1.3. Дәрі-дәрмектерді қабылдау жолдары мен тәсілдері
Дәрі-дәрмекті ағзаға енгізу жолдары
энтералды
|
сыртқы
|
бұріккен
|
парентералды
|
ауыз арқылы
тіл асты
тік ішек
арқылы
|
1) теріге
2) шырышты:
- көзге
-қүлақ
-мүрын
-қынап
|
1) тыныс
Жолдары арқылы
|
тері ішінде
тері астына
бұлшық ет ішіне
тамырға
күретамырға
қуыстарға
сүйек ішіне
субарахнойдалдың кеқістікке
|
І. Энтералды енгізу жолдары
Энтералды жол деп - дәрі-дәрмекті асқазан ішек трактісі арқылы енгізу:
1) Ауыз арқылы – Пероралды енгізу жолдары
2) Тіл асты - Сублингвалдық арқылы енгізу
3)Тік ішек арқылы - Ректалды енгізу жолдары
1. Пероралды енгізу жолдары / реr os/
Дәріні ауыз арқылы қабылдау кең таралған. Дәріні ауыз арқылы қабылдағанда, ол баяу, аш ішекте сіңіріліп, қан тамырлары арқылы бауырға түседі / жартылай иннактивацияға ушырайды/, жалпы қан айналымына қосылады да жалпы әсер көрсетеді.
Дәрілік формалар:
-таблеткалар
-капсулалар
-ұнтақ, драже, пилюля
-тамшылар
-экстрактілер, тұндырмалар
-сироптар
Дәрілік заттын әсері 15-30 минуттан соң басталады.Дәрігер дәрілік затты дозамен тағайындайды.
Доза дегеніміз – адамның жасына, салмағына байланысты тағайындалатын бір реттік қабылдауға алынатын заттың мөлшері
(миллилитрмен-мл, граммен –гр, әсер ету бірлігі - Б)
Тағайындалатын дозалар:
бір реттік доза –бір қабылдауға
соққы (ударная, максималды) доза – бір рет қолданудағы максималды доза
тәуліктік доза- бір тәуліктегі қабылдау
курстық доза-бір емдік курсқа арналған доза
Ауыз арқылы енгізудің жағымды жайлары:
1.Бүл жолмен әр түрлі көлемдегі дөрілерді қабылдауға болады (үнтақ, түйме дәрі, пилюла, таблетка, қайнатынды, микстура, қайнатпа, экстрактар түрінде).
2.Жай және ыңғайлы қабылдауға.
3.Залалсыздандыруды талап етпейді.
4.Арнайы дайындалған көмекшілерді талап етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |