Пән: «инклюзивті білім беру» 6В01- педагогикалық ғылымдар бб арналған Қарағанды-2023



бет5/29
Дата20.09.2023
өлшемі6,79 Mb.
#181751
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Инклюзивті білім беру
Дыбыстарды.Жіктеу.Қарақат.Ки11

Special-edu.kz

Special-edu.kz

Арнайы және инклюзивті білім берудің ұлттық

ғылыми-практикалық орталығы

Satr.kz

Ақыл-есі және дене бітімінің жетілуінде кемістігі

бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік

бейімдеу және кәсіби еңбекпен оңалту орталығы

Nao.kz

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім

академиясы

Білім берудің арнайы шарттары

Баланың қалыпты даму шарттары (Г.М. Дульнев, А.Р. Лурия):

  • мидың және оның қыртысының қалыпты жұмысы. Патогендік әсер тітіркену мен тежелу процестерінің қалыпты арақатынасын, кіретін ақпаратты талдау мен синтездеуді, адамның ақыл-ой әрекетінің әртүрлі аспектілеріне жауап беретін ми блоктарының өзара қызметін бұзады;
  • баланың қалыпты физикалық дамуы және оның қалыпты жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ететін жүйке процестерінің қалыпты тонусы;
  • баланың сыртқы әлеммен қалыпты байланысын қамтамасыз ететін сезім мүшелерінің саулығы;
  • отбасында, балабақшада және орта мектепте баланың жүйелі және үздіксіз білім алуы.

Дефект - лат. Defectus – ақау, кемістік, жетіспеу.
Кеміс даму дегеніміз – баланың қалыпты дамуының бұзылуына әкелетін физикалық немесе психикалық кемшілік.
Л.С. Выготский кемістік салдарының екі түрлі жағын қорытындылай келе былай дейд: «бір жағынан органикалық кемістікке байланысты қызметтер жетілмей қалады, ал екінші жағынан – компенсаторлық механизмдер пайда болады: «Кемістік минусы компенсация плюсіне айналады».
«Дизонтогения» терминін алғаш рет неміс клиницист дәрігер П. Швальбе (1927) құрсақішілік даму кезіндегі дене құрылымдарының қалыптасуында морфофункционалдық жүйелері әлі жетілмеген ерте кезеңдегі ауытқуларды белгілеу үшін қолданған.
Бастапқыда дизонтогенезге тек құрсақішілік дамудың бұзылыстары, туа біткен даму ауытқулары, деформациялар, оның ішінде алдымен денеге қатысты кемістіктер кірген (Швальбенің өзі эмбриолог, тератолог ретінде танымал).
Қазіргі уақытта дизонтогенез тұжырымдамасы туғаннан бастап өлгенге дейінгі кезеңдегі дамудың бұзылуы деп түсіндіріледі, себебі бұл адамның өмір бойында жалғасады.
Дизонтогенез кез-келген органдар мен жүйелерге, денеге және адамға тұтастай әсер етеді. Айталық, жүйке жүйесінің дамуындағы бұзылулар психикалық дизонтогенезге жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет