Пән жетекшісі: Суранчиева З. Т орындаған: Бишер С. М алматы, 2022 ж



бет2/3
Дата08.11.2022
өлшемі0,8 Mb.
#157086
1   2   3
Байланысты:
5тапсырма
кажыга кириспе, 6 курс АиГ, algebraly-tedeuler-zhyesn-sheshud-klassikaly-dster, ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКА ПӘНІ ЭЛЕКТРЛІК СТАНЦИЯЛАРЫ БӨЛІМІ ЕСЕПТЕУ-ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫС Нұсқа-89.
Түйіндеме: оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгереді.
Басқаша айтсақ, оқушыға бағдарланған оқыту ортасында мұғалім оқушылардың сыныпқа келген кездегі бастапқы сенімдерін, білімін және өзіндік ойын негізге ала отырып, өз пайымдарын жасауға қабілетті екенін түсінеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын жалғастыратын «көпір салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады.
Бірінші тезис: Жаңа тақырыпты оқыту адамның нені білетіні және түсінетінімен байланысты болады.
Екінші тезис: Оқыту оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, оларды өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады.
Үшінші тезис: Осы байланыстарды дамытып, нығайту үшін проблемаларды шешу үдерісін толыққанды қатыстыру қажет.
Төртінші тезис: Оқушыларға болжам жасауға, өз ойын құруға, оны қорғауға және сынақтан өткізуге уақыт беріңіз.
Бесінші тезис: Оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік беріңіз.



  1. Оқу мазмұны мен тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауды ескеру

Мұғалімнің оқушының оқу үлгерімін ғана емес, түсініп оқуын ескеретін оқу үдерісі материалды терең игеруге ықпал етеді. Тестілеу барысында оң нәтижеге жету үшін материалды меңгеруді ғана көздейтін «тактикалық оқу» – қалай оқу керектігін үйренудің салыстырмалы түрде алғанда «мұзтаудың су бетіндегі бөлігіндей»ғ .н . мәнге ие (12-сурет).

Өз пәнін білетін мұғалімдер пәнді оқушылардың өз түсінігі мен пікірі қалыптасатындай етіп бере алады. Олар пәннің логикасы мен оқушыларға тиімді қарқынмен мағынаны ұғындыру әдістемесін түсінеді. Осылайша, оқушылар өз дағдыларын қолдануды үйренеді, сондай- ақ пәннің құрылымы мен мазмұнына тереңдейді. Олар пәннің негізін құрайтын қағидаттар мен басты идеяны түсінеді. Бұл үшін оқыту тәсілдерін қолдану қажет, осының арқасында оқушылар оқу жоспарына енген пәндердің «өзіндік ерекшеліктерін» зерттеуге қабілетті болады. Бұл қоршаған ортаға бейімделуге ұқсайды: Сіз аумақты зерделеп, қандай ресурстардың қолжетімді екенін және бұл ресурстарды өз қызметіңізде өнімді пайдалану жолдарын білетін боласыз.
Білімге бағдарланған оқу ортасында мұғалімдер үстірт оқуға емес, терең білім алуға ынталандырады. Мұндай оқу барысында оқушылар ойлауға түрткі болатын түсініктемелер жасап, жетекші сұрақтар қояды, сондай-ақ өз идеялары мен жолдастарының идеяларын талдай отырып, проблемаларды шешу жолдарын баяндайды. Оқушылар тәуекелге барудан қорықпайды, керісінше, олар үшін «тұйыққа тірелу» – жаңаны білу жолындағы кезекті қадам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет