Байланысты: 1 дәріс Инклюзивті білім берудің теориялық негіздері
Инклюзивті білім берудің негізгі мақсаты Инклюзивті білім берудің міндеттері: ерекше білімді қажет ететін балалардың дамуындағы заңдылықтарды зерттеу;
жалпы білім беру және арнайы білім беру жүйелерін зерттеу;
ерекше білімді қажет ететін балалардың ерекшеліктерін ескеретін білім беру бағдарламаларын құру және жүзеге асыру;
жалпы білім беретін мектептердегі түзетушілік жұмыстардың мүмкіндігін анықтау және сәтті жүзеге асуын болжау;
инклюзивті білім алу қолжетімділігін қамтамасыз ету (көлік, әлеуметтік қарым-қатынастар, білім беру мекемесінің сәулеті (архитектура) және т.б.);
білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету;
мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде балаларды толеранттылыққа тәрбиелеу.