Пән: «Медбике ісі негіздері» Мамандығы: 09130100 «Мейіргер ісі» Біліктілік


Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқасы № 14



бет55/116
Дата28.09.2022
өлшемі411,99 Kb.
#150994
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   116
Байланысты:
КЕШЕН 2021-2022Ж

Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқасы № 14

Тақырыбы: Бөлімшедегі емдеу - қорғау тәртібі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге білім алу барысында бөлімшедегі емдеу - қорғау тәртібін түсіндіру, алгоритм іс – әрекеттерін жетілдіру
Дамытушылық: Студенттердің тәжірибелік дағдыларын дамыту
Тәрбиелік: Студенттерді жауапкершілік, ұйымшылдық, жанашырлық, адалдық қасиеттеріне тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сабақты түсіндіру, сұрақ-жауап, үлестірмелі материалдармен жұмыс
Сабақтың уақыты: 50 мин
Сабақтың өту орны: № 304 кабинет
Пәнаралық байланыс: хирургия ісі, ішкі аурулар, физиология
Сабақтың жабдықталуы: таблицалар,плакаттар, сызбалар, залалсыздандрылған медициналық құралдар, стерильді қолғап, маска, арнайы құжаттар
Пайдаланылған әдебиеттер: «Мейірбике ісі негіздері» Сақтағанова А.А
Студент білуі тиіс: бөлімшедегі емдеу - қорғау тәртібін сақтаудағы іс – әрекет алгоритімін
Студент істей білуі тиіс: бөлімшедегі емдеу - қорғау тәртібін алгоритм бойынша жүзеге асыруды
Сабақтың хронокартасы мен құрылымдық – логикалық сызбасы
І. Ұйымдастыру бөлімі – 5мин.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру – 5мин.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру – 30мин.
IV. Жаңа сабақты бекіту – 5мин.
V. Қорытындылау – 3мин.
VI. Үй тапсырмасы – 2мин.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Студенттермен амандасу, оларды түгендеу
ә) Сабаққа даярлығын тексеру
б) Бас киім, халатын, бейджігін тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
а) Сұрау, қорытындылау
ә) Ашылмаған мәселелерді талқылдау


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Емдік сақтандыру тәртібі - емделушілердің физикалық және психикалық тыныштығын сақтауға бағытталған емдік - сауықтыру шаралары. Оның негізінде бөлімде науқастарға дұрыс ұйымдастырылған күтім, жағымды ауруханалық орта жасау, жарақаттаушы факторларды жою, науқастың уақытын дұрыс ұйымдастыру жатады. Бұл тәртіп келесі шараларды қамтамасыз етеді: Емделушінің психика сын сақтандыру тәртібін қамтамасыздандыру. Ішкі күн тәртібі ережесін қатаң сақтау. Рационалды физикалық белсенділік тәртібін қамтамасыз эту. Бөлімшеде тыныштықты сақтау керек, акырын сөйлесу керек, емделушілерге радио мен теледидарды қатты қоюға рұқсат берілмейді, кіші медицина қызметкерлерінің бөлмелерді жинау барысында, күндізгі және кешкі демалыс уақытындағы тыныштықты бұзбау керек. Емделушілерден бөлімшедегі күн тәртібінің сақталуын талап эту керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет