Пән: Информатика Сынып: 10 Күні: 28.11.14 ж.
Тақырып: Оқиға, объект, қасиеті мен әдістері. TextBox мәтіндік өрісі.
Мақсат:
Visual Basic-те бағдарлама құру барысында TextBox объектісінің атқаратын қызметі мен қасиеттерін талдау, түсіндіру және практикада қолдана алу.
Білімділік – Терезелер, пішіндер және нысандар (объектілер), оқиға және әдістер
тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсініктер бере отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру. TextBox мәтіндік өрісі объектісімен танысып, жобалар жасауда пайдалану.
Дамытушылық – Оқушылардың жан - жақты ойлау қабілетін арттыру. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. TextBox объектісімен жұмыс жасау қабілеттерін, білімдерін дамыту.
Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақ типі: аралас
Құрал-жабдықтар: оқулықтар, компьютерлер, таратпа карточкалар, Visual Basic 6.0 бағдарламасы, дәптерлер, Netop, MyTest программалары, электрондық оқулық.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс - әрекеттері
|
Оқушылардың
іс - әрекеттері
|
І.Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин)
|
Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
|
Амандасады, сабаққа келмеген оқушыларды айтады.
|
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
(8 мин)
|
«Гүл сыйлау» ойыны:
Оқушылар шаттық шеңберін құрып, гүл сыйлау арқылы бір біріне сұрақ қояды.
|
Шеңбер құрып отыру. Гүлді сыйлап, сұрақтарға жауап береді.
|
Электрондық оқулықтағы 4-9 интерактивтік тапсырмаларды орындау
|
Компьютер орындарына отырып, тапсырмаларды орындайды.
|
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
(8 мин)
|
Конспект: Басқару элементтері (нысандар)
Қолданбаның интерфейсін жасау үшін түрлі нысандар орнатамыз.
Нысандар Toolbox құрал – саймандар тақтасында орналасқан.
TextBox (Мәтіндік өріс)
TextBox басқару элементі
TextBox батырмасымен жасалады. Негізінде, TextBox мәтін енгізу үшін қолданылады, әрі қарай ол бағдарламада немесе оған бағдарлама есептерінің нәтижелерін шығару үшін қолданылады. Қосымша орындалғанда бұл өрісте жазылған мәтін редакцияланады.
Қасиеттері:
Name – нысанға атау береді.
Text–өріске мәтін енгізеді.
Alignment– мәтінді сол және оң жақпен немесе ортамен түзету.
vbLeftJustify немесе 0 (сол жак, шеті бойынша, үнсіздік бойынша қолданылады);
vbReghUustify немесе 1 (оң жақ шеті бойынша),
VbCenter 2 (орталык бойынша).
Visible – логикалық қасиет, енгізу өрісінің көріну және көрінбеу күйін көрсетеді.
Enabled – логикалық қасиет, пайдаланушы өріске мәтін енгізіле ме, жоқ па, соны көрсетеді.
Multiline - Өрісте көп жолдық мәтін енгізу мүмкін бе - соны аныктайтын логикалық касиет.
ScrollBars- айналдыру өрісі жолдарын, бейнелеу режимдері күйін көрсетеді.
Мүмкін мәндер:
VbSBNone немесе 0 (айналдыру жолактары көрінбейді);
VbHorizontal немесе 1 (көлденең айналдыру жолағы көрінеді);
•VbVertical немесе 2 (тік айналдыру жолағы көрінеді);
VbBoth немесе 3 (көлденең және тік айналдыру жолактары көрінеді).
|
ІV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.
(17 мин)
|
Карточкамен жұмыс
Тәжірибелік тапсырмаларды ДК-де Visual Basic6.0 бағдарламасында орындау.
|
Тәжірибелік тапсырмалар
Төмендегі тапсырманы орындаңдар:
А деңгей
Тіктөртбұрыштың ауданын табу қосымшасын жасау.
Формаға Label1, Label2, Label3, Label4, Textbox1, Textbox2, Commandbutton1, Commandbutton2 батырмаларын төмендегідей етіп орналастырыңдар
Нысандардың (объектілердің) қасиетін төмендегідей өзгертіңдер:
Label1–Caption қасиеті “a”
Label2- Caption қасиеті “h”
Label3 -Caption қасиеті: бос қалады. Бұл жерге нәтиже шығады
Label4 -Caption қасиеті: қосымшаның тақырыбын жазасыңдар
Textbox1-Text қасиеті: бос қалады
Textbox2 -Text қасиеті:бос қалады
Commandbutton1- Caption қасиеті “OK”
Commandbutton2 -Caption қасиеті “CLEAR”
Clear
Нысандардың (объектілердің) қасиетін қалауларыңша өзгертіңдер.
Command1 нысанының коды:
Private Sub Command1_Click()
a = Val(Text1.Text)
h = Val(Text2.Text)
S = a * h
Label3.Caption = "S=" + Str(S)
Label3.Visible = True
End Sub
Command2 нысанының коды:
Private Sub Command2_Click()
Label3.Visible = False
Text1.Text = ""
Text2.Text = ""
Text1.SetFocus
End Sub
Жұмыс нәтижесін тексеріп, қосымшаны сақтаңдар. Exe файл жасаңдар.
В деңгей
Калькулятор қосымшасын жасау
Формаға Textbox1, Textbox2, Textbox3, Commandbutton1, Commandbutton2 , Commandbutton3, Commandbutton4, Commandbutton5, Commandbutton6, Commandbutton7 батырмаларын төмендегідей етіп орналастырыңдар
Нысандардың (объектілердің) қасиетін төмендегідей өзгертіңдер:
Textbox1 –Text қасиеті: бос қалады
Textbox2- Text қасиеті: бос қалады
Textbox3- Text қасиетінде: 0 саны жазылады. Бұл жерге нәтиже шығады.
7 батырмаларда (Commandbutton1-7) арифметикалық амалдар жазылады.
Нысандардың (объектілердің) қасиетін қалауларыңша өзгертіңдер.
Батырмалардың кодтары:
Private Sub Command1_Click()
T3.Text = "0"
T1.Text = ""
T2.Text = ""
End Sub
Private Sub Command2_Click()
T3.Text = Val(T1.Text) + Val(T2.Text)
End Sub
Private Sub Command3_Click()
T3.Text = Val(T1.Text) - Val(T2.Text)
End Sub
Private Sub Command4_Click()
T3.Text = Val(T1.Text) * Val(T2.Text)
End Sub
Private Sub Command5_Click()
T3.Text = Val(T1.Text) / Val(T2.Text)
End Sub
Private Sub Command6_Click()
T3.Text = Sqr(T1.Text)
End Sub
Private Sub Command7_Click()
T3.Text = Val(T1.Text) ^ Val(T2.Text)
End Sub
Жұмыс нәтижесін тексеріп, қосымшаны сақтаңдар. Exe файл жасаңдар.
|
Достарыңызбен бөлісу: |