Білім беру жүйесін басқарудың жалпы қағидалары
Кез келген іс-әрекет сияқты, басқару да бірқатар қағидаларды ұстануға негізделе отырып жүргізіледі.
Басқару қағидалары басқару заңдылықтарының нақты байқалуы мен бейнелеуі болып табылады. Мектепішілік басқару мен менеджмент бойынша мамандар негізгі заңдылықтар ретінде оқу-тәрбие жұмысының басқару жүйесі қызметі тиімділігінің басқару объектілері мен субъектілері арасындағы құрылымдылық – функционалдық байланыс деңгейіне тәуелділігі, оқу-тәрбие жұмысын басқару мазмұны мен әдістерінің мектептегі педагогикалық үрдісті ұйымдастыру мазмұны мен әдістері сипатымен шарттылығын атап көрсетеді. Ю.А.Конаржевский мектепішілік менеджменттің жетекші заңдылықтары ретінде аналитикалықты, мақсаттылықты, ізгілікті, басқару демократиялығы мен мектеп жетекшілерінің әр түрлі басқару іс-әрекетіне дайындығын атап көрсетеді. Басқару заңдылықтарынан шығатын қағидалар мектеп жұмысын басқарушылар үшін негізгі қағидалар ретінде қызмет етеді. Басқарудың мұндай жалпы қағидаларына жататындар: педагогикалық жүйелерді басқаруды демократизациялау мен ізгілендіру; басқарудағы жүйелілік пен тұтастық; орталықтандыру мен таратуды (деуентрализация) ұштастыру; бірыңғай және алқалық басқару бірлігі; педагогикалық жүйелерді басқарудағы ақпараттар объективтілігі мен толықтығы.
Білім мекемелеріндегі міндетті қызмет атқарушылардың
функционалдық міндеттері
Оқу мекемелерін басқаруда басты рөлді – мектеп директоры, ал оқу-тәрбие үрдісін басқаруды директор және оның орынбасарлары атқарады. Директордың функционалдық міндеттері жалпы блім беретін мекемелердің типтік қағидаларында көрсетіледі.
Мектептегі жұмыстың жекелеген бағыттары бойынша жұмыс директордың орынбасарына жүктеледі. Бұлар оқу-тәрбие жұмысы орынбасары, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы, профильдік сыныптар немесе жекелеген пәндерді тереңдете оқыту сыныптары бойынша орынбасары, шаруашылық жөніндегі директордың орынбасары болып бөлінеді. Соңғы жылдары мектептерде ғылыми жұмыстар бойынша директордың орынбасары, әлуметтік-педагогикалық реабелитация жөніндегі директордың орынбасары, коммерция бойынша орынбасарлары міндетті қызметті қызметтерін атқарушылар да тағайындалады.
Мектепішілік бақылаудағы педагогикалық талдау.
Тұтас педагогикалық үрдісті басқарудың маңызды бір функциясы педагогикалық талдау болып табылады. Басқару және мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекеті тиімділігі мектеп жетекшісінің педагогикалық талдау әдістемесін меңгеруі дәрежеіне байланысты.
Мектеп директоры іс-әрекетінде талдау дұрыс жүргізілмесе, ол қойылған мақсат, міндеттердің толық орындалмауына алып келуі мүмкін.
Педагогикалық талдау параметрлік, тақырыптық және қорытынды талдаулар болып бөлінеді.
Параметрлік талдаулар білім беру үрдісі ақпараттары негізінде байқалатын құбылыстардың себеп-салдарын анықтауға мүмкіндік береді. Параметрлік талдау жасауда мектеп директоры мен оның орынбасарлары сабақтарға және сыныптан тыс сабақтарға қатысуды жоспарлайды. Параметрлік талдау нәтижелерін тіркеп, оларды жүйелеу және саналы меңгеру тақырыптық педагогикалық талдауға өтуді негіздейді.
Тақырыптық талдау педагогикалық үрдістердің өзіндік компоненттері бойынша іс-әрекет барысында алынған нәтижелерді талдау барысында тұрақты, қайталанып отыратын байланыстарды, тенденцияларды анықтауға ықпал етеді. Параметрлік талдау бір сабақ немесе бір тәрбиелік шаралар бойынша жүргізілетін болса, тақырыптық талдау сабақтар немесе шаралар жүйесі бойынша жүргізіледі.
Қорытынды талдау тоқсан, жартыжылдық, оқу жылы соңында жүргізіліп, негізгі нәтижелерді анықтауға бағытталады.
Педагогикалық талдаудың негзігі объектілерінің бірі – сабақ болып табылады. Сабақты талдау толық, қысқы және аспектілі талдаулар болып бөлінеді.
Сабақты толық педагогикалық талдауда сабақтың барлық элементтері мен мүмкіндіктері қамтылады. Мұндай талдаулар еңбек жолын жаңа бастаған мұғалімдердің немесе проблемалы мұғалімдердің жұмысын талдауда қолданылады.
Сабақты қысқа талдау мұғалім тұлғасын, әдістемелік және басқару ерекшеліктерін жақсы білуді қажет етеді.
Аспектілік талдау сабақтың белгілі бір аспектісін зерттеуге бағытталады. Сонымен бірге мектеп директоры тәрбиелік шараларды да талдауға көңіл бөлуі қажет.
Мектепті басқару функциялары.
Кез келген педагогикалық жүйені басқару мақсат қоюшылық пен жоспарлау (шешім қабылдау)
5-Тақырып: Нарықтық экономика жағдайындағы оқу орындарының даму стратегиясы.
Мақсаты: Білім беру мекемелері қызметін таңдау жолдарымен танысу. Білім беру мекемелерінің стратегиялық даму жоспарларымен танысу. Нарықтық экономика жағдайындағы оқу орындарының даму стратегиясымен таныстыру.
Негізгі ұғымдар: Стратегия, даму жоспарлары, маркетингтік зерттеулер.
Жоспары: Білім беру мекемелері қызметінің басымдық бағыттарын таңдау. Білім беру мекемелерінің стратегиялық даму жоспарларын жасау. Оқу орындарының стратегиялық дамуына сыртқы ортаның әсері. Білім беру мекемелерінің стратегиялық даму жоспарын айқындаудағы маркетингтік зерттеулердің рөлі.
Халықаралық тәжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейінгі адам капиталына, оның ішінде, білім беруге бөлінген инвестицияның қоғам мен экономикаға елеулі әсер ететінін көрсетіп отыр.
Бай минералды ресурстар, қолайлы жағдайлар, нарықтық қарым-қатынастарды дамыту және мұнай экспортынан түскен жоғары табыстар нәтижесінде Қазақстан экономиканың жоғары қарқынмен өсуін сақтап қалды. Минералды ресурстарды игеру бүгінгі күнге дейін орасан зор мүмкіндікті және орта- және ұзақ мерзімді кезеңде қолайлы өсу перспективасын сақтауды қамтамасыз етіп отыр.
Алайда, үнемі өзгеріп отырған экономикалық жағдайлар ұлттың ұзақ мерзімді экономикалық дамуын қамтамасыз ете аламайды. 2020 жылдан бастап мұнайды өндірудің физикалық көлемі өсуді тоқтатады немесе тіпті төмендейді. Экономиканы көтеру шикізаттық емес өндірісті өсіру негізінде қамтамасыз етілетін болады.
Экономикалық гүлденудің ұзақ мерзімді негізі және өмір сүру деңгейінің ең негізгі көрсеткіші өндірістің тұрақты дамуы болып табылады. Ол экономика белгілі деңгейінде пайдаланылатын ресурстарды бар ресурстарды интенсивтірек, тиімдірек немесе шығармашылықпен қолдану есебінен көбірек өндіргенде жүзеге асады. Өндіріс өсуінің негізгі бөлігінің бірі адам капиталына бөлінген инвестицияның сапасы мен деңгейі болып табылады.
Адам капиталына инвестиция бөлу тез өзгеретін әлемге бейімделе алатын техникалық дамушы, өндіруші жұмыс күшін қалыптастыру үшін өте қажет. Болашақтың табысты экономикасы адам капиталы мен барлық сектордағы дәстүрлі ерекшеліктерді қоса алғандар бола алады. Сондықтан жұртшылықтың білім, білік және дағдыларына қаржыландыру Қазақстанды дамытудың негізгі бағыты болып табылады. Бүгінде білім беруді жай ғана әлеуметтік қажеттілікке жұмсалатын шығыс емес экономикалық инвестиция деп түсіну қажет.
Білім беру мен экономикалық дамуды байланыстырушы көптеген дәлелдер бар:
- макро және микроэкономикадағы халықаралық зерттеулер білім беру, табыс пен өндірушіліктің тығыз байланыста екенін көрсетіп отыр. Оқытудың ерте кезеңіндегі инвестицияның үлкен қайтарымы болатынын көрсететін байланыс бірізді болмайды.
- зерттеулер білімді экономика тұрақтырақ болатынын, білім беруді дамытуға жұмсалған қаржының ол сауаттылық кезеңіндегі фокус болсын немесе оқытудың орташа ұзақтығын жақсарту болсын өте маңызды екенін дәлелдеп отыр. Білім беруді қаржыландырушы мемлекеттердің экономикалық өсу көрсеткіштері де жоғары. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының зерттеулері (бұдан әрі - ЭЫДҰ) еңбекке қабілетті жастағы тұрғындардың орташа білім деңгейін 1 жылға арттырудың экономиканың 3-6%-н және экономика өсу шапшаңдығының 1%-ға артатынын дәлелдеп отыр.
Осыған орай жаңа ұлттық көзқарас ұсынылады: 2020 жылға дейін Қазақстан – білімді мемлекет, ақылды экономика және жоғары білікті жұмыс күші. Білім беруді дамыту мемлекеттің экономикалық гүлденуінің негізі болуы керек.
Қазақстанға білім беруді түбегейлі модернизациялау қажет: ауқымды және тұрақты білім беруді және оның сапасын жақсартуды инвестициялау көлемін арттыру.
Экономикалық табыстармен қатар білім беру басқа да әлеуметтік табыстарды қалыптастырады. Азаматтық қатысудың үлкен үлесін, жоғары әлеуметтік тығыздылық және интеграцияны, төменгі деңгейдегі құқық бұзушылықты қамтитын қоғамның – әлеуметтік капиталдың қалптасуына ықпал етеді. Ең ерте жастағы білім беру әлеуметтік, эмоционалды және басқа да өмірге қажетті біліктердің қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
Білім беру қызметінің барлық спекторының алдағы дамуы пайдасының дәлелді аргументтері осында.
Қазақстандық білім беруді жаңғыртуды жалғастыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан кейін – Бағдарлама) Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын жүзеге асырудың ұйымдастырушылық негізі болуы тиіс.
Бағдарлама білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушы негізі ретінде білім берудің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық формаларының және экономикалық-қаржылық механизмдерінің құрылымындағы, мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді құрайтын ресурстары мен мерзімі бойынша бір-бірімен байланыстағы шаралар кешені болып табылады.
Аталған элементтердің әрқайсысының автономды дамуы білім беру жүйесінің мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі кезеңдегі деңгейіне көтерілуіне мүмкіндік бермейді.
Одан басқа, Бағдарлама шараларын жүзеге асыру салааралық мазмұнға ие және бірыңғай білім беру саясатын жүргізуге мүмкіндік беретін, бірыңғай білім беру және ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды, білім беру жүйесінің өңірлік дамуындағы сәйкессіздік мәселелерін қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің барлық субъектілеріне бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |