Редакциялау - AutoCAD-та өте маңызды рөл атқарады. Редакциялаусыз ешбір сызба жұмысы жасала алмайды. Мысалға, сызылған объектіні қайта салудың орнына, көшіру.
Редакциялау бұйрықтарының көбісі Modify менюінде орналасқан. Ең маңызды редакциялау бұйрықтарына тоқталайық:
Erase (Өшіру): бұл процесс әрбір сызбада қолданылады. Erase бұйрығы өте қарапайым және оның параметрлері жоқ. Объектіні өшіру үшін объектіні таңдап, одан кейін объектіні көрсету қажет.
Move(Жылжыту): объектіні жылжыту үшін Move бұйрығын Modify панелінен таңдап, жылжуы тиіс объектіні көрсету керек. Кейін Specify base point or displacement: шақыруынан өзіңізге керекті әдісті таңдаңыз.
Сору (Көшіру): процесі жылжыту процесіне ұқсас, бірақ көшіруда объектінің бір не бірнеше пайда болады. Бірнеше көшірме құру үшін Сору бұйрығын Multiple параметрі пайда болады. Сору бұйрығы таңдалғаннан кейін мынадай шақыру пайда болады. Specify base point or displacement, or [Multiple]: бұл жерде өзіңізге керекті екі әдістің біреуін таңдаңыз.
Rotate(Бұрылу): AutoCAD объектілерін базалық нүте айналасында, берілген бұрышқа бұру мүмкіндігін қамтыған. Объектіні бұру үшін Rotate бұйрығын қолданамыз. Ол Modify панелінде орналасқан. Rotate бұйрығын таңдап, бұрылуы керек объектіні көрсету керек. Кейін бұйрықтық жолға бұрыш шамасын енгізіңіз.
Scale(Масштаб): бұл бұйрықпен біз жоғарыда танысқан едік. Modify панеліндегі Scale бұйрығын таңдағаннан кейін бұйрықтық жолға бірден үлкен шаманы енгізсек, онда сызба сол шамаға үлкейеді, бірден кіші шама енгізілген болса, онда сызба сол шамаға кішірейеді.
2.2 Объектіні таңдау
Объектіні таңдау жеңіл көрінгенімен өте жеңіл жұмыс емес. Оның да өзінің параметрлері бар. Бұл параметрлер өте керекті: саны 16. бұл параметрлердің аббревиатуралары бар. Select objects: шақыруына қажетті аббревиатураны енгзсеңіз болғаны. Солардың ең маңыздыларына қысқаша тоқталайық:
Window: бұл параметр диагоналінен екі бұрышы көрсетілген терезеге толығымен кірген объектілерді таңдайды. Терезені ашқанда солдан оңға қарай ашу керек.
Last: соңғы құрылған объектіні таңдайды.
Crossing: терезеге толығымен не бөліктеп кірген объектілердің бәрі таңдалады. Терезені ашу оңнан солға қарай бағытталған.
Box: бұл Window және Crossing параметрлерінің комбинациясы. Егер терезені оңнан солға белгілісеңіз, онда Crossing параметрін қолданудасыз, ал егер солдан оңға ашсаңыз Windows параметрін қолданасыз.
All: бәрін таңдайды.
Fence: уақытша таңдау сынық сызығын құруға мүмкіндік тудырады. Сызықты қиған барлық объектілер таңдалады.
Wрolygon: бұл параметр дұрыс көпбұрыш құрады, және ішіне кірген объектілерді таңдайды.
CРolygon: дұрыс көпбұрыш жасайды. Ішіне толығымен және бөліктеп кірген объектілерді таңдайды.
Group: аты бойынша объектілерді таңдайды.