Білім беру жүйесінің ағымдағы жай-күйін талдау
Қазақстан Республикасындағы мемлекет басшылығының адам капиталын дамытудың маңыздылығы мен қажеттілігін және білім беру жүйесін реформалауды бастау мен жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуінің нәтижесінде білім беруді прогрессивті дамыту мен модернизациялау мүмкін болып отыр.
Білім беру ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» Стратегиясының негізгі приоритеттерінің бірі болып отыр. Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады. Қазақстан Президенті әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына республиканы кіргізу туралы мақсат қойған болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруда білім беру жүйесін дамыту маңызды роль атқарады.
Жаңа мақсаттарды шешу үшін Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Қазақстан балалары» бағдарламасы секілді бірқатар бағдарламалық құжаттар мен нормативті актілер қабылданды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жас дарынды қазақстандықтарға әлемдегі үздік университеттерде білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» бағдарламасы еліміздегі адам капиталының дамуына қосылған елеулі үлес болды.
Қазақстан қазіргі уақытта білім беру, адам мен бала құқығын қорғау саласындағы барлық негізгі халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл жоғары білім саласындағы жалпыға бірдей адам құқықтары Декларациясы, Балалар құқығы туралы Конвенция, Халықаралық адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары Декларациясы, Болон және Лиссабон Конвенциялары және басқалар. Джомтьен мен Дакардағы «Баршаға арналған білім» Дүниежүзілік форумының ұсынымдарын қолдау және жүзеге асыру мақсатында Қазақстан «Баршаға арналған білім» атты Ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдады.
Ақпарттың, интеллектуалды өнімнің және идеялардың еркін қозғалысы жаһандандырудың бір факторы, сонымен қатар нәтижесі болып табылады. Жалпы тәуелсіздік алған жылдары ескі стереотиптердің шайқалуы мен жаңа демократиялық құндылықтардың және жаңа саяси және құқықтық мәдениеттің қалыптасуына байланысты қазақстандықтардың көпшілік көзқарасы өзгерді. Жас ұрпақ жаңа идеяларға ашық, жаһанша және болашақ санатында ойлайды.
БҰҰДБ мәліметі бойынша Қазақстандағы сауатты тұрғындар 99,6 %-ды құрайды. Қазақстандықтардың білімнің құндылығын түсінуі, білімге, жаңа білуге ұмтылуы, дамуға және шыңдалуға дайындығы маңызды ресурс болып табылады.
Жеке тұлғаның дамуының, мәдениаралық алмасулардың, пікірін еркін білдірудің, жаңашыл жобаларды, шығармашылық ойларды іске асырудың түпқазығы ретінде Қазақстанда қолайлы орта қалыптасқан. Бұл, өз кезегінде, жас ұлттың талаптары мен қызығушылығына барынша жауап беретін білім берудің прогрессивті жүйесін қалыптастырумен анықталады. Осылайша Қазақстанның қазіргі даму кезеңде білім беру негізгі роль атқарады.
Еліміздің қазіргі әлемдегі орны адам капиталының сапасымен, білім берудің жай-күйімен және өнідірісте техника мен ғылымды пайдалану деңгейімен анықталады. Технологияның дамуы жаһанданудың катализаторы және еліміздің бәсекелестік басымдылығы дамуының маңызды факторы болып табылады. Қазіргі білім мен технологияларға негізделген экономика жоғары технологиялы қоғам құрудағы сапалы жаңа өзгерістерге жетудегі табыстың кепілі болып табылады.
Қазіргі заманғы технологиялар ақпараттарды жылдам және сапалы беру мен қайта өңдеуге мүмкіндік береді, бұл, өз кезегінде,елдің алдағы тұрақты дамуының маңызды факторы болып табылады.
Қазіргі кезеңде елімізде жаңа инновациялық инфраструктураны құру, сонымен қатар, барын дамыту мен пайдалануға барлық мүмкіндік бар. Қазіргі заманғы ақпараттық- телекоммуникациялық технологияларды және басқа да ғылыми технологияларды дамытуға, оларды ғылыми-техникалық қызметке және өндіріс процесіне ендіру жалғастырылуда. Жоғары технологиялық өндірісті дамытуға ықпал ету, технология трансферттерін ұйымдастыру мақсатында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырушылық жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыруды үлестіру жүзеге асырылуда.
Үлкен ара қашықтық секілді кедергіні жеңетін, ақпаратты көпшілік тұрғындарға қолжетімді ететін, ал білімді беруді жылдам және тиімді ететін қазіргі заманғы технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануды ескере отырып, білім беруді қаржыландыру арқылы адам капиталын сапалы дамыту секілді реалды қол жеткізуге мүмкін мақсаттар бар.
Бүгінде Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижесіде білім берудің барлық деңгейі тиісті ұйымдар жүйесімен институционалды қамтамасыз етілген. Білім берудің құрылымы ЮНЕСКО-97 халықаралық стандарттар жіктеуішіне сәйкес келтірілді. 12 жылдық оқытуды енгізу үшін жағдайлар жасалуда. Техникалық және кәсіптік білім қайтадан қалпына келтірілді. Бакалавр-магистр - Ph.D докторы үш деңгейлі мамандарды даярлау енгізілді. 2009 жылы іріленген мамандықтар топтарын құрайтын Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандар жіктеуіші бекітілді.
Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі құрылды. Ол тәуелсіз сыртқы бағалаудың барлық элементтерін (лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, рейтинг, бірыңғай ұлттық тестілеу (бұдан әрі- ҰБТ), мемлекеттік аралық бақылау (МАБ), түлектерді кешенді тестілеу және басқалары) қамтиды.
Барлық облыстарда білім беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесі енгізілуде.
Достарыңызбен бөлісу: |