Пән: «Медбике ісі негіздері» Мамандығы: 09130100 «Мейіргер ісі» Біліктілік



бет56/116
Дата28.09.2022
өлшемі411,99 Kb.
#150994
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   116
Байланысты:
КЕШЕН 2021-2022Ж

1. Қатаң төсек тәртібі- ішкі мүшелердің қызметі және құрылысы зақымдалған ауыр халдегі пациенттерге қолданылады.Қимыл-қозғалыс шектеулі, күтім және емдік іс-шаралар төсекте жүргізіледі. Бұл мақсатта функциональдық төсек қолданылады. Функциональді төсектің негізгі мақсаты-емделушіге ең ыңғайлы функциональді жағдай жасау. Төсектің аяқ жағында немесе жанына орналасқан тұтқалар арқылы оның бас жағын көтеруге болады. Қажет болған жағдайда отыратын деңгейге дейін көтереді. Емделушінің аяқ жағының көтерілуін жастықтың немесе тізенің астына валик қою арқылы қамтамасыз етіледі. Емделушінің гигиенасына байланысты, іс-шаралар антисептик ерітінділерімен жүргізіледі, сонымен қатар терінің ойылу алдын-алу шаралары жүргізіледі.
2. Төсек тәртібі- төсекте бірқатар қимыл-қозғалыс жасауға рұқсат етіледі, белгілі бір уақытта отыруға, керует жанындағы сөреде тамақтану, дәрет ыдысына отыру.
3. Жартылай төсек тәрітібі- немесе палаталық тәртіп- емделушілердің қимыл-іс шаралары кеңейтіледі. Төсек жанындағы орындыққа отыру, бөлмеде тамақтану, палата ішінде жүру, дәрет алу, жуыну шараларына рұқсат етіледі.
4. Жалпы тәртіп- асханаға барып тамақтану, баспалдақпен көтерілу, аурухана ауласында серуендеуге рұқсат беріледі. Емделушілер өздеріне жеке қызмет жасайды.
Емделушілер қозғалыс белсенділігін сақтамаған жағдайда өміріне қауіп төнуі мүмкін, сондықтан мейірбике күтім барысында аурудың кезеңдеріне сәйкес белсенділік және тамақтану тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру қажет.
Ауру түріне байланысты емделушінің төсектегі жағдайы белсенді, пассивті, мәжбүрлі болып бөлінеді.
1. Белсенді жағдай- емделуші өзіне өзі қызмет жасай алады, еркін қозғалады.
2. Пассивті жағдай- енжарлық, әрекетсіз жағдай, ауру әсеріне байланысты аз, өзіне-өзі қызмет жасай алмайды. Күтімді көмекші немесе мейірбике жүргізеді, ес түссіз, параличі бар пациенттерге кездеседі.
3. Мәжбүрлі немесе амалсыз жағдай- өзіне мінездеме бере алады, өзін күтуге бар. Бұл емделушілер жағдайын жақсарту мақсатында өздеріне ыңғайлы бір төсектегі қалыпты таңдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет