Пән: Мектепке дейінгі инклюзивтік білім беру Практикалық сабақ жоспары



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі17,56 Kb.
#82537
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
ибб прак


Пән: Мектепке дейінгі инклюзивтік білім беру
Практикалық сабақ жоспары:
1.Инклюзивті мектепке дейінгі мекемелерде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған пәнді дамытып, қоршаған ортаны ұйымдастыру.
2.Ерекше қажеттіліктері бар балалармен жүргізілетін сабақтардың технологиялық карталарын, оқу жоспарын, оқу бағдарламаларын құрастыру.

1 тапсырма
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айрықша орын бөлінген. Бұл балаларға қатысты біздің алдымызда тұрған негізгі міндет – олардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне, қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға бірдей білім беру орталықтарына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды.
Инклюзивті білім беру саласында әлеуметтік педагогтың,психологтың,дефектолог маманның ролі ерекше.Бұл саладағы оқушылар ерекше назарда болады.Даму мүмкінділігі шектеулі балалардың кейбіреулерінде өзіндік қабілет,ерекшелік бар.Мысалы:кейбіреулері би билеуге,спортқа,сурет салуға қызығады,осындай қызығушылығы мол балаларды әрі қарай дамыту әлеуметтік педагог пен әрбір мұғалімнің міндеті.
Инклюзивті білім беру - барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге,жынысына,шығу тегіне,дініне,жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға,ата –аналарын белсенділікке шақыруға,баланың түзету – педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау,қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру,яғни,жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда:
- жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары;
- мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары;
- мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірбие көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.Инклюзивті оқыту- адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет