Пән: Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу Оқытушы: Нәбиева Шынар Қайырғазиновна Топ- п2Б(9) Курс 2



бет1/4
Дата08.11.2023
өлшемі24,89 Kb.
#190051
түріЛекция
  1   2   3   4
Байланысты:
2944116482750 2944796556798 П2Б-9 03.04.20


С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті Жоғары Колледж
Пән: Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу
Оқытушы: Нәбиева Шынар Қайырғазиновна
Топ- П2Б(9)
Курс 2
Күні: 03.04.20
Уақыты: 8.30-10.00
Мамандық: «Құқықтану»
9 сабақ
Сабақ тақырыбы: Сенімхат, Қолхат құжаттары.
Жоспар:
1. Сенімхат, қолхат туралы түсінік
2.Сенімхат, қолхат мазмұндық- құрылымдық жүйесі

Мақсаты:Сенімхат, қолхат туралы түсіндіру, білімдерін кеңейту. Адамгершілікке, эстетикалық талғамын арттыруға патриаттық сезімге, дүниетанымдылыққа тәрбиелеу. Қосымша материалдар арқылы инттеллектуалдық деңгейін көтеріп, білім алушының пәнге қызығушылығын арттыру.

Лекция мәтіні: Сенім хат –сенім білдіретін тұлғаға сенім білдіруші атынан (кәсіпорын,азамат) қандайда бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқық беретін құжат. Сенімхат екі түрі болады:

  • мекеме атынан берілетін ресми сенімхаттар

  • жеке тұлға атынан берілетін жеке сенімхаттар.

Ресми сенімхаттар мекеме өкіліне сол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін беріледі. Ресми сенімхаттар мекеме бланкісінде рәсімделеді. Жеке сенімхаттар жеке тұлға атынан беріледі. Онда сенім білдіруші сенім білдірілген тұлғаға өзінің орнына:
- жалақы, жәрдемақы, зейнетақы, хат-хабар, құжаттар алуға;
- өтініш жазуға;
- қол қоюға;
- пәтер сатуға және сатып алуға;
- пәтерді жеке адамдарға жалға беруге;
- машина жүргізуге
- банктегі есептерді пайдалануға;
- барлық мекемелерде іс жүргізуге;
- сот мекемелерінде оның өкілі болуға құқық береді. Сенімхаттар белгілі бір мерзімге беріледі. Егер оның мерзімі көрсетілмесе, берілген күннен бастап бір жылға дейін өз күшін сақтайды. Ал егер берілген күні көрсетілсе, мерзімнің аяқталуына байланысты ол өз күшін жояды. Сенімхаттар нотариалдық кеңседе куәландырылады. Нотариалдық кеңседе сенім білдірушінің жеке басы анықталады, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексеріледі. Сосын сенімхат мәтіні дауыстап оқылып, тізбеге тіркеледі, тиісті мемлекеттік салық алынады және нотариустың қолы қойылады, кеңсенің мөрі басылады.
Сенімхаттың құрылымы:
Ең алдымен жолдың ортасына «Сенімхат» деген сөз жазылады.
Сосын айы, күні жылы және мекен жайы көрсетіледі. Содан кейін азат жолдан сенімхаттың мәтіні жазылады. Онда сенім білдірушінің және сенім білдірілген тұлғаның аты-жөні, мекенжайы, жеке басы куәлігінің нөмірі мен берілген орны және орындалуға тиісті іс-әрекет жазылып, сенім білдірушінің қолы қойылады. Осыдан кейін сенімхат нотариалдық кеңседе куәландырылады.

ҚОЛХАТ– белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алыс-берісін куәландыратын, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Құжаттың бұл түрлері міндетті түрде мөрмен бекітіліп, құқықтық сипатқа ие болады.
Қолхатта ең алдымен қолхат беруші және қолхат алушының аты-жөні, мекенжайы, жеке куәліктерінің нөмірі және қолхат берушінің не алғаны жазылады. Содан кейін қолхат берушінің міндеттемелері көрсетіледі. Қолхат үш дана етіп жасалып, нотариалдық кеңседе куәландырылады. Бір данасы сол кеңседе, екінші данасы қолхат берушіде, ал үшінші данасы қолхат алушыда сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет