Пән: Конституциялық құқық Дәрістің қысқаша мазмұны Тақырып Конституциялық құқық ұлттық құқықтың жетекшi саласы



бет44/45
Дата17.04.2022
өлшемі134,96 Kb.
#139680
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Конституциялық құқық. Дәрістер кешені
Сабақ 2 Косымша 3 Сәйкестендіру тапсырмалары
Негізгі терминдер: демократия, тікелей демократия, республикалық референдум, жергілікті референдум, жиналыс, митингі, шеру, пикет, демонстрация, жергілікті өзін-өзі басқару, сайлау, бүкілхалықтық талқылау, бүкілхалықтық дауыс беру
Жоспар:
1. тікелей демократияның түсінігі және маңызы
2. тікелей демократия нысандары
3. референдум - тікелей демократияның нысаны ретінде
4. жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі
5. жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық реттелуі
6. жалпы халықтық талқылаудың мәні


Демократия латын тілінен аударғанда «халық билігі» деген мағынаны білдіреді. Демократияның бір түрі – тікелей демократия. Тікелей демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауға, билік жүргізуге тікелей қатысады. Оның ұтымды жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі танытуына жол ашады; саяси институттар мен мемлекеттік қызметтегі адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, басқарушы топтың халықтан алшақтануына, бюрократизмге жол бермейді, т.с.с. Тікелей демократияның негізгі нысандарына референдум, сайлау, жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, жергілікті өзін-өзі басқару, бүкіл халықтық талқылау жатады.
Халық билігін тікелей жүзеге асырудың ең маңызды нысаны болып референдум саналады.  Республикалық референдум – Республика Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру. Қазақстанда референдум Республиканың бүкiл аумағында өткiзiледi, жергілікті референдум өткізілмейді.
Референдумның талқысына:
1) Республика Конституциясын, конституциялық заңдарын, заңдарын қабылдау, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу;
2) Республиканың мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiн шешу қойылуы мүмкiн.
Республикалық референдум туралы заңда референдумға шығарылмайтын мәселелер реттелген. Оларға мыналар жатады:
1) адамның және азаматтың конституциялық құқығы мен бостандығының бұзылуына әкелiп соғатын;
2) тәуелсіз мемлекет ретінде Республиканың мәртебесін, бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның Негізін салушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптерін және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесін өзгерту;
3) Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы мен шекараларының;
4) сот әдiлдiгi, қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және қоғамдық тәртiптi қорғау;
5) бюджет пен салық саясаты;
6) рақымшылық пен кешiрiм жасау;
7) Республика Президентiнiң, Парламент Палаталары мен Үкiметiнiң қарауына жататын адамдарды лауазымға тағайындау және сайлау, лауазымынан босату;
8) Республиканың халықаралық шарттарынан туындайтын мiндеттемелерiн орындау мәселелерi.
Референдумға қатысу құқығы тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез-келген өзге жағдаяттарға қарамастан Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарына берiледi. Сот iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың референдумға қатысуға құқығы жоқ.
Азаматтар референдумға тең негiздерде қатысады және олардың әрқайсысы тиiсiнше бiр дауысқа не тең дауыс санына ие болады. Республикалық референдумға азаматтар ерікті түрде қатысып, жасырын дауыс береді.
Референдум тағайындау құқығы Президентте болады. Ол референдумды өз бастамашылығымен тағайындай алады. Сондай-ақ, Президентке референдум тағайындау туралы келесілер бастамашылық білдіруге құқылы:
1) Парламент
2) Үкiмет
3) сан жағынан Республиканың барлық облыстарын, астанасы мен республикалық маңызы бар қалаларын тең мөлшерде бiлдiретiн республикалық референдумға қатысу құқығы бар екi жүз мыңнан кем емес Республика азаматтары.
Республика Президентi Парламент пен Үкiметтiң немесе Республика азаматтарының бастамашылығы бойынша келесідей шешімдердің бірін қабылдайды:
1. референдум тағайындау туралы;
2. референдум өткiзбей-ақ, оның талқысына ұсынылатын мәселе (мәселелер) бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу, конституциялық заң, заң немесе өзге де шешiм қабылдау қажеттiгi туралы. Мұндай жағдайда мәселе Парламенттің қарауына беріледі.
3. референдум тағайындау туралы бастамашылықты қабылдамау туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
Әдетте, референдум оны өткiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр айдан ерте емес және үш айдан кеш емес мерзiмде өткiзiледi. Референдум қабылдаған шешiмнiң Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар және Республика Президентiнiң немесе мемлекеттiк өкiмет органдарының актiлерiмен қандай да бiр қуаттауды қажет етпейдi. Оның күші өзге актілерден жоғары. Ашып айтсақ, референдум қабылдаған шешiм мен Республика Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң арасында сәйкессiздiктер болса, ол сәйкессіздік Конституцияны, конституциялық заңдарды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi референдум қабылдаған шешiмге сәйкес келтiру арқылы жойылады. Тәуелсіз мемлекет тарихындағы алғашқы республикалық референдум Қазақстанда 1995 жылғы сәуір мен тамыз айларында өткізілді. Оларда Қазақстан Республикасының бүкіл халық сайлаған Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2000 жылға дейін ұзарту және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі мәселелер шешімін тапты.
Тікелей демократияның келесі нысаны - жиналыс, митинг, демонстрация, шеру, пикет өткiзу болып табылады. Республика Конституциясының 32 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы. Азаматтардың тиісті шаралар өткізуге қатысты құқықтарын іске асыру тәртібі «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 25 мамыр 2020 жылғы заңмен реттеледі. Тиісті заңда бейбіт жиналыс ретінде Қазақстан Республикасының азаматтары жиналыс, митинг пен демонстрация, шеру мен пикеттеу нысанында өткізетін жария іс-шаралар анықталады. Оған қоса, заңда аталмыш әрбір іс-шараға (демонстрация, жиналыс, митинг, пикеттеу, шеру) түсінік берілген. Тиісті шараларды өткізу үшін тиісті республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органына өтiнiш берiледi.
Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiңаты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген күні көрсетiледi.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, өзге де инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұ-мыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақса-тында, қажет болған жағдайда,өтiнiш жасағандарға шараны өткiзудiң өзге уақыты мен жерiн ұсынады. 
Егер жиналысты, митингiнi, шерудi,пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақ-саты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ ҚР Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық ма-ңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы бұларды өткiзуге тыйым салады.
Бұқаралық шараларды темiр жол су және әуе көлiгiнiң объектiлерiнде, сондай-ақ мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (қалалық қоғамдық көлiк, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында өткiзуге жол берiлмейдi.
Тікелей демократияның келесі бір нысаны болып жергілікті өзін-өзі басқару табылады. Жергілікті өзін-өзі басқару – бұл халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын тиісті Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет. Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөніндегі функциялар жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жүктеледі. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы муниципалдық құрылымның халқы жанама түрде жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қатысады, сөйтіп биліктің бірден-бір бастауы ретінде жанама түрде Конституциямен танылған билігін жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет