация жасау үшін, екіншіден қисық қолдылықтан: /32 – бұл бір хосттан тұратын ішкі желі, яғни, шынында ешқандай да желі емес. Администратор қаншалық хосттардың тобымен емес, жекелеген машиналармен жұмыс жасаса, желі соншалық кеңейтілмейтін болады, онда соншылақ көп ретсіздік және ешкімге түсініксіз ережелер болады. Мұнда бір ерекше жағдай серверлер үшін файрволдық ережелер жағдай болуы мүмкін. Ал мәні пайдаланушылармен жекелей емес, көптеген ішкі желілермен әрекет жасаған дұрыс, болмаса желі тез басқарылмайтын болып қалады.

IP-адрес бапталған интерфейс, кейде IP-интерфейс немесе L3-интерфейс деп аталады. («эл-три», Модель OSI қараңыз).

Пакетті жіберуден алдын, компьютер қажет адрес осы ішкі желіге кіреді ма жоқ па соны анықтап алады. Егер кірсе, онда пакетті тікелей қажет адреске жібереді, егер кірмесе – оны үнсіз келісім бойынша шлюзге жібереді (маршрутизаторға). Әдетте, шлюзге ішкі желідегі бірінші хост адресін береді: біздің жағдайымызда 192.168.8.1. Негізінде шлюзге адресті бұлай беру міндетті емес.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет