Пән: «Мейіргер ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 "Мейіргерлік іс"\ 0301000 – «Емдеу ісі» Біліктілігі



бет7/50
Дата29.12.2021
өлшемі136,12 Kb.
#106131
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50
Байланысты:
раб.тетрадь Дәрілік ем ТИПО2

Жарамсыздық белгілеріне жатады:

  • Залалсыз/стерилді/ ерітінділерде - түсінің, мөлдірлігінің өзгеруі, үлпектердің болуы;

- түнбалар, қайнатпаларда майлану, түсінің өзгеруі, жағымсыз иістің пайда болуы;

- үнтақтар, түймедақтар түсінің өзгеруі.



Мейірбике қүқығынсыз:

- дәрілердің формасы мен қорапшаларын өзгертуге;

- түрлі қорапшалардағы бірдей дәрілерді бір қорапшаға біріктіруге;

- дәрілердің этикеткасын ауыстыру және жөндеуге;

- дәрілерді этикеткасыз сақтауға.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеументтік даму министірінің 2015жылғы 26 қантардағы №32 бұйрығы

«Қазақстан республикасында бақылауға жататын есірткіні,психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсатта пайдалану қағидаларын бекіту туралы»


  1. Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды бас дәрігердің қолы мен мөрі басылған, латын тілінде жазылған, бөлек талап ету құжаты бар дәріханадан алынады.

  2. Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды сақтайтын сейфтің есігінің ішкі бетінде қолданылатын препараттардың тәуліктік дозалары көрсетілген тізімі болады.

  3. Сейф кілті кезекші медбикеде сакталады және кезекпен беріліп отырады.

  4. Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар - сандың есептен өткізеді.

  5. Емделушіге құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды дәрігердің нүсқауы бойынша және оның қатысуымен ғана енгізеді.

  6. Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды енгізу туралы сейфте сақталатын есірткілік заттарды есептеу журналында және науқастың ауру тарихына жазу қажет.

  7. Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың есептеу журналының барлық беттерін нөмірлеп, бау өткізіп, баудың бос үштарын журналдың соңғы бетіне қағазбен жабыстырады. Бүл қағазда журнал беттерінің саны көрсетіліп, ЕПМ басшысының немесе оның орынбасарының қо­лы мен мөрі қойылады. Әрбір дәрілерді есептеу үшін бөлек беттер бөлінеді.

Ауру тарихында есірткілік дәріні енгізу күні мен уақыты жазылады. Астына дәріні енгізген медбике мен дәріні тағайындаған дәрігердің қолы қойылады.

Ауру тарихындағы жазу үлгісі:

9.00. Ауырсынуды басу мақсатымен 1% промедолдан 1 мл бұлшың етке егілді.

Медбике: Иванова И.А.

Дәрігер: Романова П.А.

8. Дәрілік заттан босаған ампулаларды тастамайды. Оларды жинап,қолданылмаған ампулалармен бірге қояды. Соңында бос ампулалар аға медбикеге тапсырылады.

9. Сейф кілтін беру кезінде қолданылмаған және бос ампулалардың нақты санын есептеу журналындағы жазумен сәйкестігін тексереді. Кілтті берген және алған кезде журналға қолдарын қояды. Дәрілік заттан босаған ампулаларды аға медбике ЕПМ басшысы бекіткен арнайы комиссия акті бойынша тапсырады. Ампулалар комиссияның көзінше жойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет