Ультракүлгін сәулелермен стерилизациялау
Бұл әдіс толқын ұзындығы 260-300 мкм ультракүлгін сәулелермен әсер ету арқылы жүзеге асады. Бокстағы, операциондық бөлмедегі, балалар бөліміндегі ауаны тазарту үшін қуаты әр түрлі (БУВ-15, БУВ-30) бактерицидті шамдар қолданылады.
Химиялық стерилизация
Стерилизациялаудың химиялық әдісінде полиэтиленнен жасалған құралдар, өкпені жасанды вентиляциялайтын аппараттар, эндоскоптар дезинфекциялаушы ерітінділер немесе газдармен стерилизацияланады.
Химиялық стерилизация
Газды
Ультрадауысты
Инфрақызыл шағылыстыру
Газбен стерилизациялау.
Бұл әдіс газды, стерилизациялы камерада өтеді. Негізінен бұл әдіспен медициналық құралдарды этиленде немесе ОБ ерітіндісінде стерилизациялайды. Стерилизацияланатын заттар: кардиостимуляторлар, оптикалар, резинкелер, шыны ыдыстар, түрлі аппараттардың пластмасты бөліктері.
Стерилизацияның дұрыс жүруін қадағалау
Бактериологиялық әдіс – ең нақты, бірақ уақытты көп қажет етеді. Бұл әдіс стерилизацияның дұрыс жүруін қадағалайды.
Техникалық әдіс – манометрмен дұрыс жұмыс істеуді, камераға максимальді термометр орналасқандықтан периодті түрде температурасын тексеруді талап етеді.
Термиялық әдіс — күнделікті өткізіледі. Ол құрамында құм тәрізді заттардың түсін өзгертіп, олардың белгілі бір температурада еруіне негізделген.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Жалпы хирургия- Қ.Д. Дұрманов- Қарағанды,2017
2.Рычагов Г.П. Общая хирургия- Минск,2002
3.Қасенов Т.С., Дурманов Қ.Д. Жалпы хирургия – Алматы,1992
4. Гостищев В.К. Общая хирургия- Москва., 1993, 1997, 2003
5.Стручков В.И. Хирургическая инфекция- Москва 1991
Достарыңызбен бөлісу: |